Мектеп: Павлодар қаласы, №11 мектеп үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі
Мұғалім: Қабышева Мадина Иренғайыпқызы
Тоқсан: ІІІ
Сынып: 5
Күні: 2.02.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Футбол
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: «Спорт» тарауы бойынша сөздердің қолдану аясын кеңейтіп, болған білімдерін тиянақтау, пысықтай отырып бекіту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорды молайту, ойлау қабілеттері дамытып, ойын толық жеткізуге үйрету.
3.Тәрбиелік: Денсаулық, спорт туралы пайдалы кеңестер алып, спортқа сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: презентация, түсіндіру, аудару, талдау, жеке жұмыстар, сұрақ жауап, сергіту ойыны, тест
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, презентация, деңгейлік тапсырмалар, футбол добы
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Кезекшінің сөзі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сөздерді жаттау
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаз, оқы, сөйле, тыңда,
Айт , зерте, тексер, сұра,
Шаршама да, демалма,
Қазақ тілін үйренсең,
Көп ұтасың сен ертең.
1 слайд – спортқа байланысты түрлі суреттер.
Бүгін біз не туралы сөйлесеміз? Дұрыс, балалар, біз сендермен «Спорт» тақырыбын жалғастырамыз.
2-слайд – сәйкестігін табыңыз
Спорттың бір неше түрі болады. Әр спортта өз құралдары болады. Сәйкестігін табыңыз.
теннис
хоккей
футбол
бокс
баскетбол
жүзу
Достарыңызбен бөлісу: |