«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_____________ Ешпанова Г.А.
«_____» ___________ 2014 ж.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Тақырыбы: Негізгі сын есім. Пошта
Оқу тобы: ПД-11
Дайындаған: Нурмухамбетова К.Х.,
орыс топтарындағы қазақ тілі пәнінің
оқытушысы
Ақтау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық: Негізгі сын есім
Лексикалық: «Пошта»
Ситуация арқылы сөйлесі
Бiлiмдiлік мақсаты: негізгі сын есім туралы түсінік беру, сын есімді орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолдармен меңгерту. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы сын есімдерді дұрыс қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелiк мақсаты: өзге ұлт өкiлдерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлін үйрету арқылы отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: деңгейлеп саралап оқыту, өзара сөйлесу (диалог), сұрақ-жауап әдістерін пайдалана отырып, оқушының тіл байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Пайдаланған технология: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Сабақтың әдiс - тәсiлдерi: сұрақ-жауап, аудару, деңгейлеп саралап оқыту, аудирование, өзара сөйлесу, тірек-сызба, тест, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі, ТОҚ, плакат, кесте, интерактивті тақта,
үлестірмелі материал: компьютер, үлестірмелі карточкалар,
деңгейлік тапсырмалар, бағалау кестесі.
Сабақтың барысы
Ауа райы туралы мәлімет (кезекшімен сөйлесу)
Сұхбат («Дүкенде», «Емханада», «Жол үстінде», «Әмбебап дүкенінде» тақырыптар арқылы сөйлесу)
Жаңа сабақ. Негізгі сын
Деңгейлік тапсырмалар (оқушылар шағын топпен үш деңгейдегі тапсырманы орындайды.)
Мәтінмен жұмыс «Пошта»
Тест (оқушының білімін компьютер арқылы тексеру)
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Оқытушы сабақтың тақырыбын айтады, мақсатымен таныстырады
Оқушыларға бағалау кестесі үлестіріледі
I. Ауа райы туралы мәлімет
Биыл күз жылы болды. Бүгін желтоқсанның 13-і. Ақтауда таңертең күн салқын болды. Аспан ашық, бұлтсыз. Күн жауын-шашынсыз. Жерге қар түскен жоқ. Баяу жел еседі. Ауаның температурасы - 5 - 7 градус суық. Ауаның ылғалдылығы - 15%.
II. Ситуация арқылы сөйлесу
Ситуациялар: «Дүкенде», «Базарда», «Әмбебап дүкенінде»
«Әмбебап дүкенінде»
Қайырлы күн, Гүлназ!
Қайырлы күн, Болат! Не іздеп жүрсін?
Мен ініме ойыншық іздеп едім.
Гүлназ, біз әмбебап дүкенінің қасында тұрмыз, ішіне кірейік.
Бұл жерде ойыншық бола ма?
Әрине, Гүлназ. Әмбебап дүкені үш қабатты үлкен дүкен. Ойыншықтар екінші қабатында.
Болат , сен маған ойыншық таңдауға көмек етші.
Қара, Гүлназ! Қандай тамаша аю! Ініңе ұнап қалар.
Бағасы қанша екен?
Гүлназ, бұл менің сыйлығым болсын.
Рахмет, Болат, інім бір қуанып қалады ғой.
Кешке кездесейік, Гүлназ.
Жақсы. Кездескенше сау бол.
«Аялдамада»
Сәлем, Алена!
Сәлем, Азамат!
Алена, сен оқуға бара жатырсың ба?
Иә, колледжге.
Нешінші автобусты күтіп тұрсың?
Мен үшінші автобуспен барамын. Бүгін автобусты күтіп қалдым.
Алена, жүр жаяу барайық, ауа райы тамаша.
Сабаққа кешігіп қалмаймыз ба?
Жоқ, сабаққа дейін 25 минут бар, үлгіреміз. Мен сабаққа күн сайын жаяу барамын.
Жақсы. Келістік.
«Дүкенде»
Сізде сиыр еті бар ма?
Бар. Бүгін әкелді. Жас малдың еті, алыңыз.
Бағасы қанша?
Бір килограмм ет 650 теңге тұрады, таңдап алыңыз.
Тартылған ет келді ме?
Тартылған ет өтіп кетті. Ертең сағат 12-де әкеледі. Сиыр етін аласыз ба?
Үш келі шегіңіз.
Сіз кассаға 1950 теңге төлеңіз.
Рахмет. Ертең тартылған етке келермін. Сағат нешеде болады?
Тартылған ет сағат 10-да болады.
III. Жаңа сабақ. Негізгі сын есім
Сын есім - заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: қандай? Қай?
Тұлғасына қарай
негізгі сын есім - түбір сан есім (сары, таза, тәтті, терең)
туынды сын есім - жұрнақ арқылы жасалған сын есім (көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз)
Құрамына қарай
дара сын есім - бір ғана есімнің сындық белгіні білдіруі (ақ, бойшаң, жасыл, баласыз)
күрделі сын есім – тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі (ақ киімді, қара торы, көп балалы, тап-таза)
Мағынасына қарай
сапалық - сындық белгіні анықтайтын төл сын есім (сұр, қызылдау, биік)
қатыстық сын есім - басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім (бойшаң адам, өнерлі адам)
IV. Деңгейлік тапсырмалар
I топ
Бірінші деңгей (3 оқушы)
Зат есімнің есім сөздерден жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңіз
Балықшы, аңшы, жолдас, ауылдас, балалық, орындық, жастық, бастық, әкелік, аналық, аттас.
Екінші деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Рыбак, охотник, товарищ, земляк, , молодость, стул, начальник, материнство, отцовство,
Үшінші деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.
II топ
Бірінші деңгей (3 оқушы)
Зат есімнің етістіктен жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңіз
Білім, кеспе, атқыш, сүрткіш, тарақ, көрік(вид), жазушы, оқушы, тыйым (запрет),көрме, сатушы.
Екінші деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Знание, лапша, стрелок, тряпка, расческа, вид, писатель, ученик, запрет, выставка, продавец.
Үшінші деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.
III топ
Бірінші деңгей (3 оқушы)
Сын есімнің есім сөздерден жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңіз
Мұзды, енді, мәдениетті, таудай, сүттей, сусыз, үйдей, баласыз, күзгі, жазғы, қысқы.
Екінші деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Ледяной, широкий, культурный, как гора, как молоко, безводный, как дом, бездетный, осенний, летний, зимний.
Үшінші деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.
IV топ
Бірінші деңгей (3 оқушы)
Сын есімнің етістіктен жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңіз
Ұмытшақ (забывчивый), еріншек (ленивый), сүзеген сиыр(бодливая корова), қабаған ит (злая собака), білгір, білгіш, мақтаншақ, алғыр, ашуланшақ, өткір.
Екінші деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Знающий, грамотный, хвастливый, хваткий, обидчивый, острый.
Үшінші деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.
V. Мәтінмен жұмыс «Пошта»
Сөздік жұмысы
(Ш.Бектуров, 313-314 беттер)
VI. Тест сұрақтарына жауап береді
(тест сабақ жоспарына қоса беріледі)
VII. Бекіту
VIII. Қорытынды
Оқытушы сұрақтар арқылы өткен тақырыпқа қорытынды жасайды.
VIII. Бағалау
Тест сұрақтары
1. Сын есімнің шырайлары нешеге бөлінеді?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 6
Е) 7
2. Етістіктерден сын есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
А) -шы/-ші
В) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік
С) -қыш/-кіш, ғыш/-гіш
Д) -ма/-ма, -ба/-бе, -па/-пе
Е) -дар/-дер,-тар/-тер,-лар/-лер
3. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Менің атам
В) Сұлу әйел
С) Анау бала
Д) Алты адам
Е) Бес қыз
4. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
В) 3
С) 7
Д) 4
Е) 5
5. Күшейтпелі шырайдағы сөзді табыңыз.
А) Ол кішкентай
В) Өте лас
С) Су суық
Д) Нан ыстық
Е) Көреміз 6. Сын есім сөзді көрсетіңіз.
А) Бөлме
В) Төсек
С) Кілем
Д) Көрпе
Е) Жайлы
7. Сын есімді топты көрсетіңіз.
А) Әдемі, кітап, оқулық
В) Күзгі, сусыз, ыстық
С) Қысқа, жеңіл, киім
Д) Істеді, жас, көңілді
Е) Көк, үй, бала
8. Сын есімнің сұрақтарын белгілеңіз.
А) Қандай? Қай?
В) Кім? Не?
С) Кімдер? Нелер?
Д) Кімге? Неге?
Е) Неше? Қанша?
9. Жай шырайдағы сын есімді көрсетіңіз.
А) Әп-әдемі
В) көкпеңбек
С) тым ұзын
Д) ұзынырақ
Е) дәмді
10. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз
А) Үшеу
В) Қарлы тау
С) Қисық
Д) Ақылсыз
Е) Келді
11. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Күзгі жауын
В) Қысқы пальто
С) Жұмсақ
Д) Әкесімен бірге
Е) Биыл бітіреді
12. Дара сын есімді тіркесті көрсетіңіз.
А) Өткір көзді адам
В) Ақ киімді адам
С) Киім тазаланды
Д) Көгілдір аспан
Е) Теп-тегіс жол
13. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.
А) Тіпті аласа
В) Сарырақ
С) Өткір көзді
Д) Көгілдір
Е) Жұп-жұқа
14. Күрделі сын есімді сөйлемді табыңыз.
А) Туған тілім-тірлігімнің айғағы
В) Ата жолын қуса игі
С) Алыс-жақын түгел хабарланды
Д) Досына адал бол
Е) Өнер алды-қызыл тіл
15. Негізгі сын есімді табыңыз.
А) Адам
В) Бесінші
С) Он шақты
Д) Батыл
Е) Үй
16. Қатыстық сын есімді табыңыз.
А) Өнегелі
В) Терең
С) Қара
Д) Дала
Е) Өзің
17. Күшейтпелі шырайдағы сөзді көрсетіңіз.
А) Жеңілдеу
В) Аласалау
С) Ең тәуір
Д) Суықтау
Е) Бесеу
18. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала
В) Әдемі бала
С) Жеті қыз
Д) Алты адам
Е) Менің әжем
19. Негізгі сын есімді табыңыз.
А) Нашар
В) Көп балалы
С) Тап-таза
Д) Аяқ киімді
Е) Өте жақсы
20. Туынды сын есімді табыңыз.
А) Нашар
В) Терең
С) Жұқа
Д) Көшпелі
Е) Тәтті
21. Асырмалы шырайдағы сөзді көрсетіңіз.
А) Аппақ
В) Аса маңызды
С) Ақшыл
Д) Үлкендеу
Е) Ақылды
22. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
А) Жақсырақ
В) Биік
С) Білгіш
Д) Баласыз
Е) Ашық
23. Сын есімді көрсетіңіз.
А) Өнерлі
В) Сабақ
С) Ұйықтады
Д) Он бес
Е) Екінші
24. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) -лар/-лер, -дар/-дер
В) -ға/-ге, -қа/-ке
С) -лау/-леу, -дау/-деу
Д) -тан/-тен, -дан/-ден
Е) -ды/-ді, -ты/-ті
25. Асырмалы шырайдың жасалу жолын анықтаңыз.
А) Жұрнақтан жалғануы арқылы
В) Күшейткіш буынның үстелуі арқылы
С) Күшейткіш үстеудің тіркесуі арқылы
Д) Сөздердің қосарлануы арқылы
Е) Сөздердің бірігуі арқылы
26. Қатыстық сын есімдерді табыңыз.
А) Жұмсақ
В) Қарлы
С) Қысқа
Д) Дөңгелек
Е) Саясат
27. Сын есімді белгілеңіз.
А) Мен, Сендер
В) Отызыншы
С) Бес, Алты
Д) Қоңыр, Қараңғы
Е) Аспан, Тамақ
28. Қыста жер қандай болады?
А) Қызық
В) Тайғанақ
С) Мейрам
Д) Ашық
Е) Дала
29. “Әділетсіз”, “Жағымсыз” сөздері қай сөз табына жатады?
А) Зат есім
В) Сан есім
С) Сын есім
Д) Есімше
Е) Көсемше
30. “Қандай” деген сұраққа жауап беретін сөздерді көрсетіңіз
А) Аяқ киім
В) Күту керек , сақтау керек
С) Нәзік, өткір
Д) Бұлшық еттер
Е) Жүз сексен
Қолданылған дебиеттер
Казахский язык для всех.
Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Издательство «Атамұра», 2004
Бейнежазба. Углубленный курс по изучению казахского языка. Видеоучебник.
Сүлейменова Э.Д., Қадашева Қ.Қ., Ақанова Д.Х. «Арман-ПВ», 2007
Қазақ тілі хрестоматиясы. Оқу құралы.
Нығмет Ж.Н. «Білім» баспасы, 2003
Қызыл кітап
Оқушыларға, студенттерге арналған қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік.
Исмагұлова Б., Ережепова Э., Әбдіжапбарова Г. «Аруна» баспасы. Алматы, 2002
Кәсіби қазақ тілі
Тақырыбы: Өнердің алтың ғасыры
Қорытынды сабақ
Өткен күні - 03.12.2011
Уақыты - 940 - 1110
Топ - АБ-42
Оқытушы - К.Х.Нурмухамбетова,
орыс топтарындағы қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Ақтау - 2011
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық: Сан есім. Реттік сан есімнің жасалуы.
Лексикалық: «Әсем» тұрмыс үйі
Бiлiмдiлік мақсаты: заттың нақтылы санын, ретін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолдармен меңгерту. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы сан есімдерді дұрыс қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелiк мақсаты: өзге ұлт өкiлдерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлін үйрету арқылы отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: деңгейлеп саралап оқыту, өзара сөйлесу (диалог), сұрақ-жауап әдістерін пайдалана отырып, оқушының тіл байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Пайдаланған технология: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Сабақтың әдiс - тәсiлдерi: сұрақ-жауап, аудару, деңгейлеп саралап оқыту, аудирование, өзара сөйлесу, тірек-сызба, тест, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі, ТОҚ, сан есімнің кестесі, интерактивті тақта,
үлестірмелі материал: компьютер, үлестірмелі карточкалар,
деңгейлік тапсырмалар, бағалау кестесі.
Сабақтың барысы
Ауа райы туралы мәлімет (кезекшімен сөйлесу)
Сұрақ – жауап
Сауалнама, оның қорытындысы
Сұхбат («Дүкенде», «Емханада», «Жол үстінде», «Әмбебап дүкенінде» тақырыптар арқылы сөйлесу)
Деңгейлік тапсырмалар (12 оқушы үш деңгейдегі тапсырманы орындайды.)
Тест (оқушының білімін компьютер арқылы тексеру)
Жаңа сабақ. Сан есім. Реттік сан есім.
Бекіту
Аударма жұмысы
Мәтінмен жұмыс
Сөздік жұмысы
Қорытынды
Бағалау
Оқытушы сабақтың тақырыбын айтады, мақсатымен таныстырады
Оқушыларға бағалау кестесі үлестіріледі
I. Ауа райы туралы мәлімет
Биыл күз жылы болды. Бүгін желтоқсанның 13-і. Ақтауда таңертең күн салқын болды. Аспан ашық, бұлтсыз. Күн жауын-шашынсыз. Жерге қар түскен жоқ. Баяу жел еседі. Ауаның температурасы - 5 - 7 градус суық. Ауаның ылғалдылығы - 15%.
II. Сұрақ - жауап
Сіз қай тілді білесіз?
Сіз үйде қай тілде сөйлейсіз?
Сіз колледжде қай тілде сөйлейсіз?
Достарыңыз қай тілде сөйлейді?
Сіз тағы қандай тіл білесіз?
Сіз қай тілді үйреніп жүрсіз?
Сабақтан тыс уақытта сіз қазақша сөйлейсіз бе?
III. Сауалнама
Қазақ тілін не үшін үйреніп жүрсіз?
1.
|
Қызмет үшін
|
|
2.
|
Емтихан тапсыру үшін
|
|
3.
|
Ауылдарға саяхат жасау үшін
|
|
4.
|
Өзім үшін
|
|
5.
|
Қазақ тілін зерттеу үшін
|
|
6.
|
Қазақ тілінде сөйлеу үшін
|
|
7.
|
Фильмдерді, әндерді түсіну үшін
|
|
8.
|
Оқуым үшін
|
|
9.
|
Бәрі үйреніп жүрген соң
|
|
IV. Ситуация арқылы сөйлесу
Ситуациялар: «Дүкенде», «Базарда», «Әмбебап дүкенінде»
«Әмбебап дүкенінде»
Қайырлы күн, Гүлназ!
Қайырлы күн, Болат! Не іздеп жүрсін?
Мен ініме ойыншық іздеп едім.
Гүлназ, біз әмбебап дүкенінің қасында тұрмыз, ішіне кірейік.
Бұл жерде ойыншық бола ма?
Әрине, Гүлназ. Әмбебап дүкені үш қабатты үлкен дүкен. Ойыншықтар екінші қабатында.
Болат , сен маған ойыншық таңдауға көмек етші.
Қара, Гүлназ! Қандай тамаша аю! Ініңе ұнап қалар.
Бағасы қанша екен?
Гүлназ, бұл менің сыйлығым болсын.
Рахмет, Болат, інім бір қуанып қалады ғой.
Кешке кездесейік, Гүлназ.
Жақсы. Кездескенше сау бол.
«Аялдамада»
Сәлем, Алена!
Сәлем, Азамат!
Алена, сен оқуға бара жатырсың ба?
Иә, колледжге.
Нешінші автобусты күтіп тұрсың?
Мен үшінші автобуспен барамын. Бүгін автобусты күтіп қалдым.
Алена, жүр жаяу барайық, ауа райы тамаша.
Сабаққа кешігіп қалмаймыз ба?
Жоқ, сабаққа дейін 25 минут бар, үлгіреміз. Мен сабаққа күн сайын жаяу барамын.
Жақсы. Келістік.
«Дүкенде»
Сізде сиыр еті бар ма?
Бар. Бүгін әкелді. Жас малдың еті, алыңыз.
Бағасы қанша?
Бір килограмм ет 650 теңге тұрады, таңдап алыңыз.
Тартылған ет келді ме?
Тартылған ет өтіп кетті. Ертең сағат 12-де әкеледі. Сиыр етін аласыз ба?
Үш келі шегіңіз.
Сіз кассаға 1950 теңге төлеңіз.
Рахмет. Ертең тартылған етке келермін. Сағат нешеде болады?
Тартылған ет сағат 10-да болады.
V. Деңгейлік тапсырмалар
I топ
Бірінші деңгей (3 оқушы)
Зат есімнің есім сөздерден жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңіз
Балықшы, аңшы, жолдас, ауылдас, балалық, орындық, жастық, бастық, әкелік, аналық, аттас.
Екінші деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Рыбак, охотник, товарищ, земляк, , молодость, стул, начальник, материнство, отцовство,
Үшінші деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.
II топ
Бірінші деңгей (3 оқушы)
Зат есімнің етістіктен жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңіз
Білім, кеспе, атқыш, сүрткіш, тарақ, көрік(вид), жазушы, оқушы, тыйым (запрет),көрме, сатушы.
Екінші деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Знание, лапша, стрелок, тряпка, расческа, вид, писатель, ученик, запрет, выставка, продавец.
Үшінші деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.
III топ
Бірінші деңгей (3 оқушы)
Сын есімнің есім сөздерден жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңіз
Мұзды, енді, мәдениетті, таудай, сүттей, сусыз, үйдей, баласыз, күзгі, жазғы, қысқы.
Екінші деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Ледяной, широкий, культурный, как гора, как молоко, безводный, как дом, бездетный, осенний, летний, зимний.
Үшінші деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.
IV топ
Бірінші деңгей (3 оқушы)
Сын есімнің етістіктен жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңіз
Ұмытшақ (забывчивый), еріншек (ленивый), сүзеген сиыр(бодливая корова), қабаған ит (злая собака), білгір, білгіш, мақтаншақ, алғыр, ашуланшақ, өткір.
Екінші деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Знающий, грамотный, хвастливый, хваткий, обидчивый, острый.
Үшінші деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.
VI. Қалған оқушы тест сұрақтарына жауап береді
(тест сабақ жоспарына қоса беріледі)
VII. Жаңа сабақ. Сан есім. Реттік сан есім.
САН ЕСІМ
НЕШЕ? ҚАНША?
Имя числительное
Заттың ретін, санын, мөлшерінің аттарын білдіреді
Сан есім обозначает количество предметов, порядок предметов при счете
ДАРА КҮРДЕЛІ
САН ЕСІМ САН ЕСІМ
Бір сөзден болады Бірнеше сөзден болады
(бір, төрт, отыз) (елу екі, үш жүз он бес)
Сан есімнің түрлері:
1. Есептік сан есім (Заттың нақты, дәл саны)
2. Реттік сан есім (Заттың қатар саны)
3. Жинақтық сан есім (Заттың жиынтық саны)
4. Болжалдық сан есім (Заттың саны нақты емес)
5. Топтау сан есім (Белгілі топтағы заттың саны)
6. Бөлшектік сан есім (Заттың бөлік саны)
ЕСЕПТІК САН ЕСІМ
НЕШЕ? ҚАНША? «СКОЛЬКО?»
Дара есептік сан есімдер: бір, төрт, он, отыз, қырық, елу, жүз, мың.
Күрделі есптік сан есім: он бір, он бес, жиырма үш, отыз тоғыз, үш жүз елу, алты жүз жетпіс алты, екі мың бес жүз сексен бір, үш миллион жеті жүз жиырма төрт мың бес жұз отыз екі.
Мен он алтыдамын. Баяндауыш
РЕТТІК САН ЕСІМ
НЕШІНШІ? ҚАНШАСЫНШЫ? «КОТОРЫЙ?»
Жұрнақтары: - ншы, - нші; - ыншы, - інші.
Мысалдар: алты+ншы, екі + нші, он бір+інші, отыз тоғыз+ынші.
Ол он бірінші сыныпта оқиды. Анықтауыш
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ
Есептік сан есім зат есімдей есептеледі.
Есептік сан есім негізі + жатыс жалғауы +жіктік жалғауы
Мен жиырма+ да+ мын.
Сен он сегіз- де+ сін.
Ол он тоғыз+ да.
Сендер он сегіз- де- сіңдер.
Егер сан есім санмен көрсетілсе, сан есім мен келесі сөздің арасында сызықша қойылады.
Бесінші қабат 5- қабат.
Оныншы үй 10- үй.
Отыз үшінші маршрут 33- маршрут.
Егер сан есімнен кейін «жыл» сөзі немесе айдың атауы болса, сан есім мен келесі сөз бөлек жазылады.
Он алтыншы желтоқсан 16 желтоқсан
2008 жылы 2008 жылы
Егер сан айдың атауынан кейін жазылса, жалғаудың алдында – қойылады.
Мамырдың 9- ы.
Желтоқсанның 16- сы.
Тамыздың 30- ы.
Мамырдың 1- і.
Егер сан есім римдік цифрмен берілсе, сан есім мен келесі сөз бөлек жазылады.
Алтыншы бап. VI ғасыр, VIII сынып
VIII. Бекіту
97-бет, №12-жаттығу.
Үлгі: отыз бір- отыз бірінші
97-бет, №13-жаттығу.
Үлгі: төртінші - төртінші үй
Есептік сан есімнің септелуі
Дара Күрделі
Атау с. бірінші отыз алтыншы
Ілік с. біріншінің отыз алтыншының
Барыс с. біріншіге отыз алтыншыға
Табыс с. біріншіні отыз алтыншыны
Жатыс с. біріншіде отыз алтыншыда
Шығыс с. біріншіден отыз алтыншыдан
Көмектес с. біріншімен отыз алтыншымен
IX. Аударма жұмысы (8-сабақ, 97- бет, 16-жаттығу)
I. Девять книг, четыре мальчика, пять стульев, десять учебников, семь дней, много карандашей, три комнаты, тридцать учеников и т.д.
II. 1. В комнате много студентов. 2.Положи пять ложек. 3. В школе сорок классов. 4. В классе тридцать два ученика. 5. В году двенадцать месяцев. и т.д.
III. 1. Двадцать пятая аудитория на третьем этаже. 2. Двести восьмой дом там. 3. Вон, девятый троллейбус. 4. Десятый класс здесь? 5. Вот, вторая тетрадь. и т.д.
X. Мәтінмен жұмыс. (Ш.Бектуров, 313-314 беттер)
«Әсем» тұрмыс үйі.
Оқушылар мәтінді оқиды, сөздікке сүйене отырып аударады
XI. Сөздік жұмысы
шеберхана - мастерская
мүшел той - юбилей
елеулі той - знаменательный праздник
былғары - кожа
жөндеу - ремонт
тез, шапшаң - быстро
тақа (өкше - каблук
тырнақты бояу - красить ногти
шашты жатқызу - делать укладку волос
ұлтарақты ауыстыру - заменить стельку
шашты сәнді етіп қию - делать модную стрижку
химиялық жолмен бұйралау - делать химическую завивку
XII. Қорытынды
Оқытушы сұрақтар арқылы өткен тақырыпқа қорытынды жасайды.
XIII. Бағалау
Оқушылар берілген кестеге өз бағаларын қояды, ал оқытушы мақтау, мадақтау әдістері арқылы толықтырады немесе кейбір бағаны өзгертіп қояды.
ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМДЕР - Заттың жиынтық саны
(Собирательные числительные)
Нешеу? -ау, -еу Екеуі ән салды. - бастауыш
БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМ
НЕШЕЛЕРДЕ? ҚАЙ ШАМАЛЫ?
Заттың саны нақты емес
Есептік түбір сан есімге - дай, - даған жұрнақтары қосылады
Есептік сан есімге шақты, таман, жуық, шамалы, қаралы, таяу сөздері тіркеседі.
Жиналысқа жиырмадай адам келді.
Кабинетте жиырма шақты адам жиналды.
Ол екілерде (нешелерде?) келеді. Пысықтауыш
ТОПТАУ САН ЕСІМ
НЕШЕДЕН?
Белгілі топтағы заттың саны
Олар үш - үштен отыр. Пысықтауыш
БӨЛШЕКТІК САН ЕСІМ
НЕШЕУ?
Заттың бөлік саны
Алманың екіден бірін ал. Толықтауыш
С А У А Л Н А М А
Қазақ тілін не үшін үйреніп жүрсіз?
1.
|
Қызмет үшін
|
|
2.
|
Емтихан тапсыру үшін
|
|
3.
|
Ауылдарға саяхат жасау үшін
|
|
4.
|
Өзім үшін
|
|
5.
|
Қазақ тілін зерттеу үшін
|
|
6.
|
Қазақ тілінде сөйлеу үшін
|
|
7.
|
Фильмдерді, әндерді түсіну үшін
|
|
8.
|
Оқуым үшін
|
|
9.
|
Бәрі үйреніп жүрген соң
|
|
2008-2009 оқу жылы
ШП-41 топ
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. дайындық - 26.01. - 01.02.2008ж.
Диплом алд. практ. (негізгі) - 02.02. - 01.03.2008ж.
Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.
Сабаққа - 09.03.2008ж.
АБ-41, АП-42, АБ-43, АП-44, АП-45
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 01.03.2008ж.
Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.
Сабаққа - 09.03.2008ж.
КӘБ-31
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 22.02.2008ж.
Диплом алд. практ. (қосымша) - 23.02. - 01.03.2008ж.
Сабаққа - 02.03.2008ж.
ТБ-41
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 15.02.2008ж.
Диплом алд. практ. (қосымша) - 16.03. - 01.03.2008ж.
Біліктіліктен өту ( ағаш ұстасы, - 01.03. - 08.03.2008ж.
(аспазшы, темір шебері, тігінші,
Сабаққа - 09.03.2008ж.
ФБ-41
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 01.03.2008ж.
Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.
Сабаққа - 09.03.2008ж.
МБ-41
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. - 26.01. - 31.05.2008ж.
(Предд. практ. с теорией )
Экзаменационная сессия - 01.06. - 07.06.2008ж.
Государственные экзамены - 08.06. - 28.06.2008ж.
КБ-31
Емтихан - 09.02. - 15.02.2008ж.
Демалыс - 16.02. - 01.03.2008ж.
Диплом алд. практ. (теориясыз) - 02.03. - 31.05.2008ж.
Мемлекеттік емтихан - 01.06. - 14.06.2008ж.
2008-2009 оқу жылы
ШП-41 топ
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. дайындық - 26.01. - 01.02.2008ж.
Диплом алд. практ. (негізгі) - 02.02. - 01.03.2008ж.
Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.
Сабаққа - 09.03.2008ж.
АБ-41, АП-42, АБ-43, АП-44, АП-45
Экзамены - 05.01. - 11.01.2008ж.
Каникулы - 12.01. - 25.01.2008ж.
Преддипломная практ. (основная) - 26.01. - 01.03.2008ж.
Преддипломная практ. (дополнит.) - 02.03. - 08.03.2008ж.
Занятия - 09.03.2008ж.
КӘБ-31
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 22.02.2008ж.
Диплом алд. практ. (қосымша) - 23.02. - 01.03.2008ж.
Сабаққа - 02.03.2008ж.
ТБ-41
Экзамены - 05.01. - 11.01.2008ж.
Каникулы - 12.01. - 25.01.2008ж.
Преддипломная практ. (основная) - 26.01. - 15.02.2008ж.
Преддипломная практ. (дополнит.) - 16.03. - 01.03.2008ж.
Квалификационные испытания - 01.03. - 08.03.2008ж.
на получение одной из раб. специальностей: столяра, слесаря, швеи, повара
Занятия - 09.03.2008ж.
ФБ-41
Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.
Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.
Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 01.03.2008ж.
Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.
Сабаққа - 09.03.2008ж.
МБ-41
Экзамены - 05.01. - 11.01.2008ж.
Каникулы - 12.01. - 25.01.2008ж.
Преддипломная практ. с теорией - 26.01. - 31.05.2008ж.
(без отрыва от теоретического обучения)
Экзаменационная сессия - 01.06. - 07.06.2008ж.
Государственные экзамены - 08.06. - 28.06.2008ж.
КБ-31
Емтихан - 09.02. - 15.02.2008ж.
Демалыс - 16.02. - 01.03.2008ж.
Диплом алд. практ. (теориясыз) - 02.03. - 31.05.2008ж.
Мемлекеттік емтихан - 01.06. - 14.06.2008ж.
«Ұлы Абай барлық ұлт жүрегінде»
(әдеби - ән кеші)
1 жүргізуші Лопатина Валентина
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықталы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Абай
Қымбатты оқытушылар, студенттер!
Қазақ халқының ақыны, мақтанышы, ұлы Абайдың туғанына 160 жыл толуына байланысты «Ұлы Абай барлық ұлт жүрегінде» атты әдеби-ән кешін ашуға рұқсат етіңіз.
Қуаныш биі.
Орыдайтын АП-22 тобының студенті Қуандыкова Гүлайым.
2 жүргізуші Канциял Регина
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.
Қазақ халқының Ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі қатал, қатыгез адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз, әңгімелер айтып тәрбиелеген. Абай есімімен қазақ топырағына философиялық және стилистік бағыттағы жаңа поэзия келді.
«Құлақтан кіріп, бойды алар». Орындайтын ФБ-21 тобының студенті Ершова Надежда. Кәне, қарсы алайық!
1 жүргізуші Лопатина Валентина
Абайдың әкесі оқудан шығарып алғаннан кейін ол өз бетімен «Приходская школада» үш ай оқиды, орыстың тілін үйренеді. Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Лермонтов. «Бородино». Орындайтын ТБ-11 тобының студенті Токиева Елена.
Кезекті әсем биге берейік!
«Нұр шашу». Орындайтын АП-15 тобының студенті Архипова Диана. Диананы қошеметтеп қарсы алайық!
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай. «Желсіз түнде жарық ай». Орындайтын ДБ-31 тобының студенттері: Искендирова Виктория. Лойко Дарья, Лопатина Валентина, Дүйсенова Әсел, Суслина Галина. Әншілерді қарсы алайық!
2 жүргізуші Канциял Регина
Абайдың табиғат лирикасында ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді. «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Жаз» өлеңдерін білмейтін бірде - бір студент жоқ.
Абай. «Қыс». Орыдайтын АБ-23 студенті Румянцева Дарья
Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып,
әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.
Абай. «Күз». Орындайтын АП-14 тобының студенті Баграмян Яна
Қошеметтеп қол соғайық, студенттер!
Фортепьяно. Дүйсекеев. «Ән».
Орындайтын АБ-13 тобының студенті Ахметова Мадина
Рақмет Мадина, өркенің өссін!
1 жүргізуші Лопатина Валентина
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Абайдың «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері болыс – билерді, оның балаларын қатты сынға алған. Ол қазақ халқын мәдениетті болуға, орыс халқынан үлгі алуға шақырған.
Абай. «Ғылым таппай мақтанба». Орындайтын ТБ-11 тобының студенттері.
Рақмет, қыздар!
2 жүргізуші Канциял Регина
Абай 1904 жылы қайтыс болды, бірақ оның шығармалары өлген жоқ, оның өлеңдері, әндері әлі айтылып келеді, әлі де айтылмақ.
Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағанасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
Абай. «Көзімнің қарасы». Орыдайтын ДБ-31 тобының студенттері.
Әнші қыздарға тағы да қол соғайық!
1 жүргізуші Лопатина Валентина
Бұл күндері Абайды, оның шыгармаларын дүние жүзі біледі. «Абай жолы» роман- эпопеясында Абайдың кішкентай балалық шагынан азамат ақын дәрежесіне жетуі көрсетілген. Абайды «Абай жолы» роман-эпопея арқылы қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов дүние жүзіне танытса, ұлы Абай арқылы Мұхтар Әуезов танылды.
Абайдың қара сөздері. Он тоғызыншы сөз.
Орындайтын АП-33 тобының студенті Романова Мария
Би. «Абай тойына шашу».
Орындайтын ТБ-11 топ студенттері. Қарсы алайық!!!
2 жүргізуші Канциял Регина
Абай сөз өнерінің, өлеңнің, ән мен күйдің маңызын аса жоғары бағалағаны жиі айтылып келеді. Ақын поэзияның танымдық, тәрбиелік мәнін терең түсініп, оны адам мінезін, заманды түзеудің күшті құралы деп қарағанын көптеген олеңдерінен байқаймыз.
Осындай шығармаларының бірі «Өзгеге, көңлім, тоярсың».
Орындайтын МБ-«» тобының студенті Шарудило Елена.
Әсем әнді тыңдайық, студенттер!
2 жүргізуші Лопатина Валентина
Адам өмірі, сұлу да қайғылы ғұмырдың мәңгі гармониясымен қозғалады. Туған халқының ардагер азаматы болған Абай, адам алдындағы парызына дақ түсірмей, ақиқатқа жан-тәнімен қызмет етіп өтті.
Мир вечен, един и гармоничен, объясняет Абай. Он как истинный гражданин выполнил свой долг до последнего дыхания и оставался честным в стремлении к истине.
Қазақ биі «Ғафиз», орындайтын ТБ - 11 тобының студенттері Достанова Салтанат және Елешова Ұлжан
Екі биші қыздарымызды қарсы алайық!
2 жүргізуші Канциял Регина
Қымбатты оқытушылар, студенттер! Әдеби кешімізге келіп тыңдағандарыңыз үшін оқытушыларымыз Клара Хайрлиевна мен Ақшолан Аманбековнаға өз атымыздан үлкен рақмет айтамыз.
1 жүргізуші Лопатина Валентина
Құттықтау сөзді колледжіміздің басшысы Анна Васильевнаға береміз.
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |