Сабақтың тақырыбы: География ғылымының салалары. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері. Географиялық деректерді өңдеу және талдау



бет7/7
Дата08.09.2022
өлшемі2,11 Mb.
#148985
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Слайд 1
60265714bc78c0d9a4891061, 502883, 484771, Ответы от Нурхана, 4 сынып жаратылыстану ктж, 4 сынып жаратылыстану ктж
Деректерді түрлендіру
Деректерді өңдеу нәтижесінде ақпарат жаңа формаға: кестегемәтінгеграфикалық материалдарға ауысады. ​Жиналған деректерді мәтін түрінде беруге болады. Бұл –материалдық тасымалдағышта тиянақталған ой, пікір. Ол арнайы жолмен өңделген, тақырыбы болуы және автордың түпкі ойын жүзеге асыруы тиіс. Мәтіннің элементтері өзара логикалық байланысты болады. Зерттеушінің жинақтаған әдеби материалдары өңдеуден өтеді. Ол сол материалдардың негізінде екінші немесе қайталама мәтіндерді құрастырады. Оларға библиографиялық тізімдер, конспект, реферат, тезис, аннотация, рецензия (пікір) түріндегі шағын мәтіндер жатады. Олардың анықтамалары сөздікте берілген. Қайталама мәтіндерді дайындау барысында мәтін көлемі (компрессия) қысқартылады. ​Графикалық материалдар кейбір деректер негізінде құрастырылады. Графикалық форма нысандар мен құбылыстардың құрылымын, динамикасын, өзара байланыстарын көрнекі, мәнерлі, көз жетерлік, салыстыруға ыңғайлы етеді. Графикалық материалдар – нысандардың қасиеттерін сызықтар, геометриялық пішіндер, суреттер немесе географиялық картасызбалардың көмегімен шартты бейнелеулер. Графикалық материалдар бөлшектерді бейнелемейді, олар жалпы жағдайды бейнелеу үшін қолданылады. Графикалық материалдар кестелік және мәтіндік құжаттарды толықтырады.
 Географиялық деректерді өңдеу дегеніміз – оларды болашақта қолдану үшін ыңғайлы формаға келтіру шаралары.
Географиялық барлық деректер оларды жүйелегеннен кейін зерттеу нәтижесі – ақпаратты алу үшін талдауға ұшырайды. Талдау – бұл тұтас нысанды (затты, құбылысты, үдерісті) құрамдас бөліктерге (белгілеріне, қасиеттеріне, қарым-қатынастарына) ойша немесе материалдық бөлу тәсілі. Талдау тәсілі оны неғұрлым жан-жақты және мұқият зерделеу, сонымен қатар оның табиғаты мен заңдылықтарын анықтау мақсатында жүргізіледі. Ақпарат – бұл нақты міндеттерді шешу барысындағы деректердің түрлену және талдау нәтижесі. ​Ақпарат қоршаған ортаның нысандары мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен жағдайы туралы білімнің толымсыздығын азайтуға арналған. Халықтың тығыздығы және урбандалу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін, халық санағын немесе өкілетті ұйымдарда тіркеу жұмыстарын жүргізеді (деректер жинау). Деректерді кестеге кіргізеді (деректерді өңдеу) (2-кесте). Содан кейін математикалық формулалардың көмегімен есептеулер жүргізіледі (сандық деректерді талдау). Зерттеу нәтижелерін (ақпаратты) мәтіндерге және графикалық модельдерге (деректерді өзгерту) өзгертеді. Келесі кезеңде алынған ақпарат фактілер, аргументтер, дәлелдер арқылы түсіндіруге (түсіндіру) ұшырайды. Келесі сабақтарда оқулық сендерді деректерді талдаудың түрлі тәсілдерімен таныстырады. Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары 4-сабақта қарастырылатын болады.
Географиялық деректерді талдау

Тапсырма


1. Географияның қандай салалары адамзат проблемаларын шешуге үлес қосуда?
2. Олардың қайсысы физикалық, қайсысы қоғамдық географияға жатады?
3. Қалай ойлайсыңдар, географияның адамзат проблемаларын шешуге қатысуы ғылымдардың жіктелуіне немесе олардың бірігуіне ықпал ете ме?
Өз жауаптарыңды дәлелдеңдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет