Сабақтың тақырыбы: Функция, оның, қасиеттері және графигі тарауын бекіту. Сабақтың мақсаты
Дата 26.08.2017 өлшемі 11,28 Kb. #29304 түрі Сабақ
Математика және информатика пәнінің мұғалімі Таткеева Гүлжан Мырзахметқызы Сабақтың тақырыбы: Функция, оның, қасиеттері және графигі тарауын бекіту. Сабақтың мақсаты: 1. Функция, оның қасиеттері мен функцияны зерттеу және графигін салу тақырыптырын оқушылардың қаншалықты меңгергендігін тексеру , бекіту және бағалау. 2. Оқушының ой -өрісін, сана-сезімін қалыптастыру , шығармашылық қабілетін дамыту. 3. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Бекіту және бағалау сабағы. Сабақтың түрі: Жарыс сабақ. Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі графиктер сызылған плакаттар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Сабақтың мақсатын қою. 3. Білімді бекіту және бағалау. І-бөлім Мұғалімнің сөзі. ІІ –бөлім. а) Алгбралық тренажер («Ой шақыру» стратегиясы ). ә) Тақырыпқа байланысты есептер шығару («Миға шабуыл» стратегиясы). б) Математикалық мазмұндама ( «Ой толғаныс» стратегиясы). в) «Мен - бірінші» сайысы. («Еске түсіру» стратегиясы). ІІІ-бөлім. Жарыстың қорытындысы. Мұғалімнің қорытынды сөзі. 4. Үйге тапсырма беру. Алгебралық _тренажер'>Алгебралық тренажер
«Қасиеттер тобы» Суретте y=f(x) функциясының графиктері берілген. 1. Жұп функцияның графигі қай суретте бейнеленген? 2. Тақ функцияның графигін тап. 3. Квадраттық функцияның графигін қай суреттен көріп тұрсың? 4. Тақ та, жұп та емес функцияның графигі қай суретте бейнеленген. «Зерттеу тобы» Суретте y=f(x) функциясының графигі берілген. 1. функцияның өсу , кему аралықтарын анықтаңдар. 2. функцияның максимум, минимум нүктелерін анықтаңдар. «Қасиеттер тобы» Кітаппен жұмыс № 48. Берілген функцияны зерттеп , графигін салыңдар. а) y=-6x2+x+1 «Зерттеу тобы» Кітаппен жұмыс. № 48. Берілген функцияны зерттеп, графигін салыңдар. б) y= (x+2)2-3 «Қасиеттер тобы» y= -x2+3 функциясының графигі қай суретте кескінделген. Қасиеттерін жаз. «Зерттеу тобы» Суретте кескінделген графиктердің қайсысы y= x -2 функциясының графигі болады? Қасиеттерін жаз. «Қасиеттер тобы» «Зерттеу тобы» Функция дегеніміз не? Функцияның анықталу облысы дегеніміз не? Функцияның мәндер жиыны дегеніміз не? Функцияның берілу тәсілдері. Жұп және тақ функциялардың өзін тән ерекшеліктерін ата. Жұп және тақ функциялар дегенімізді қалай түсінесіңдер? Функцияның таңба тұрақтылың аралықтары қалай анықталады? Функцияны зерттеу алгоритімін ата. . Достарыңызбен бөлісу: