Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Фотоэффект құбылысын сипаттайды және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіреді
Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолданады
|
Тапсырмалар
1.Суретте берілген құрылғының Х металл бетіне монохроматты ультракүлгін сәулесі келіп түседі.
-
Жоғарыда көрсетілген құбылыс қалай аталады?
| -
Х металлдан электронның шығу жұмысы 3,2*10 -19 Дж болса , фотоэффект құбылысы байқалу үшін монохроматты ультракүлгін сәулесінің толқын ұзындығы қандай болу керек?
|
\
2. Фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы 4,5*10 -19 Дж. Ал электронның металдан шығу жұмысы 7,5*10-19 Дж болса, онда металға түсетін жарық квантының энергиясы неге тең?
3. Берілген металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 600 нм, ал ұшып шыққан электронның кинетикалық энергиясы 4,8 *10 -19 Дж болса, онда фотоэлектронды жұлып шығару үшін фотон энергиясының қандай мөлшері жұмсалған?
|
Тапсырмалар
|
Дескриптор
|
1 а)
|
Құбылыстың түрін атайды;
|
1 b)
|
Фотоээфект құбылысының орындалу шартын пайдаланады.
|
Ультракүлгін сәулесінің толқын ұзындығын анықтайды
|
2
|
Эйнштейннің формуласын қолданады;
|
Жарық квантының энергиясын анықтайды
|
3
|
Эйнштейннің формуласын қолданады;
|
фотон энергиясының мөлшерін анықтайды
|
|
|