Еуразиялық экономикалық қауымдастық 2000ж Астана қаласында
халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы
мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық
қауымдастық құру тұралы шартқа сәйкес құрылды. 2007 ж ЕурАзЭҚ
мемлекет аралық Кеңесінің отырысы өтті. Онда ЕурАзЭҚ-қа мүше 3
мемлекет –Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы,Ресей
Федерациясы құрып жатқан кеден одағы шарттық құқықтық базасының
негізі қаланды.
Қазақстан ЕҚЫҰ және ИЫҰ төрағалық еткен уақытта бірнеше өзгерістер
болды. 2010ж ЕҚЫҰ –ға төрағалық ететін мемлекет басшыларының 10
жыл сайын өтетін кезекті саммиті Астана қаласында үлкен табыспен
өткізілді. Оған БҰҰ, ЕО, ИЫҰ,НАТО,ШЫҰ және т б халықаралық және
аймақтық ұйымдар делегациялары қатысты. Саммит жұмысынң
қорытындысында Астаналық Қауіпсіздік қауымдастығын қарсы алу қадамы
атты декларация қабылданып, онда Еуроатлантикалық және Еуразиялық
қауіпсіздік моделін құру міндеті туралы айтылды.
|