4 топ тапсырмасы
Сәйкесін тап
1) b1 = 5, q = 3,b5 - ? 3
2) b4 = -8, q = - 2, b1-? 1
3) b6 = 96, q = 2 b1 - ? 405
4) b1 = 2, b2 = 6, b7 - ? 7
5) b1 = 4, b4 = 448, q -? 1458
7. Геометриялық прогрессияның ертедегі есептері
1. «Үндінің патшасы Шерамның шахматты ойлап тапқан ғалым Сетаға бермек болған сыйлығын есептей келгенде «Бүкіл дүние жүзінің астығы» жетпейтін орасан көп сан шығады».
2. Мысырлықтардың Ринд папирусына 7 санының дәрежелері 7, 72, 73, 74, 75 және оның жанына: үй, мысық, тышқан, арпа, өлшем деген сөздер жазылған. Мұны шешіп оқыған тарихшы «7 үйдің әр қайсысында 7 мысық бар, әр мысық 7 тышқан жейді. Әр тышқан 7 арпаның масағын жейді, әр масақта 7 өлшем арпа өседі» деген болу керек дейді. Мұндай есептер түрліше өзгеріп басқа халықтарға тарады.
8. Кім жылдам. Ауызша есептеу
Қай сандар тізбегі геометриялық прогрессия болып табылады?
3, 9, 27, 81,…..
5, 12, 18, 24, 30,….
7, 14, 28, 35, 49,….
5, 50, 500, 5000,….
1000, 1000, 1000, 1000,….
1, 2, 4, 7, 9, 11…..
5, -5, 5, -5, 5, -5, … .
9. Геометриялық прогрессия құраңдар:
1. Әр күні тұмау ауруымен ауыратын адам
айналасындағы 4 адамға тұмау ауруын жұқтырады.
1; 4; 16; 64;…
2. Әсел қонырауда асханадан тоқаш алып жеді. Жеп
жатқанда ішекке 30 вирустық таяқшаларын
жұқтырды. Әрбір 20 минуттан вирус таяқшалары
екі есеге көбейеді.
30; 60; 120; 240;…
3. Әр бір шылым шегуші тәулігіне орташа есептен
8 темекі тартады екен. Темекі тартқаннан кейін
өкпеге темекі құрамындағы 0,0002 грамм
никотин мен темекі түтіні барады . Әрбір темекіден кейін
бұл мөлшер екі есеге ұлғаяды.
0,0002; 0,0004; 0,0008;…
10. Сабақты қорытындылау.
1) Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.
2) Геометриялық прогрессияның еселігі дегеніміз не?
11. Үйге тапсырма № 206
бағалау.
№1 Алға мектеп-бақша
Ашық сабақ
«Геометриялық прогрессия және оның
п-ші мүшесінің формуласы»
9«А» сынып
Математика пәнінің мұғалімі :
Казыбаева Жұлдыз Даулетбаевна
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |