Сабақтың тақырыбы: Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. Ғұндар тарихы (5 сынып) Cабақтың мақсаттары



Дата07.05.2017
өлшемі53,85 Kb.
түріСабақ
Павлодар облысы Ақсу қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебінің

Джамалбаева Қалдыгүл Сағынтайқызы тарих және құқық пәнінің мұғалімі.


Сабақтың тақырыбы: Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.

Ғұндар тарихы (5 сынып)


Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.

Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын көрсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.

Дамытушылық: Мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білуге, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі:Ауызша баяндау,топпен жұмыс,7 модульді қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта; тапсырмалар, слаид –шоу;

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды тоқа бөліп отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:    Дұрыс па, бұрыс па? ойыны ( слайдта гүлдердің  астында жасырылған  сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс болса, дұрыс екенін, бұрыс болса бұрыс жауабын айтып жауап береді)

Қойылатын сұрақтар:    1. «Тарих атасы» Геродот сақтарды «скифтер» деп жазды.(дұрыс)  2. Кир патшаның сақтарға жасаған жорығы б.з.б.520 жылы болғаны белгілі. (бұрыс, б.з.б.530 жылы) 3. 1-ші «Алтын киімді адамды»  1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог К.Ақышев тапқан. (дұрыс) 4. Алтын киімді адам 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендендірілген. (дұрыс) 5.«Алтын  киімді адамның» жас шамасы 15-16 –да болған. (бұрыс, 17-18 жаста болған) 6.  Бас киімінің биіктігі 70 сантиметр болған.(дұрыс) 7. Сақтар мал шаруашылығында шошқа мен ешкі өсірген. (бұрыс, жылқы,қой,түйе, ірі қара өсірген.) 8. Сақтар аруақтарға,жылқыға,отқа және күнге табынды.(дұрыс) 
ІІІ. Жаңа тақырыпқа шығу үшін оқушылар сөзжұмбақ шешеді.

Сабақтың мақсатымен жоспары мен таныстырып өту (слайд арқылы)



Жоспары:

  •  Ғұн атауы.

  • Ғұн мемлекетінің өрлеуі (Мөде)

  • Ғұндардың көршілерімен саяси байланысы.

  • Ғұндардың шаруашылық өмірі, тұрмысы.

  • Ғұн мәдениеті.

3 топқа тақырыпты ашу үшін жоспарды бөліп беру. Оқушылар тақырыпты ашып постерге салады, кейін постерді қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды.

Б.з.б.  1 мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігінде Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияны  көптеген тайпалар мекендеген. Солардың бірі ғұн тайпасы. Қытай  деректерінде ғұндар туралы б.з.б. 3 ғасырдың аяғынан бастап айтылады. Ғұн сөзі сунну, гун руң, хун ю т.б. атаулармен берілген.

Ғұндар кезеңі:  б.з.б 4 ғасыр б.з 3 ғасыры аралығын қамтиды

Орналасқан жерлері, территорияларын картадан көрсету

Сол қанат




Оң  қанат




Орталық қанат

Ғұн мемлекетінің әскери жүйесі

Мемлекеттің ең жоғарғы басшысы –шаньюй деп аталды. Одан кейінгі орында түменбасылар шаньюйдің жақын- туыстары тұрды.  Ғұндар 24  рудан тұрған. 24 түменбасы , олардың әрбіреуінде 10 000 атты әскері болған.



Шаньюй




24 түмен басы

Әрбіреуінде  (10 000 атты әскер)




мыңбасы




жүзбасы




онбасы

 ғұндардың қанша әскерлері болғанын шамамен  есептеп шығарыңдар: 241 110 әскері болған.     жылына 3 рет аксакалдар кеңесі болып тұрды.  Б.з.б. 3 ғасырда Цинь патшалығы солтүстіктегі көршілерінен қорғану мақсатында Ұлы Қытай қорғанын салды. Сендер Ежелгі дүние тарихынан  бұл туралы Ежелгі Қытайды өткенде оқыдыңдар                                                                                 

  – Қорғанның биіктігі қанша, ұзындығы қанша?

-           Қорғанның үстінен қанша адам, немен жүре алады дедік?

-           Жаудан қорғану үшін  60-100 метр сайын нелер орналастырылды?



Ғұн тайпасының бір мемлекетке бірігіп, күшейген кезі б.з.б. 2-ғасырмен 1 ғасыр аралығында Мөденің билік тұсында болды. Оның жасаған әскери реформалары арқасында Ғұн мемлекеті қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-банды да жеңіп байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзені орта ағысына дейінгі аралықты иемденді.үйсін,  қаңлы,алан.т.б. тайпаларды басқарды

б.з.б. 1-ғасырдың ортасында, яғни б.з.б 55 жылы

Оңтүстік -Хань әулеті қол астында




Солтүстік- Чжи-чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа қарай жылжыды. 1ғ аяғында

Ғұндар қаңлылармен бейбіт келісімде болды, бірақ тұрақтап тұрмай б.з.б   2 ғасырдан бастап б.з. 4-ғасыры аралығында Батыс Европаға дейін қоныс аудара бастады.

Бекіту кезеңі:

  1. Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?

  2. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған?

  3. Аманат дегеніміз не?

  4. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?

  5. Ғұн қоғамында жоғары билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды?

  6. Б.з.б. 188 жылы болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?

  7. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді?

  8. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?

  9. Ғұндардың баспанасы не болды?

Сәйкестендір:

  • Ғұндардың билеушісі Аттила

  • Ғұндардың тілі Шаньюй

  • Еуропаға жорық жасаған ғұн билеушісі Түрік

  • Мемлекет билеушісінің титулы Мөде

Сабақты қорытындылап, топтар өзін және бір –бірін бағалайды.

Үйге тапсырма:

Параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалар негізінде тақырыпты оқып келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу