Сабақтың тақырыбы: Химия -заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы



бет9/17
Дата25.08.2017
өлшемі3,39 Mb.
#27441
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________



Мұғалімнің аты-жөні




_______орта  мектебі

Сыныбы

8

47 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сулы ерітінділер мен жүзгіндер. Қоспаларды бөлу жолдары.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.

Жалпы мақсаты

Сулы ерітінділердің табиғаттағы түрлерін, маңызын біледі. Сулы ерітінділердің қолдану салаларын талдайды.

Күтілетін нәтиже

Сулы ерітінділердің түзілу жодарын, маңызын, қолдану салаларын біледі.

Негізгі идеялар

Су – тіршіліктің көзі.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Тірек білім мен біліктер.

Суды қолданылатын мақсатына сәйкес қосымшалардан тазартудың түрлі әдістері болатындығына тоқталып өткен жөн. Ол үшін оқушылардың тірек білімін естеріне түсіреміз. Қоспаларды бөлудің қандай әдістері бар? Фильтрлеу әдісі суды қандай қосымшаларынан тазартуға қолданылады? т.б. сұрақтар қоюға болады. Мұнан кейін оларды тазалаудың басқа әдістерімен де таныстырамыз.

1.Айдау әдісі. Бұл әдіс суды еріген заттардан бөлу үшін қолданылатындықтан айта келіп, зертханада қолданылатын құралдың құрлысымен таныстыру қажет.

Көрнекі көрсету. 1. Ол үшін айдауға арналған құрал құрастырып, суды айдау процесі зертханада көрсетіледі. Зертханалық құралдардың жұмыс істеу принципін негізге ала отырып, өндірісте дистильденген су алуға арналған айдау кубына сипаттама беріледі.

2. Суды ерімейтін тығыздығы әр түрлі сұйық қосымшалардан бөлуге қолданылатын тағы бір зертханалық құрал бөлгіш варонкамен таныстыру. Ол үшін бөлгіш варонкаға су мен жанармай қоспасын құйып, олардың бөлу тәсілін көрсетуге болады. Айтылған әдістердің суды тазартуда кеңінен қолданылатынына тоқтала отырып, бірақ бұл әдістерді қолдану су ресурстарын пайдалану мәселелерін толық шеше алмайтындығына, қазіргі таңда елімізде оны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы заң заң қабылданып отырғанына баса назар аударылады.

Бұл сабақта тағы бір ерекше көңіл аударатын мәселе судың еріткіш екендігіне мысалдар арқылы көз жеткізу. Оқушылар судың түрлі заттарды ерітетінін табиғаттану курсынан білетіндігін ескере отырып, негізгі жұмыс "ерітінді" ұғымының мәнін ашуға бағытталады. Ол үшін төмендегі сөйлемдер қандай мағына ұқтыратыны талданады.

1. Тұз, қант және басқа заттар суда ериді.

2. Су көп заттарды ерітеді.

3. Суда заттардың еру құбылысы жүреді.

4. Су –жақсы еріткіш.

5. Ерітінді тұнбай, біркелкі болып тұрады.

Мұнда еріткіш ретінде судың қандай рөл атқаратындығы, заттардың еруі қалай жүретіндігі түсіндіріледі. Сонан соң тотиянның суда еруін көрсету қажет. Тәжірибені жүргізу барысында еруді жылдамдататын жағдай ескеріліп, оқушылар заттың еруі;

а) ерітіндіні араластырғанда:

ә) қыздырғанда;

б) зат пен еріткіш бетінің жанасуын арттырғанда;

в) еритін заттың тығыздығы еріткіштің тығыздығынан артық болғанда тез жүретіндігін қорытындылайды.

Оқушылардың табиғаттану курсынан заттардың шексіз ерімейтіндігін білетінін ескере отырып, қанықпаған және қанық ерітіндіге анықтама бергеннен кейін заттың ерігіштігі туралы ұғымды түсіндіру қажет. Ол үшін " заттардың ерігіштігі ерітінді қанық болуы үшін берілген температурада судың белгілі мөлшерінде заттың қандай массасы ери алатынын көрсетеді " –деген анықтамаға талдау жасалады. Мысалдар келтіре отырып , заттар суда еритін, аз еритін, ерімейтін болып бөлінетіндігін қорытындаланады.

Өтілген материалдарды бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Суды тазартудың қандай әдістері бар? Олар қандай жағдайда қолданылатынына мысалдар келтр.

  2. Тұрмыста қолданылатын заттардың судағы ерітіндісіне мысалдар келтір.

  3. Алтын мен мұнай көзін іздеуге қарағанда табиғи су көзін табуға

  4. ерекше күш пен еңбек жұмсалатын себебі неде? Дәлелді жауап беріндер.

  5. Географиядан, биологиядан алған біліміне сүйене отырып, төмендегі ойлардың мәнін түсіндіріңдер:

а) су –біздің ғаламшарымызда жер бедерін түзуші негізгі геологиялық фактор;

ә) су -өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамуының негізі: б)өзендер, көлдер, мұхиттар азық –түліктің және минералды заттардың энергия мен жылу көздерінің, қатынас жолдарының, жер бетіндегі ауа райының, климаттың және егін шығымының анықтауышы;

в) табиғатты аялау, оның байлықтарын қорғау міндеттерін өзің қалай орындайтының туралы хабар дайында.

Үйге тапсырма беру: § 36-37.



Бағалау Топтық бағалау

Рефлексия



Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.

Оқушылар жұмысты жеке және топпен орындайды.



Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________



Мұғалімнің аты-жөні




_______орта  мектебі

Сыныбы

8

48 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Суды лас қоспалардан тазарту. №3 сарамандық жұмыс.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.

Жалпы мақсаты

Сулы ерітінділерді қоспалардан тазалау жолдарымен танысады.

Күтілетін нәтиже

Сулы ерітінділерді тазарту жолдарын виртуалдық зертхана арқылы біледі. Өмірде қолдана біледі.

Негізгі идеялар

Су – тіршіліктің көзі.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Суды қолданылатын мақсатына сәйкес қосымшалардан тазартудың түрлі әдістері болатындығына тоқталып өткен жөн. Ол үшін оқушылардың тірек білімін естеріне түсіреміз. Қоспаларды бөлудің қандай әдістері бар? Фильтрлеу әдісі суды қандай қосымшаларынан тазартуға қолданылады? т.б. сұрақтар қоюға болады. Мұнан кейін оларды тазалаудың басқа әдістерімен де таныстырамыз.

1.Айдау әдісі. Бұл әдіс суды еріген заттардан бөлу үшін қолданылатындықтан айта келіп, зертханада қолданылатын құралдың құрлысымен таныстыру қажет.

Көрнекі көрсету. 1. Ол үшін айдауға арналған құрал құрастырып, суды айдау процесі зертханада көрсетіледі. Зертханалық құралдардың жұмыс істеу принципін негізге ала отырып, өндірісте дистильденген су алуға арналған айдау кубына сипаттама беріледі.

2. Суды ерімейтін тығыздығы әр түрлі сұйық қосымшалардан бөлуге қолданылатын тағы бір зертханалық құрал бөлгіш варонкамен таныстыру. Ол үшін бөлгіш варонкаға су мен жанармай қоспасын құйып, олардың бөлу тәсілін көрсетуге болады. Айтылған әдістердің суды тазартуда кеңінен қолданылатынына тоқтала отырып, бірақ бұл әдістерді қолдану су ресурстарын пайдалану мәселелерін толық шеше алмайтындығына, қазіргі таңда елімізде оны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы заң заң қабылданып отырғанына баса назар аударылады.

Бағалау Топтық бағалау

Рефлексия



Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.

Оқушылар жұмысты жеке және топпен орындайды.



Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________



Мұғалімнің аты-жөні




_______орта  мектебі

Сыныбы

8

49 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Ерітінділер концентрацияларының түрлері. Қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың судағы ерігіштігі. Кристаллогидраттар.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы, Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.

Жалпы мақсаты

Қаныққан және қанықпаған, концентрациялы және сұйылтылған ерітінділерді ажыратады. Әр түрлі агрегаттық күйдегі заттардың суда еру механизмдерімен танысады.

Күтілетін нәтиже

Еріткіш пен еріген заттың арасындағы сандық қатынасты ажыратады.

Негізгі идеялар

Су – тіршіліктің көзі.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, мольдік масса, элементтің күрделі заттағы массалық үлесін есептеу білігі. Физика курсынан еріген заттың массалық үлесі.



Сабақ барысы: Үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереміз.

  1. Судың физикалық қасиеттерін сипатта.

1. Суды қолданылатын мақсатына қарай тазарту әдістерінің қандай түрлері бар?

  1. Молекулалық теорияға сүйеніп, еру құбылысын қалай түсіндіруге болады?

  2. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер дегеніміз не?

Қанықпаған ерітіндісінің анықтамасын еске түсіргеннен кейін, оқушылармен осы ерітіндінің сандық құрамын қалай анықтауға болатындығы қарастырылады. Ол үшін оқушыларға "күрделі заттағы элементтің массалық үлес қалай есептеледі?" –деген сұрақ беріліп, бір мысалды талдаған соң, бұл әдіс еріген заттың массасы жалпы массаның қандай бөлігін құрайтынын есептеуге қолданылатынын ескертіледі. Физика курсынан еріген зат массаның ерітіндінің жалпы массасына қатынасын еріген заттық массалық үлесі деп айтатыны оқушыларға белгілі болғандықтан, енді осы массалық үлесті өрнектеу әдістері қарастырылады.

1. Массалық үлес бірліктерімен: а) ω = m еріген зат

m ерітінді

немесе процентпен өрнектеледі: ә) ω%= m еріген зат . 100%

m ерітінді

Оқушылардың физика мен математика сабақтарынан алған есептеу біліктерін қолдана отырып, еріген заттың массалық үлесін есептеуге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін, мысалы 25% -дық ерітінді туралы сөз болғанда, оқушылар 100г мұндай ерітіндіде 25г тұз бар екенін білуге қажет. Ол есептеу жүргізу барысында пропорция құруды жеңілдетеді. Бұл жерде процент дегеніміз – санның жүзге қатынасы екенін де ескерген жөн, яғни 25 % дегеніміз 25 , бұл жағдайда пропорцияның мәні өзгеріп,

100 мындай түрде өрнектеледі.

20 = 25 не 0,25=25%

80 100 Бұл пропорцияда оның кез келген мүшесі есеп шартына орай белгісіз болуы мүмкін:





  1. х = 25 2. 20 = 25 3. 20 = х

80 100 х 100 80 100

Бірінші пропорцияға мынадай есеп сәйкес келед: 80г 25% -тік тұз ерітіндісі берілген. Еріген тұздың массасы қандай?

Екінші пропорция: 20г тұзды ерітіп, 25% -тік ерітінді алу үшін, судың қандай массасын алу қажет?

Үшінші пропорция: егер 80г ерітіндіде 20г тұз бар екені белгілі болса, еріген заттың массалық үлесі қандай?

Осылайша мұғалім бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы ерітінді дайындау үшін тұздың, судың қандай массасы қажет екенін, еріген заттың массалық үлесін табуға болатынын оқушыларға басқа пәндерден белгілі әдістермен түсіндіре алады. Сонымен қатар еріген заттың массалық үлесін анықтауға арналған формулалардан:

m еріген зат = ω% (ер.зат) · m ерітінді

100%

еріген заттың және судың массасын біле отырып, массалық үлесі белгілі ерітінді даярлауға болатындығын оқушылар өз бетінше қорыта алады.

Ерітіндінің белгілі мөлшерінде еріген зат мөлшері тек пайыздық концентрациясымен ғана өрнектелмейтіндіктен және іс жүзінде өте жиі қолданылатындықтан бұл сабақта молярлық концентрация туралы ұғым қалыптастырылады. Молярлық концентрация 1000мл (1л) ерітіндіде еріген заттың қанша мөлшері болатындығын көрсетеді. Осыған орай оқушылар зат мөлшері деген шама не білдіретіндігін оның өлшем бірліктерін еске түсіреді.

Егер, мысалы, 1000мл ерітіндіде 1моль зат еріген болса, онда мұндай ерітінді бір мольді (1М) деп аталады.

Егер 100мл ерітіндіде 0,5 моль зат еріген болса, оның концентрациясын анықтау үшін 1000мл осындай ерітіндіде еріген заттың қанша молі бар екенін табу керек.

0,5 · 1000 = 5 моль, яғни ерітінді 5М. Көрсетілген концинтрация түрінің

100


өзіндік ерекшелігі бар екеніне көңіл аудару қажет. Мәселен, молярлық концентрациясы бірдей ерітінділердің бірдей көлемдегі зат мөлшері (моль) бірдей болады. Бірақ әр түрлі массаларының моль саны әр түрлі болғандықтан, еріген заттың массасы бірдей болмайды. Мысалы, 100г 10% -тік ас тұзы және қант ерітіндісінде көрсетілген заттар 10г болады. Сарамандық жұмыста – оқушыларды түрлі концентрациялы ерітінділер даярлауға дайындау мақсатында мынадай есептеулер жүргізуге жаттықтыру қажет.

Есеп: 0,4М 100мл глюкоза ерітіндісін даярлау қажет.

Глюкозаның формуласы С6Н12О6 салыстырмалы малекулалық массасы 180.

Молярлық концентрациясы анықтамасы бойынша 1000мл, 0,4М ерітіндіде 0,4 моль еріген зат болады, яғни 180г/моль · 0,4моль =72г Ал 100мл ерітіндіде, еріген зат бір литрдегіден 10 есе аз болатындықтан, мұндай ерітінді даярлау үшін 7,2г глюкоза өлшеп алу қажет болады. Мұндай есептеулер жүргізген соң, оқушыларға молярлық ерітіндіні даярлау барысында өлшеуіш колба мен өлшеуіш цилиндр қолдану ыңғайлы екені ескертіліп, онымен жұмыс істеу технологиясы көрсетіледі.

Оқыған материялды бекіту үшін орындалатын жаттығу жұмыстары.

1. Оқулықтағы 2, 3, 4, 5 ,6–жаттығу.

2. 50мл ерітіндіде 0,1 моль еріген зат бар. Ерітіндінің молярлық концентра циясы қандай?

3. Қай ерітіндіде зат көп мөлшерде болады: 150г 10% -тік натрий хлоридінің ерітіндісіне ме, әлде осы тұздың 0,1 моль 1л ерітіндісіне ме?

Үйге тапсырма беру: §38. Есептер жинағынан:3-25,3-26,3-28,3-30,3-31

Бағалау Топтық бағалау

Рефлексия



Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

Ұпай жинау арқылы оқушылар бағаланады.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.

Оқушылар жұмысты жеке және топпен орындайды.




Каталог: uploads -> doc -> 0c0c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c0c -> Психологиялық дайындық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет