Сабақтың тақырыбы: Химия -заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы



бет7/17
Дата25.08.2017
өлшемі3,39 Mb.
#27441
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

17 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Қайталау


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру

Күтілетін нәтиже

Тарау бойынша алған білімдерін жинақтайды

Негізгі идеялар

Химиялық формула құру, реакция теңдеулерін теңестіру, сан есептерін шығару

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі




Сабақтың түрі

Қайталау

Әдіс-тәсілдер

Жеке, топтық жұмыстарға жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу

-Сыныпта жағымды ахуал туғызу

-санау арқылы 3 топқа бөліп отырғызу

-Сабаққа дейінгі көңіл күйім (смайлик арқылы бақылау)

- сабақтың мақсатын айту
№1 тапсырма оқушыларға сұрақтар қою

І топ


1 Физикалық денелерді құрайтын нәрсе (зат)

2 Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы көрінбейтін қоспа қалай аталады ? ( біртекті )

3 Шынының балқуы қай құбылысқа жатады ( физикалық)

4 «Бөлінбейтін » ең кішкентай бөлшектер ( Атомдар )

5 Атомдардың әр түрінен түзілген заттар ( күрделі заттар

ІІ -топ


6 Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы (16)

7 Мыстың латынша аты ( купрум)

8 Плюмбум – ( қорғасын )

9 О — әріпімен белгіленетін элемент ( оттегі )

10 Таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазылатын реакциялар

 ( химиялық тендеулер)



ІІІ  топ

1 Заттардың  агрегаттық күйлері ( сұйық , газ ,қатты)

2 Темірдің тот басуы қандай құбылысқа жатады ( химиялық )

3 Атом –молекулалық ілімді жасаған орыс ғалымы ( Ломоносов)

4 Эн таңбасы ( азот )

5 Кремнийдің латынша аты ( Силициум )

№2 тапсырма Жұптық жұмыс

Эксперименттік бөлім. (физикалық және химиялық құбылысқа байланысты, химиялық реакциялардың белгісіне байланысты тапсырмалар беріледі)

№3 тапсырма

І топ


5 г. мыс (ІІ) оксиді түзілген болса, мыспен реакцияласқан. оттегінің массасын есептеңдер.

ІІ топ


Зат мөлшері 0,2 моль алюминий оксидінің (АL2 O3) массасын есепте.

ІІІ топ


480г магний толық жанғанда түзілген магний оксидінің массасы 800
Қорытынды бөлім

Оқушылардан « ACTIV ote» құрылғысы арқылы қысқа тест алынады.

1.Азот қышқылының мольдік массасы

A) 63 моль. B) 63 г. C) 63. D) 63 г/моль. E) 63 моль/г.

2. Химиялық таңбасы О ...

A) бір молекуланы көрсетеді. B) жай заттың бір молін көрсетеді. C) салыстырмалы молекулалық массаны көрсетеді.

3.Cu + HgCl2  CuCl2 + Hg теңдеуімен өрнектелген реакция типі

A) орын басу B) қосылу C) айрылу

D) бейтараптану E) алмасу

4.Айырылу реакциясы

A) K2O + SO3 K2SO4

B) AgNO3 + NaCl  AgCl + NaNO3

C) ZnSO3 + 2HCl  ZnCl2 + H2O +SO2

D) CuCl2 + Fe  Cu + Fe Cl2



E) MgCO3 MgO + CO2

5. Массасы 128 г күкірттің зат мөлшері:

а)3 моль. B) 1,5 моль.C) 4 моль.D) 2 моль.E) 5 моль.
Сабақ рефлексиясы

Үйге тапсырма беру: Бақылау жұмысына дайындық


Оқушылардың іс-әрекеті
Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді, сабаққа дейінгі көңіл күйін смайликтерді көтеру арқылы білдіреді.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жеке жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі

Жұптық жұмыс жасау арқылы тапсырманы орындап шығады

Рөлдік ойын

(топ жетекшісі, баяндамашы, уақыт сақшысы, хатшы, бақылаушы) Топ атынан баяндамашы қорғайды Критерий арқылы бағалау

Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Өз жұмысын дайын жауаптар арқылы тексереді.

Сабаққа кейінгі көңіл күйім (смайлик арқылы бақылау)


Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------


Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

18 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

№1 Бақылау жұмысы


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Өтілген сабақта алған теориялық және практикалық білімді қайталап бекітіп, еске түсіріп, қорытындылай алады

Күтілетін нәтиже

Өтілген сабақта алған теориялық және практикалық білімді қайталап бекітіп, еске түсіріп, қорытындылайды

Негізгі идеялар

Өтілген тақырыпты жинақтау

Құрал-жабдықтар:

Интерактвті тақта, таратпа қағаздар, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі



Сабақтың түрі

Бақылау жұмысы

Әдіс-тәсілдер

Жеке жұмыс


Сабақ

бойынша мұғалім жазбалары




Мұғалімнің іс-әрекеті

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды түгелдеу

І, ІІ нұсқада тапсырмаларды беру.



Оқушылардың іс-әрекеті

а)Берілген тапсырмаларды жеке орындау




І нұсқа

1.Төмендегі қосылыстардың формулаларындағы элементтер таңбаларының үстіне валенттілігін көрсетіңдер.

Na2S, SiH4, AlCl3, N2O5

2. Мыс (І) оксиді құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеңдер

3.Массасы 36 грамға тең судың зат мөлшерін табыңдар.

4.Сызбанұсқа бойынша коэффиценттерді қойып теңестіріңдер

Fe2O3+Al→ Al2O3+Fe

LiNO3→LiNO2+O2

5.Химиялық реакция теңдеуі бойынша 12 г маний тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутектің массасы
ІІ нұсқа

1.Төмендегі қосылыстардың формулаларындағы элементтер таңбаларының үстіне валенттілігін көрсетіңдер.

BaO, NH3, Al2O3, K2O

2.Алюминий оксиді құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер.

3.Зат мөлшері 2 мольге тең амммиактың массасы есептеңдер

4. Сызбанұсқа бойынша коэффиценттерді қойып теңестіріңдер

Cu+O2→CuO, Cu(NO3)2→CuO+NO2+O2

5.Химиялық реак. Теңдеуі бойынша 27 г су айырылғанда түзілген оттектің массасын есептеңдер



Үйге тапсырма беру:Қайталау
Оқушылардың бақылау жұмыстарын бағалауы

-орындай аламын




-сенімді емеспін



-орындай алмаймын

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары______________________

Мұғалімнің аты-жөні




______ орта  мектебі

Сыныбы

8

40 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сутек – химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  Н.Нұрахметов. 8 - сынып оқулығы. К. Жексембина әдістемелік нұсқау.

Жалпы мақсаты

Сутек атомының, сутек молекуласының, жай зат ретінде сутектің құрамын, құрылысын, қасиеттерін сипаттайды. Сандық сипаттамаларын анықтайды. Табиғаттағы кездесуін талдай отырып, изотоптарының құрылысын біледі.

Күтілетін нәтиже

Сутектің құрылысына, сандық сипаттамаларына толық талдау жасай біледі.

Негізгі идеялар

Сутек – жеңіл, жанатын, иіссіз, түссіз, табиғатта кең таралған, белсенді газ.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, «Аялдама» әдісі

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.



ІІ. Негізгі кезең .Жаңа сабақ : Синтетикалық каучук (көксағыз)

  1. Тірек сөздер тақтада ілініп тұрады: Сутектің периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы. Жай зат, күрделі зат, химиялық элемент, изотоп. Осы сөздерді ІҮ топқа бөлеміз.

  2. «Аялдама » әдісі . І топқа Сутектің периодтық жүйедегі орны.; ІІ топқа Сутектің табиғатта таралуы; ІІІ топқа жай зат, күрделі зат, химиялық элемент; ІҮ топқа изотоп беріледі.

Тірек білім мен біліктер. Сутек, оның физикалық қасиеті, химиялық реакция. Тотықсыздандырғыш.

Виртуалды тәжірибе: а/ сутегінің оттегінде жануы; ә/ Сутегінің тазарғанын тексеру; б/ Сутегінің ауада және оттегінде жануы; Судың түзілуі. Жасалған тәжірибелерден шығатын қортынды: Сутегі –жанғыш зат оттегімен қосып жандырғанда қопарылыс береді. Топтарға мынадай сұрақтар беріледі: Сутегі күрделі заттың құрамында оттегімен әрекеттеседі ме ? Құрамында оттегі бар қандай күрделі заттарды білесіндер?



Сутегінің қасиеті

Сутегінің қолданылуы

1.Өте жеңіл газ

2. Оттегінде жануы /жалынның температурасы 2500°C/

3.Бейметалдармен қосылуы /мысалы, хлор, азот/

4.Металдарды тотықсыздандыру: WO3+3Н2=W+3Н2О



Атмосфераны зерттеу үшін шарзондтар толтырылады

Металдарды қосу, отын ретінде ерекше құрылысты іштен жану двигательдерінде қолданылады

Қышқылдарды алу /мысалы, тұз қышқылы/, аммиакты /NH2/ және азот тыңайтқыштарын алу үшін

Кейбір металдарды алу үшін




Кестенің оң жағын кітаппен өздігіннен жұмыс істеу арқылы оқушылар өздері толтырылады. Мұғалім жазған жуаптарын тексереді.

Үйге тапсырма. §31. 3,4,6 –жаттығулар. Темір /ІІ/, алюминий АІ, литий /Lі/ металдармен тұз қышқылын арасындағы реакция теңдеулерін жазындар.



Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

«Аялдама» әдісі бойынша оқушылар әр топтың тапсырмасына барып тапсырманы топта талдап өз ойларын постерге түсіріп кетеді. Соныңда әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Жұмыстары бағаланады.

Оқушылар зерттеу жұмыстарын интернет желісінен, оқулықтардан іздейді.




Каталог: uploads -> doc -> 0c0c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c0c -> Психологиялық дайындық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет