Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар мен қазақ баспасөзі



Дата04.08.2017
өлшемі55,82 Kb.
#22846
түріСабақ
ҚМҚК Қарағанды гуманитарлық колледжі

Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар мен қазақ баспасөзі
Пәні: Қазақстан тарихы

Топ:Т-12


Өткізген : Тарих және әлеуметтік-саяси

пәндер оқытушысы Исатаев Дархан Касарович

Қарағанды қаласы,2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар мен қазақ баспасөзі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы орын алған саяси оқиғалар, көппартиялық жүйенің құрылуы, Қазақ баспасөзінің тарихы мен

олардың атқарған қызметі туралы түсіндіру;



Дамытушылығы Білім алушылардың танымдық белесенділігін арттырып,ойлау әрекетін дамыту,ой қорытындысын өз бетінше жасай білуге,

ортақ пікірге келуге дағдыландыру;



Тәрбиелік мақсаты ХХ ғасырдың басындағы өмір сүрген қазақ зиялыларының бойындағы қасиеттерін айта отырып,адамгершілікке, жүректілікке және туған жерін, Отанын шексіз сүйіп, өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту, ұжымдықіс-әрекет

Сабақтың түрі: топпен жұмыс

Сабақта қолданылатын стратегиялар: СТО. Қызғушылықты ояту кезеңі, Мағынаны тану кезеңі, Ой толғаныс кезеңі, сұрақ– жауап, пікірталас.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, үлестірмелі қағаздар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,Дүниежүзі тарихы,Технология .

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық. Студенттерді түгелдеу және назарларын сабаққа аудару.



  • Өткен сабақты қайталау,пысықтау;

  • Үй тапсырмасы бойынша білімін бекіту.

А) Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.

  • Глоссарии

  • Жаңа сабақтағы теориялық білім және топтарға әр түрлі тапсырмалар беру.

  • Рефлексия.

  • Білім алушылардың іс-әректі

1.1. Қызғушылықты ояту кезеңі

Білім алушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте білім алушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі рольдік көріністер көрсету, деңгейлік тапсырмалар арқылы үй тапсырмасын орындайды және жүзеге асырады.



Топтағы берілген логикалық тапсырмалардың жауабын бақылаушылардың берген ұпай санымен бағаланады.

  • Оқытушы іс-әрекеті:

1.2 «Мағынаны тану»

Жаңа сабақ үй тапсырмасын жалғайтын көпір
Студенттер назарын мұғалім жаңа сабаққа аударып, сабақ жоспары мен сабақтың мақсат міндеттерін түсіндіреді.

  • Студенттер жаңа сабақтаң тақырыбы мен жоспарын жазады.

  • Теориялық білім. /слайд,сурет, т.б/. Саяси партия




  • Топтарға тапсырмалар беру арқылы тақырыптың мазмұнын меңгертіледі.

  • Білім алушылардың ұжымдық іс-әрекеті:

1 тапсырма

  1. Алдаспан «Үш жүз» партиясының идеологиялық ұстанымы қандай?

  2. Алаш«Алаш» партиясының идеологиялық ұстанымы қандай?

  3. Барыс «Шура-ислам», Шура-улема партиясының идеологиялық ұстанымы қандай?

  • Оқытушы іс-әрекеті:

Балалар сендерге қандай саяси партияның идеологиялық

ұстанымы ұнады?

Студенттер жауабы талқыланып болған соң, оқытушы Қазақ баспасөзінің тарихы туралы анықтама бере отырып, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында келесі тапсырманы ұсынады.



  • Білім алушылардың топтық іс-әрекеті:

2 тапсырма

  • Алдаспан «Түркістан уалаятының газеті»,«Дала уалаятының газеті», «Үш жүз» газеттері

  • Алаш «Қазақ» газетінің негізгі идеялогиясы

  • Барыс «Айқап» журналының негізгі идеясы

  • Оқытушы іс-әрекеті:

1.3 «Ой толғаныс» кезеңі

Қазақ халқының тарихында ХХ ғасырдың басында көптеген саяси партиялар мен қазақ баспасөзінің негізі қаланды. Мұның өзі ұзақ жылдар, ғасырлар бойы отаршылдық қамыты мойнында келген қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өскендігі мен саяси саналыққа аяқ басқандығын аңғартады. Ендеше құрылған саяси партиялар мен қазақ баспасөзінің ішіндегі шоқтығы биік «Алаш» партиясы мен «Үш жүз» партиясының және Қазақ газеті мен Айқап журналының көтерген мәселедегі ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы оқушылардың пікірін тыңдайық..



  • Білім алушылардың топтық іс-әрекеті:

3 тапсырма

Алаш тобы

Салыстырмалы түрде айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазу.

Алдаспан тобы

Екі түрлі күнделік
Берілген парақшаның бетінің ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді түсініп оқып, түсінгендерін жазады.
Оңжағы Сол жағы
Мәтінде қатты әсер еткен үзінділер жазылады. Сол әсер еткен үзінділерге өз ойларын, пікірлерін жазады.

Барыс тобы

Галерияға саяхат
Жаңа сабақ тақырыбына сай, өз ойларын бір парақ қағазға суреттер арқылы және жазып, аудитория қабырғаларына жабыстырылады. Сонан соң барлық оқушылар бір-бірінің салған суреттер мен жазған ойларымен танысады.

  • Оқытушы іс-әрекеті:

XIX ғасырдың екінші жартысында шыға бастаған қазақ тіліндегі газет-журналдардың тарихы өткен XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қана зерттеле басталғандығы белгілі. Оның өзінде бұл зерттеулер бір жақты болды. Кеңес өкіметінің сойылын соқты.

  1. Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі.

  2. Қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасуының түп тамыры - "Қазақ" газеті.

  3. «Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің куәсі.

  • Үйге тапсырасы: Өзіндік жұмыс.

Оқушы білімін бағалау. Бағалау парақтарының қорытындысын баяндау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет