2. Үй жұмысын қайталау
Оқушылар үй тапсырмасын қайталау үшін сендерге бірнеше сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға сендер жауап бересіздер. «Блиц» сұрақтарға сендер бір сөзбен немесе сөз тіркесі арқылы жауап бересіздер. Көшбасшы дұрыс жауап берген оқушыға бағалау парағына тиісті бағасын қояды.
Оқушыларға үй тапсырмасын қайталауға сұрақтар қойылады.
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыларды көшбасшы бағалап отырады.
Блиц сұрақтары
Кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап шығаруға арналған қолданбалы компьютерлік программа .............. деп аталады.(мәтіндік редактор)
Мәтіндік редакторын іске қосу үшін ....................
Мәтіндік редакторды іске қосқан кезде экранда не пайда болады(терезе)
Терезе дегеніміз................(Жақтаулары шектелген тіктөртбұрышты аймақ)
Тақырып жолы, жолақ, қалып-күй жолы, терезені басқару батырмалары..........................(терезе элементтері) деп аталады
Мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін қандай қоманда орындалады.......................... (Файл – сохранить как..... ат беру........)
Файл создать командасы не үшін керек................(жаңа құжатты құру үшін керек)
батырмалардың қызметі қандай?
батырманың қызметі қандай?
батырманың қызметі қандай?
|
Жаңа сабақты меңгеру:
Электрондық оқулық көрсету (bilimland.kz сайтынан)
мен неліктен сендерді осы аттар арқылы топқа бөлдім деп ойлайсыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өздерің айта аласыңдар ма?
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Абзацтар, шегіністер және интервалдар»
Осы тақырыпты меңгеру үшін оқулықпен жұмыс жасайсыздар. Тақырыпты оқи отырып, алдарыңыздағы плакатқа постер маліметтерін жасау.. Берілген тақырыпты осы қалаған екі топқа түсіндірулеріңіз керек. Алдарыңызда сіздерге көмекші ақпараттар берілген соның ішінен керекті суретті таңдап алуларыңа болады. Әр топқа барлық оқушы ат салысуы тиіс.
1 топ қорғайды 2 топ бағалайды.
2 топ қорғайды 1 топ бағалайды
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)
І .Ұйымдастыру кезеңі. 1.1 Сынып оқушыларына жағымды ахуал орнату. АКТ. Сергіту сәті. Қауіпсіздік техника ережесі. 1.2.Назарларын сабаққа аудару, оқушылар реттілік бойынша(1,2,3,4 ) саналып, 4 топқа бөлу (1-3 мин). 1.3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою. Білімді өзектендіру.
Сұрақтар: 1.Мәтіндік және графикалық редакторлар арасында ақпарат өзара қалай алмасады?
Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар..
3.Алмасу буферімен жұмыс істеу командаларын атаңдар.
Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.
Кірістіру-Кескін және Кірістіру- Paint
Жеке жұмыс: Үй тапсырмасын пысықтау.§25. Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларының нәтижелерін тексеру. Мадақтау арқылы бағалау.
Топтық жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру тәжірибелік жұмысты орындаумен қатар жүреді . Мәтіннен суреттің жылжымайтынын көрсету. Оқушылар құжатқа сурет қою тәсілдерін дәптерге жазып алады. «Рисунок Paint» командасымен қойылған суретті редакциялауға келмейді, шрифті өзгерткенде мәтіндегі сурет өлшемі өзгермейді.
Мәтіндік құжаттарды құру үшін қолданылатын қандай стандарттық программаларды білесіңдер? Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?
Мәтіндегі суреттің мөлшерін қалай өзгертуге болады?
3.Қалй ойлайсыңдар, мәтінге түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек.
Жеке жұмыс: Таңдалған деңгейлік тапсырма бойынша компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау және жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, оларға жауап беру.
1 тапсырма: 1) Paint-ті іске қосыңдар.
2) Жұлдызшаның суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа “Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.
3) WordPad- ті іске қосыңдар.
4) «Мен мәтінге файлдан сурет кірісітіремін» мәтінін теріңдер.
5) Кескін батырмасын шертіңдер.
6) Жұлдызша файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.
7) Paint-ке ауысып, суретке найзағай бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.
8) WordPad-ке ауысыңдар. Мәтіндік сурет өзгерген жоқ.
2 тапсырма: 1) Графикалық редакторда «Жалау» өлеңіне сурет салыңдар.
2) Мәтіндік редакторда өлеңнің мәтінін теріңдер. Сызғыштың көмегімен өлеңнің екінші бөлігін оның бірінші бөлігінен 5 см оңға қарай жылжытып орналастырыңдар.
3) Өз суреттеріңді графикалық редактордан мәтінге көшіріңдер.
Жалау
Жалғыз жалау желбіреп
Тұманды теңіз төрінде
Жат жерде жүр не тыңдап?
Несі бар бөтен жерінде?
Ойнақтап толқын, жел гулеп,
Майысар діңгек сықырлап.
Ол жүрген жоқ бақ іздеп,
Қашпайды бақтан бойды ұрлап.
(М.Ю. Лермонтовтан)
Кім қанша өмір сүреді?
Ұзақ жасаудың рекордшылары- тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз-олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр-15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан – 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні –есек -50 жылға дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқаларынан көп қмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді. (В.Песков)
|