Мұғалім әр түрлі диаграммалар мен графиктер, карто-сызбалар мен инфографикаларды көрсетеді. Оқушылар оларға ортақ нәрсені анықтайды: зерттеу нәтижесінде жинақталған ақпарат визуальді түрде жеткізілгенін атайды. Шартты белгілерді еске түсіреді және ойлап шығарады.
Мұғалім оқушыларды түсті қағаздар тарату арқылы төрт топқа біріктіреді.
Тапсырма:
1 топ қызыл-Елдердің жасанды серіктердің зерделеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады.
2 топ қоңыр-Киіктердің мекен орындары мен миграциясы.
3 топ көк Қазақстан халқының жастық құрамы .
4 топ сары Машина жасау өнеркәсібі.
Әр топ белгілі салада зерттеу жұмыстарын жүргізуінің нәтижелерін тиімді әдіспен ұсынады.
Бағалау: мұғалім оқушылардың жұмыстарын дескрипторлар арқылы бағалайды:
Зерттеу нәтижелерін тиімді формада ұсынды, аталуын атады.
Таңдаған формасының тиімділігін аргумент келтіріп дәлелдеді.
Қорытынды шығарды.
Әр топ өз тапсырмаларын презентация, инфографика, сызба-нұсқа , карта-сызба, диаграмма немесе график арқылы ұсынады. Топтар бір бірінің жұмыстарын «2 жұлдыз, 1 тілек» тәсілімен бағалайды.
|