Сабақтың тақырыбы: Халықаралық бірліктер жүйесі (SI). Скаляр және векторлық физикалық шамалар


Сабақтың ортасы/сабақтың негізгі бөлімі



бет3/6
Дата02.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#194733
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тақырыбы "Халықаралық бірліктер жүйесі (SI). Скаляр және векторлық физикалық шамалар." 7 сынып

Сабақтың ортасы/сабақтың негізгі бөлімі
20 минут

«Bilimland.kz» сайтынан бейнекөрсетілім көрсету арқылы жаңа тақырып туралы оқушылардың талқылауларын тыңдай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс)
1-тапсырма: мәтінмен танысады (жеке жұмыс)
2-тапсырма: мәтінді талдайды (жұптық жұмыс)
3-тапсырма:Оқушылар тақырыпты оқып шығып, топтасып «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы топтағы оқушылар тақырыпты бөліп оқып танысады, топ ішінде бір баяндаушы толықтырып түсіндіреді. (7 мин)

Критерий

Дескрипторлар

1.Физикалық шамалардың түрлерін ажыратады

а)физикалық шаманы анықтады
б)физикалық шамалардың түрлерін ажыратты

2.Шамалардың SI жүйесіндегі өлшемдерін анықтай біледі



а)физикалық шамалардың өлшемін анықтады
б) SI жүесіндегі өлшем бірлігін өрнектей білді




Тақырып бойынша талқылау тапсырмалары:
«Визуалды айғақтар» әдісі.
1 .Оқушыларға өлшеуіш құралдар суреті беріледі. Оқушылар бұл суреттер арқылы физикалық құралдардың физикалық шамалармен байланысын ажыратады.




2 . «Кеңейтілген тапсырма»
1) 1.5 тәулікте неше секунд бар?
2)Үстелдің ұзындығы 0,8 м.Оны дециметр, сантиметр, милиметр және километрмен өрнектеңдер.
3)Ыдыстағы сұйықтың көлемі 2800cм3-қа тең.Осы көлемді литрмен өрнекте.
4)Жас бамбук тәулігіне 86,4 см -ге өседі.Ол секундына қанша өседі?
5)Оқушы үйден шығып, мектепке дейін 15 минут жүреді. Осы уақытты сағат және секунд бірліктері арқылы жазыңдар.

Критерий

Дескрипторлар

Өлшеу құралдары арқылы физикалық шамаларды анықтайды

А)Өлшеу құралдарының қажеттілігін білді;
В)Физикалық шамаларды өлшеу құралдарымен байланыстырып, атауларын ажыратты;

Шамалардың өлшем бірлігін SI жүйесіне айналдыра алады

А)Физикалық шамалардың өлшем бірлігін біледі;
В)Есеп шығаруда өлшемдерді дұрыс қолдана алды.



«Bilimland.kz» сайтынан бейнекөрсетілім көрсету арқылы жаңа тақырып туралы ой қозғау.

Оқушылар жаңа тақырыпты оқып өзара талдау арқылы мәнін түсінеді, шамаларды ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет