4-тоқсан
9- сабақ
§ 2
5
Пәннің атауы:
Қазақстан тарихы
9 сынып.
Сабақтың
тақырыбы:
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?
Сабақтың
мақсаты:
Бұл сабақта , сендер, Қазақстанның халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастықтың басты бағыттарын анықтайсыңдар, еліміздің аймақтық
және халықаралық ұйымдармен байланыстарына талдау жасай отырып,
.Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына және
еліміздің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын және ЫҚЫҰ-ға
төрағалық етудегі рөліне баға береміз.
Сабақтың
барысы:
Қысқаша
конспект.
Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы , сындарлы саясат ұстанады.
Қазақстанның ТМД және Орталық Азия елдерімен және Шығыс, Батыс
елдерімен байланыстары қарқынды дамуда.
Қазақстан Ресей арасында ынтымақтастық тереңдеп дамуына 1998ж 6
шілдесінде Мәскеуде қол қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық
туралы» Декларацияның маңызы зор.2005 ж қаңтарда Ресей мен Қазақстан
арасында 7591 шақырымды қамтитын мемлекеттік шегара белгіленген
тарихи маңызды құжатқа қол қойылды.
Қазақстан-Қытай арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылдан
бастап орныға бастады.1993ж 18-20 қазанда болған екі ел Президенттерінің
келіссөздердерінің нәтижесінде екі ел арасындағы достық қарым-
қатынастар туралы Декларацияға , әуе қатынастары,тұрғындарға визаларды
рәсімдеу тәртіптері,халықаралық автокөлік қатынастары т б маңызды
келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан –АҚШ қатынастарына ҚР Президентінің 1997 жоспары серпін
берді.Сапар қорытындысы бойынша 18 маңызды құжатқа қол қойылды.,
соның ішінде Экономикалық әріптестік жөніндегі бағдарлама,Ядролық
қуатты бейбіт мақсаттарға қолдану бойынша ынтымақтастық туралы
келісім,Қарашығанақ-мұнай газ конденсаторы кен орнын игеру және
Каспий шельфі өнімдерін бөлу жөніндегі келісімдерді айрықша атап өтуге
болады.