Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
1.1.3.2 Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату.
1.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.
1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.
Пауза туралы түсінік алады.
Оқушылар ұлттық музыканы, бейнелеу өнерін және олардың тарихпен байланысын зерделейді. Ойы мен сезімін зертеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасын тыңдайды, орындайды, қарапайым импровизациялар шығарады.
Бұл бөлімде оқушылар дәстүрлі қазақ ертегілерінен үзінділерді көреді, дәстүрлі халық әндерін үйренеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Басқа сабақтардағыдай оқып-үйренуде динамикалық карталарды пайдаланады.
Музыкадағы динамикалық реңтерді танып-білуге қатысты музыкалық-ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады. Паузаны санап үйренеді.
Кейбір оқушылар:
Халық күйімен танысады және оған қимылдар жасайды, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді.
Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогке қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету). Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары...
Мұны мынадай ... жолмен жақсартуға болады.
Мен көріністі... жолымен жақсартар едім.
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Бұл дыбыс неге ұқсайды?
-Бұл аспап қалай аталады?
-Бұл аспапта қалай ойнау керек?
-Пауза белгісі тұрған жерде не істейміз?
-Неліктен...екенін айта аласың ба?
Алдыңғы сабақтарда алған білім
Оқушылар алдыңғы сабақтардан әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық сүйемелдеу құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып қоршаған ортаның әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренді.
( Ұ, Қ) Музыка тыңдау: «Ақсақ құлан». (қазақтың халық күйі).
Күй мазмұнын оқулықтан оқып беріңіз. Мультфильмнен үзінді көрсетуге болады. Осылай баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын ашыңыз.
(МК, Қ) «Қазақта қайтыс болған адам туралы жақындарына естірту салты бар. Ал адам сөзбен жеткізе алмаған қайғыны күйдің құдіретті үні жеткізеді». Мұғалім оқушылармен бірге күйді суреттейді. Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша оқушылар әңгіме ұйымдастырады.
(Ұ,Ж, Қ) Музыкалық сауаттылық:Пауза туралы түсінік беру. Төрттік, сегіздік паузалардың жазылуы мен саналуын салыстырмалы түрде түсіндіріңіз. Пауза мен нотаның ұзақтығы бірдей болатындығын айтып, музыкалық аспаппен дыбыс пен паузаны салыстырмалы түрде көрсетіңіз.
(Ұ,Ж) Жеңіл ырғақты әуенді алып, ұрмалы аспаптардың көмегімен пауза туралы ережені пысықтаңыз. Ойнау үшін ырғақ жазылған карталаларды пайдалануды тапсыру.
(Ұ, Қ) Оқушыларға музыкалық аспаптарды пайдаланып ертегіге музыкалық сүйемелдеу қосуын тапсырыңыз.
(Ұ, Ж) Флеш-карталарды пайдаланып оқушыларды төрттік және екі сегіздік нотаның белгілерімен таныстырыңыз. Ол үшін «таа» және «те-те» дыбыстарын пайдаланыңыз. Флеш-картаны көрсеткенде, оқушылардың қол шапалақпен немесе басқаша белгі бере алатындығын бақылаңыз.
«Ашамайға мінгізу » салты туралы оқулықтан оқып беріп, талдау жасаңыз. Қазақтың атқа мінгізу дәтүрі туралы оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, бағалаңыз.
«Ақсақ құлан» (қазақтың халық күйі)
https://www.youtube.com/atch?v=7IDWtxLMh2g
https://www.youtube.com/watch?v=CjfqVJIJMTgI.
Музыкалық аспап
Ұрмалы аспптар
Салт-дәстүр туралы кітап
Сабақтың соңы
35-45
(Ө, Ж, Қ) Оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеріңіз.
-Тыңдаған және танысқан күйлерің қандай аспапта орындалады?
-Күйдің қай жерінде пауза болды?
-«Күй тілі» дегенді қалай сипаттар едің?
-«Домбыраның құдіреті» деген сөзді қалай түсіндірер едің?
Мұғалім домбыра аспабының құрлысын еске түсіріп, домбыра бетіндегі ойықты көрсетеді. Балалардың жауабын қабылдап, бағалаңыз.
Дифференциация- көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау- оқушылардың материлды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыстар
Денсаулық және қауіпсіздік
АКТ –мен байланыстар Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент)
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау. Оқушы жүргізуші бола алады. Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар.
Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар:
-Күй сазы музыкалық бейнені аша алады?
-Күй сазының дыбыс бояуын сезініп суреттей алдыма?
-Музыканы салыстырмалы түрде талдай ала ма?
-Тілді меңгеруде қандай өзгерістер байқалды?
«Дүниетану», «Көркем еңбек» пәнімен, халық ауыз әдебиетімен байланыстыру. Салт-дәстүр туралы танымын кеңейту. Қызығушылығын арттырып, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Достарының пікірлерін құрметтеу, бағалай білу, топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылауға дағдыландыру.
Қорытынды баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?
1.
2.
Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?