Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары



бет212/234
Дата13.12.2021
өлшемі31,89 Mb.
#125186
түріСабақ
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   234
Байланысты:
8 сынып КМЖ новый формат

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Дүниежүзінің саяси картасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.6.1.1-саясикартаныңбастынысандарынсипаттайды

Сабақтың мақсаты


Саяси карта туралы, саяси картаның өзгеру себептері мен кезеңдерін біледі

Саяси картаның басты нысандарын анықтай алады

Саяси картаның ерекшелігін талдай алады


Бағалау критерииі

Саяси карта туралы білсе;

Саяси картаның өзгеру себептері мен кезеңдерін білсе;

Саяси картаның басты нысандарын анықтай алса;

Саяси картаның ерекшелігін талдай алса;



Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу,түгендеу,



«Екі тілек, бір ұсыныс» ойыны арқылы психологиялық ахуал жүргіземін.
Жетелеуші сұрақтар:
Карталардың қандай түрлері бар?

Саяси карта мен физикалық картаның айырмашылығы қандай

Саяси картадағы бояулар не мағына береді?

Саяси картада қандай нысандар салынады деп ойлайсың?

Осы сұрақтарға жауап алынып болған соң, сабақ мақсаты айтылып, жаңа сабаққа өтеміз.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды


Қол шапалақ

дидактикалық материалдар.

Интерактивті тақ



Ортасы

Терминдермен жұмыс

Мемлекет-

Метрополия-

Протекторат-

Деморкация-

Делимитация-



Дүние жүзінің саяси картасы - Жер шарының мемлекет шекаралары, астаналары, ірі қалалары мен жол қатынастары көрсетілген географиялық картасы.

Саяси картаның мазмұны

Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді. Жер шарының бетінің жер ауданы 510,2 млн км кв.

Саяси картаның қалыптасу кезеңдері

Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. Еуропалық отарлау кезеңі Жаңа Дүние мен Ескі Дүниенің көптеген аумақтарын қамтыды. Еупадағы жетекші мемлекеттердің жаңа жерлерді бөлісуі және ықпал ету аумақтарын экономикалық, саяси жағынан басқару сипаты дүние жүзінің саяси картасының едәуір өзгеріске түсінуі алып келді. Осы өзгерістерге сәйкес, мемлекет құрылымы мен оны басқарудың жаңа формалары пайда болды. Біраз уақыт аса ірі отар иеленуші мемлекетттер - метрополиялар (грекше metropolis – қала) болып есептеліп келген Испания мен Португалияның қатарына кейіннен Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Германия келіп қосылды. Осылайша Америкада, Африка мен Азияда отарлық аумақтар пайда болды. Мысалы, XX ғасырдың басына қарай отарлық иеліктер Африка жерінің 90% - ын, Азия аумағының 56% - ынан астамын, Америка жерінің 27% - ын алып жатты.

XIX ғасырдың басында Латын Америкасында бсталған ұлт – азаттық қозғалыс нәтижесінде Эквадор (1809 ж.), Колумбия (1810 ж.), Венесуэла, Парагвай (1811 ж.), Аргентина (1816 ж.), және т.б. жаңа тәуелсіз мемлекеттер қалыптасты.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дүние жүзіндегі жетекші метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшін күрес шиеленісе түсті. Соның салдарынан әлемді Бірінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпыды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң болған ірі оқиғалар қатарына 1917 жылғы Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесінің түбегейлі өзгеруі, Аустрия – Венгрия монархиясы мен Осман империясының ыдырауы, Германияда монархияның құлатылуы және үкімет басына фашистердің келуі, Еуропада мемлекеттік шекаралардың өзгеруі жатады. Дүние жүзінің саяси картасында КСРО, Чехословакия, Ирландия, Исландия, Ватикан сияқты жаңа мемлекеттер пайда болып, Финляндия, Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезеңде Африкада тәуелсіз мемлекттер қатары (Египет, Эфиопия, Либерия, ОАР) санаулы ғана болды. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуында Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.

1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай – ақ Италияның, Югослаияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын табуда. Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Оқушылар елдерге саяхат жасау арқылы Америка, Африка, Еуразия елдерін атап, астаналарын тауып картадан көрсетеді.


  1. Оқушылар «Ассоциация» әдісі арқылы елдерді топтастырады


Халық саны бойынша үлкен мемлекет

Жер көлемі үлкен елдер



Дүниежүзі елдері



Жер көлемі ұсақ елдер

Халық саны аз елдер


«Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Тапсырмаларды орындаңыз

1-топ. Саяси картаның қалыптасу кезеңдерін зерттеңіз

2-топ. Саяси картадағы нысандарды ажыратып, топтастырыңыз.

3-топ. Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтаңыз

Дескриптор

Оқушылар




  • Саяси картаданың қалыптасу кезеңдерін зерттейді

  • Саяси картадағы нысандарды топтастырады

  • Саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтаңыз

Топтық жұмыс

Қосымша деректер арқылы танылмаған бір мемлекетке жоспар бойынша географиялық орнын сипаттау және топтастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет