Сабақтың тақырыбы: «Формулалар» тақырыбына есеп шығару Сабақтың мақсаты



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#29964
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

Ақтау қаласы, №11мамандандырылған физика-математика мектебінің математика пәні мұғалімі Асылбаева Маржан Мурзагалиевнаның «Топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбындағы шеберлік сабағының қысқа


мерзімді жоспары








Сыныбы:

5 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Формулалар» тақырыбына есеп шығару

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар тіктөртбұрыштың периметрін, ауданын, тікбұрышты параллелепипедтің көлемін формула бойынша дұрыс есептеуге үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы тапсырманың қалай орындалғанын көрсетеді;

  • Топтық жұмыста белсенділік және ынтымақтыстық қалыптасады;

  • Алған білімін өмірде қолдана алады.

Оқыту әдістері:

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері (шағын топтарда), сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, АКТ

Сабақтың түрі:

Топтық жұмыс

Мазмұны, мақсаты, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
Оқушылар сабақ барысында фигуралармен жұмыс жасайтын болғандықтан, геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөлу, топбасшыларына бағалау парақшаларын үлестіру.

Оқушылар «Периметр», «Аудан», «Көлем» болып үш топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлайды.

Формативті бағалау (бірін-бірі қошеметтеу)

Фигуралар суреттері

Қызығушылығын ояту(8 мин)
Тест және сәйкестендіру арқылы оқушылардың жеке тапсырма беріп, қызығушылығын арттыруға жұмыстану.

1.Үй тапсырмасын тексеру(тест тапсырмалары)
2.Сәйкестендіру.
S=a∙b


P=2(a+b)


V=a^3


P=a+b+c


V=a∙b∙c


P=4a


S=a^2



Әрбір оқушы өздеріне берілген тест тапсырмаларына өз жауаптарын береді және фигуралар мен формулаларды сәйкестендіреді.

Формативті бағалау.


Жауап берген оқушылар смайликтер алады.

Интерактивті тақта және тышқандар.

Мағынаны ашу (12 мин)
Оқушыларды күнделікті тұрмыста кездесетін есептерді шығаруда формулаларды қолдана білуге үйрету.

1.Суретте қанша шаршы бейнеленген?
2.Бөлменің көлемін табуға беріледі.
Суретте биіктігі 2 м үш бөлмелі үйдің өлшемдері берілген. III бөлменің көлемін тап.
. Берілген фигураны сырлауға қанша сыр кететінін табуға берілген есеп.
Қаңылтырдан төрт бірдей шаршы қиып алғаннан кейінгі қалған фигураның:
а) периметрін; б) ауданын; в) 1м2 қаңылтырға сырлауға 15г сыр жететін болса,онда осы фигураның екі жағын сырлауға қанша сыр кетеді?

Есеп шығару барысында:
1.Оқушылар тапсырма бойынша түсінгендерін жұппен және топпен талқылайды. Жауабын айтады.
2.Оқушылар жұппен және топпен талқылап, қалай есептегенін тақтаға шығарып көрсетеді.
3. Оқушылар жұппен және топпен талқылап, қалай есептегенін тақтаға шығарып көрсетеді және ауызша айтады.

Формативті бағалау.

Топбасшысы дұрыс жауапқа смайликтерді таратады.



1.Оқулық, №771 есеп,4.13 есеп.
2. Қосымша оқулық А.И. Ершова,В.В.Голобордько, Самостоятельные и контроьные работы, 5
3.карточка
4.интерактивті тақта



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет