«Ой қозғау» Оқушыларға ой қозғау және тақырыпты ашу мақсатында бейнеролик көрсетемін. (ашық сұрақтар)
видео
а) Гидравликалық машинаны тұрмыста қолдануы жайлы не білесыңдер?
Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында «Балық қаңқасы» әдісін пайдаланып, 3 топқа тақырыпты тапсырамын. Оқушылар тақырыпты топта талқылап сұрақтарға жауап іздейді.
а )Гидравликалық машиналар деп қандай машиналарды айтады?
ә)Гидравликалық престің құрылысы қандай?
б) Гидравликалық престің Жердегі және Айдағы әрекетінде айырмашылық бола ма?
в) Гидравликалық машиналар құрылысында қандай заң пайдаланады?
Қалыптастырушы бағалау
Топ басшыларына критерий бойынша бағалауға нұсқау беру.
(бағдаршам түстері арқылы)
Есеп шығару(№3,№4,№5) «Кім алғыр?» әдісі бойынша топтарға есептерді бөліп беремін.
Есеп № 3
Гидравликалық машинамен салмағы 1,5кН контейнерді көтеру үшін кіші поршеньге 100Н күш түсіріледі. Егер үлкен поршеньнің ауданы 450см2 болса, кіші поршеннің ауданы қандай?
Есеп № 4
Мензуркаға сынап, су және керосин құйылды. Сүйықтардың жалпы биіктігі 64см. Мензурканың табанына түсіретін қысым қандай?
Есеп № 5
Гидравликалық престің ауданы 2см2 кіші поршіні 200Н күштің әрекетінен 16см төмен түсті.Үлкен поршеньнің ауданы 8см2 а) Поршень көтерген жүктің салмағын; ә) жүктің қандай биіктікке көтерілгенін анықтаңдар.
Қалыптастырушы бағалау
Топтарды бағалауға нұсқау беру.
(бағдаршам түстері арқылы
«Суреттер сөйлейді» сурет бойынша жұмыс істейді.
Қалыптастырушы бағалау
Топ басшыларына критерий бойынша бағалауға нұсқау беру.
(бағдаршам түстері арқылы)
Сабақты бекіту. «Сұрақты қағып ал» тәсілімен сабақты қорытындылаймын.
а) Гидравликалық машинаның негізгі бөліктері қандай?
б) Гидравликалық престер күштен қандай ұтыс береді?
в) Гидравликалық престер қай жерде қолданылады?
Қалыптастырушы бағалау
Топ басшыларына критерий бойынша бағалауға нұсқау беру.
(бағдаршам түстері арқылы)
|