Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
|
І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу .Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2.Психологиялық ахуал туғызу
3.Топқа бөлу.Түрлі-түсті қағаздар арқылы
1-топ Столетов 2-топ Герц 3-топ Эйнштейн
Кім жылдам?
- Квант дегеніміз не?
- Планк қандай гипотеза ұсынған?
- Планк тұрақтысы неге тең?
- Фотон дегеніміне?
|
Стикерлер
Түрлі түсті қағаздар
|
Сабақтың ортасы
Сабақты бекіту
|
І топтық жұмыс
Кітаптағы мәтінмен жұмыс: постер қорғау
1.Фотоэффект
2.Фотоэффект құбылысы
3.Фотоэлемент туралы
Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысы фотоэффект деп аталады.
1887 жылы орыс ғалымдары Генрих Герц пен А.Г.Столетов электрондардың арасындағы ұшқынды разрядты зерттеу кезінде осы құбылысты байқайды.
Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды.
Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның шығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады: - Эйнштейн формуласы. me-босап шыққан электронның массасы;
υ –оның жылдамдығы. h- Планк тұрақтысы Аш- электронның шығу жұмысы.
Фотоэффект құбылыс мына шарт орындалса ғана байқала бастайды: hν0≥Aшығу.
Электронның шығу жұмысы жарықтың жиілігіне немес толқын ұзындығына ғана тәуелді.Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немес оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралы фотоэлемент деп аталады.
|