Сабақтың тақырыбы: «Халық ертегілері»



Дата26.01.2018
өлшемі59,85 Kb.
#34044
түріСабақ
Музыка

1 сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Халық ертегілері»


6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Сабақтың тақырыбы: «Халық ертегілері»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Башеева А.А

Сынып:1сынып

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:


Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеумен орындау

1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және халық аспаптарында ойнау

1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну

1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.

Ұлттық музыканы және олардың тарихпен байланысын зерделейді.

Олар ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасының тыңдайды, орындайды, қарапайым импровизациялар шығарады.

Бұл бөлімде оқушылар дәстүрлі қазақ ертегілерінен үзінділер көреді, дәстүрлі халық әндерін үйренеді.


Оқушылардың көпшілігі:

Басқа бөлімдердегідей оқып-үйренуде динамикалыө карталарды пайдаланады.

Музыкадағы динамикалық реңктерді тани білуге қатысты музыкалық-ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады.


Кейбір оқушылар:

Ұлттық би қимылдарымен танысады және әнге қимылдар

салады, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді.


Тілдік мақсаттар

Оқушыларды пікір талас диалогтарға қатыстыру.Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру.

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Қазақтың музыкалық аспаптары...

Мұны мынадай... жолмен жақсартуға болады.

Мен ...тілек айтар едім.



Диалог жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Бұл дыбыс неге ұқсайды?

-Бұл аспап қалай аталады?

-Бұл аспапта қалай ойнау керек?

-Дыбыс ұзақтығын ажырата аласың ба?

-Неліктен…екенін айта аласың ба?






Оқушылар алдыңғы сабақтардан әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық сүйемелдеу құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып, қоршаған ортаның әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-5

(МК,Т) Оқушылармен үш тілде сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! –Здравствуйте, дети! –Hello, children!

Өткен сабақта үйренген әндерін жатқа орындату. Ән ырғағын қол қимылымен көрсетіп, сезімталдықпен орындауға баулу.




Аудиожазба

«Бесік жыры» (қазақтың халық әні)





Сабақтың ортасы

7-11

12-14

15-20

21-35

(МК,Ұ,Қ ) Ән үйрену:«Тұсау кесер жыры». Бұл қазақ халқының баланың тұсауын кесу дәстүріне арналған белгілі ән. Оқушыларға әнді суреттеуге ұсыну.

«Тұсау кесу» дәстүрі – бала тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын дәстүр екенін әңгімілеу. Салт-дәстүр туралы оқулықтан оқып, талдау жасау.Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша оқушылармен әңгіме ұйымдастыру.



(Ұ)Үштілдік: салт-дәстүр – традиция –tradition – қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйрену.

(МК)Жұлдызшамен бірге қазақ ауылына «бесік тойына» барайық.

Балалардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін ашу. Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша оқушылар әңгімесін ұйымдастыру.



(|Ұ)Үштілдік: бесік жыры-колыбельная-lullaby-қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйрену.

(МК) «Жұлдызшамен бірге тұсауы кесілген балаға тілек айтайық» - деп, оқушыларды тілек айта білуге тәрбиелеу.

Оқушылар өздері көрген баланың тұсаукесер кезіндегі қуанышы, көңіл күйі, тұсаукесер дәстүрі кезінде көргендерімен бөліседі, әңгімелейді.



Көрімдік туралы ақпаратты қызықты түрде әңгімелеп беру

(Ұ,Ж) «Тұсауы кесілген балақайға қандай сыйлық дайындадың?» - деп, оқулықтағы тапсырманы орындату.

Балалардың белсенділігін арттырып, пікір-талас, диалог ұйымдастыру.

« Тұсаукесер» жыры әнінің ырғағын Curwen қолдың жүйелік белгілерімен көрсетіп үйрету, орындату.

«Бесік жырының» ырғағын кішкентай сылдырмақ (қоңырау аспабымен) сүйемелдеп орындату.

«Тұсаукесер» жыры мен «Бесік жыры» әндерін салыстыра отырып,олардың мағынасын, мазмұнын, ырғағын, дыбыстық үйлесімін анықтап түсіндіру. «Тұсаукесер жыры» әнін төрттік, сегіздік ұзақтықта шулы аспаппен сүйемелдеп орындату.Дыбыс ұзақтығын оқулықтағы сурет бойынша түсіндіріп, дұрыс орындалуын қадағалау.

(Ұ,Ж). Ұрмалы аспаптарда ойнау үшін жеңіл ырғақтарды таңдап алу және ырғақ жазылған карталарды пайдалануды тапсыру.

(Ұ,Қ) Дәстүрлі қазақ ертегісін оқу. Оқушыларға музыкалық аспаптарды пайдаланып ертегіге музыкалық сүйемелдеу қосуын тапсыру.


Салт-дәстүр туралы танымдық әңгіме

«Тұсаукесер жыры»(қазақтың халық әні)

Ырғақ жазылған карталар

Curwen қолдың жүйелік белгілерінің кестесі

«Бесік


жыры»(қазақтың халық әні
Ұрмалы аспаптар

Сабақтың соңы

35-45

(Ө,Ж,Қ)Сабақты қорытындылау үшін жеңіл, ырғақты сөздерді(фразаларды) таңдап алу, қол шапалақтау немесе ырғақты түрде тарсылдату және оқушыларға осыған сәйкес ырғақ жазылған карталарды табуын тапсыру. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Әнді қайталату.Оқушы шығармашылығын бағалап, белсенді оқушыларды марапаттау. Өз отбасында болған бесікке салу,тұсау кесу дәстүрі туралы ата-анасынан сұрап біліп келуін тапсыру.

Аудиожазба
Ырғақ жазылған карталар



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет