Сабақтың тақырыбы: Химия -заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы



бет3/17
Дата25.08.2017
өлшемі3,39 Mb.
#27441
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

5 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Атомдар мен молекулалар. Атом-молекулалық ілім және оның маңызы

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Атомдар мен молекулалардың анықтамасын, атом-молекулалық ілімнің қағидаларын ұсынған ғалымдар туралы білім қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Атом және молекула ұғымын, атом- молекулалық ілімнің негізгі қағидаларының мәнін түсінеді

Негізгі идеялар

Атом-заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.

Молекула-заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.

Атом-молекулалық ілім-атомдар мен молекулалар жайындағы білімнің жиынтығы.


Құрал-жабдықтар:

АКТ, слайд, плакаттар, М.В. Ломоносовтың портреті, атом модельдері.



Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс (Джиксо 1), жас ерекшеліктерін сәкес сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.
Кіріспе бөлім

1.Таза заттар дегеніміз не?

2.Қоспалар дегеніміз не?

3.Қоспаларды нешеге бөлеміз?

4.Қоспаларды бөлу әдістерін ата?

5.Құм мен тұздың қоспасын бөлудің жоспарын құрыңдар


Негізгі бөлім
Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады. Әр топқа бір тақырыптан бөлініп беріледі.

І-топ: Атомдар мен молекулалар

ІІ-топ: Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары

ІІІ-топ: Атом мен молекуланың ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жасау


Қорытыды бөлім

1.«бастапқы заттарды құрайтын атомдарлан жаңа заттардың түзілуі химиялық реакция деп аталады» қағидасының мағынасы

2.Таразының оң жақ табақшасына ішінде көмірқышқыл газы бар ауызы ашық колба, ал сол жақ табақшаға массасы және көлемі сондай, ішінде сутегі бар колба орналастырған. Табақшалар қалпының уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін бе?

3. «Атом» және «молекула» сөздерін қажетті септікте пайдаланып, төмендегі сөйлемдіаяқтаңдар:

а)Су ..... құрамына оттек және сутек .... кіреді;

ә)Ауаның құрамында азот және оттек .... бар;

б)Адам мен жануарлар тыныс алғанда оттек .... пайдаланады

Кері байланыс

Үйге тапсырма беру: Атомдар мен молекулалар. Атом-молекулалық ілім және оның маңызы


Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.
Оқушыларға өздігінен орындау үшін тапсырма беріледі. (5 минут).

Содан соң жұмыстарын алмастыру арқылы жауап үлгілері арқылы бірін-бірі бағалау жүргізеді.

Оқушылар тақырыппен танысып шығады. Тақырып мазмұнын топтық талқылауға салады.

Топ атынан баяндамашы қорғайды, топ жұмысын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Оқушылар жеке жұмысты орындайды, Орындалған жұмысты қол бармақтары арқылы бағалайды
.

Оқушылар бүгінгі жеткен жетістіктерін таным ағашын бояу арқылы көрсетеді


Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

6 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары. Металдар мен бейметалдар туралы түсінік

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Химиялық элемент және оның таңбасы. Д. И Менделеев құрастырған периодтық кестесі туралы біледі. Металдар мен бейметалдар туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Химиялық элементтердің таңбасы мен атауларына, металдар мен бейметалдарға талдау жасайды

Негізгі идеялар

Химиялық элемент-атомдардың белгілі бір түрі. Бейметалдардың металдар сияқты бәріне тән ортақ қасиеттері болмайды.

Құрал-жабдықтар:

АКТ, плакаттар, Дж. Дальтонның портреті, Д.И. Менделевтің периодтық кестесі



Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Жас ерекшеліктерін сәкес сұрақтар мен тапсырмалар, топтық жұмыс (Джиксо 1)

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу

-Сыныпта жағымды ахуал туғызу

-Оқушыларды 3 топқа бөлу (Химиялық элементтердің атауы, таңбасы, металдар бойынша бөлінеді)

ІІ.Кіріспе бөлім

Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі.

1.Қандай көрнекті ғалымдар атом-молекулалық ілімнің дамуына өз үлестерін қосты?

2.Қай қалада өткен сьезде «атом» және «молекула» ұғымдарына нақты анықтама берді?

3.Заттардың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі қалай аталады

4.Бірдей атомдар бірігіп нені түзеді?

5. Әр түрлі атомдар бірігіп нені түзеді?

ІІІ. Негізгі бөлім

-Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады, мақсаты таныстырылады.

-Жаңа терминдермен жұмыс жасалады

Оқушылар мәтінме танысып шығады.

Мәтін бойынша постер құрастырады.

1.«Химиялық элемент» дегеніміз не?

2.Табиғатта қанша химиялық элемент түрі кездеседі?

3.Химиялық элементтерді қандай екі топқа бөледі, аттарын атаңдар. Осы элементтердің химиялық таңбаларын жазыңдар.

4.Химиялық элемент атомдары ұғымдарын пайдаланып, жай және күрделі заттардың анықтамасын беріңдер.

№1 Зертханалық тәжірибе (1.1) орындалады.


IV. Қорытынды бөлім

Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

1.Химиялық элемент алғаш енгізген ағылшын ғалымы-

2.Химиялық таңбаны ұсынған шведтің әйгілі химигі-

3.Коэффицент дегеніміз не?

4.Химиялық таңба нені бейнелейді?

5.Оттегі, азот, көміртегі, сутегі, иод, кальций, көміртектің таңбалары қандай?
Кері байланыс

Үйге тапсырма беру: Химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары. Металдар мен бейметалдар туралы түсінік


Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылар бүгінгі сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын алады. 3- топқа бөлініп отырады.

.

Оқушылар жеке жұмыс жасап жауап береді. Берілген жауапты дайын жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалайды.


Оқушылар тақырып пен жаңа ұғымдарды жазып алады. Жетекші сұрақтарға жауап береді. Топ ішінде талқылап топ атынан баяндамашы қорғайды.

Топ жұмысын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Оқушылар жеке жұмыс жасап жауап береді, өз жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.


Сабақ рефлексиясын жазады

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

7 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса



Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Жай және күрделі заттар, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса туралы түсінік алады.

Күтілетін нәтиже

Жай және күрделі заттардың салыстырмалы атомдық және молекулалық массасларын есептеуге үйренеді.

Негізгі идеялар

Бірдей атомдар бірігіп жай заттар, ал әртүрлі атомдар бірігіп күрделі заттар түзеді. Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз шама, өйткені оны құрайтын элементтердің салыстырмалы атомдық массасының да өлшемі жоқ.

Құрал-жабдықтар:

АКТ, слайд, маркер, 8 сынып электронды оқулық



Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар. Венн диаграммасы

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.
II.Кіріспе бөлім

Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау

1.Химиялық таңбаның оқылуы және айтылуы арқылы таңбасын жазыңдар?

Эн, Барий, силициум, плюмбум, марганец, гидраргирум

2.Элементтің қазақша атауы арқылы химиялық таңбасын және айтылуын жазыңдар

Алтын, мырыш, сутек, сынап, кальций, темір, фтор, қоғасын, бор, бром, көміртек.

3.Магнийдің 2 атомы, күкірттің 8 атомы дегенді қалай жазуға болады?

III. Негізгі бөлім

Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

Сабақтың мақсаты айтылады.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.

І- тапсырма:

Әр топқа мәтін бөлініп беріледі.

І-топ: Жай және күрделі заттар

ІІ-топ:


Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаслары

ІІІ-топ:


Заттың салыстырмалы молекулалық массасы

ІІ. №1 Көрсетілім (1.2) орындалады


ІІІ-тапсырма: венн диаграмасы

Оқушылардан жай және күрделі заттардың, салыстырмалы атомдық масса мен салыстырмалы молекулалық массаның ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жасайды.



ІV.Қорытынды бөлім

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

1.Заттың жай немесе күрделі екенін қалай анықтауға болады?

2.Cалыстырмалы атомдық және молекулалық массалардың өлшем бірліктері қандай?

3.Мына заттарды жай және күрделі заттарға жіктей отырып олардың салыстырмалы атомдық және молекулалық массаларын табыңдар.

H2SO4, CH4, H2S, Lі, Be.

4.Мыналардың: көміртегі атомының, су молекуласының, магний атомының, оттегі молекуласының қайсысының массасы үлкен?

5. Мына заттардың формулалары берілген: O3, S4, CaCO3, Na, H3PO4, P4, NaOH. Осылардың ішінде жай заттар санын және молекулалық массасы ең ауыр затты анықтаңыз:

Сабақ рефлексиясы
Кейінгі тапсырма: Тақырып бойынша тест тапсырмаларын құрастыру (5 тест)

Үйге тапсырма беру: Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса



Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.

Оқушыларға өздігінен орындау үшін тапсырма беріледі. (5 минут).

Содан соң жұмыстарын алмастыру арқылы жауап үлгілері арқылы бірін-бірі бағалау жүргізеді.
Оқушылар тақырыппен танысып шығады. Тақырып мазмұнын топтық талқылауға салады.

Топ атынан баяндамашы қорғайды, топ жұмысын критерий арқылы бағалайды.

Венн диаграммасы

Оқушылар жеке жұмысты орындап, бүгінгі сабақтан не түсінгенінне анализ жасай алады.

Оқушылар сабақ рефлексиясын жазады.

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

8 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Зат мөлшері. Молярлық масса


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық массаның анықтамаларын біледі

Зат мөлшері. Молярлық массаның ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жасайды



Күтілетін нәтиже

Зат мөлшері, моль, молярлық масса ұғымдарын пайдаланып есептер шығарады.

Негізгі идеялар

Зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Заттың әр молінің массасы молярлық масса деп аталады.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі, маркерлер.




Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар.

Жеке жұмыс (Кім жылдам?)



Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Техника даярлығы

-Оқушылардың сабаққа даярлығы

-Оқушыларды түгелдеу

-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Кіріспе бөлім

Оқушыларға жұптық тапсырмалар беріледі.

1.Мына заттарды жай және күрделі заттарға жіктей отырып олардың салыстырмалы атомдық және молекулалық массаларын табыңдар.

SO3 , S . SO2 , Ca, Fe2O3, Cu(NO3)2

2. Мына заттардың формулалары берілген: O3, S4, CaCO3, Na, H3PO4, P4, NaOH. Осылардың ішінде жай заттар санын және молекулалық массасы ең ауыр затты анықтаңыз:
ІІІ. Негізгі бөлім

-Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы,

-жаңа терминдер мен ұғымдар жазылады

- Зат мөлшері. Молярлық масса туралы түсінік беріледі

-Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

Оқушылар топтық жұмыс жасайды

І-топ:Зат мөлшері. Моль

ІІ-топ:Авогадро саны

ІІІ-топ:Молярлық масса
Кім жылдам?

1.Зат мөлшері ретінде алынған физикалық шама? (зат мөлшері)

2.Зат мөлшерінің шартты белгісі (v-ню)

3.Зат мөлшерінің өлшем бірліг і (моль, л/моль)

4.Авогадро саны (NA) 6.02*1023

5.Әрбір заттың бір молінің массасы қалай аталады? (молярлық масса)



ІV.Қорытынды бөлім

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

1. Азот қышқылының мольдік массасы

2.Құрамында 3,011023 оттек атомдары бар натрий гидроксидінің зат мөлшері

3. Зат мөлшері 3 моль күкірт қышқылының массасы?

Сабақ рефлексиясын жазады.



Кері байланыс

Үйге тапсырма беру: Зат мөлшері. Молярлық масса



Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушыларға топқа бөлініп отырады және күн ретін тақтадан көшіріп алады

Оқушылар берілген тапсырманы өз жұбымен орындайды. Орындалған тапсырманы тексеріп «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Оқушылар тақырыпты, жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

Оқушылар берілген тапсырмаға өз ойлары мен түсініктерін пайдаланып топ ішінде талқылап, мысалдар келтіреді. Топ атынан баяндамашы қорғайды.

Қорғалған жұмысты «екі жұлдыз, бір ұсыныс » арқылы бағалайды.

Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап беріп, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

Оқушылар жеке жұмысты орындайды.


Сабағымыздың тақырыбына қайта оралайық.

Сабақтың басында қандай мақсат қойдық?

Біз сол мақсатқа жете алдық па?

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

9 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық формулалар. Валенттілік. Зат құрамының тұрақтылық заңы.


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Химиялық формулаларды құрастыруды, валенттілікті пайдалануды, зат құрамының тұрақтылық заңы туралы ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

Заттың формуласындағы атомның валенттілігін анықтайды. Атомдардың бір-бірімен белгілі қатынаста қосылатынын түсінеді.

Негізгі идеялар

Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі. Валенттіліктің өлшемі ретінде сутек атомы валенттігінің мәні алынған, ол 1-ге тең. Заттың құрамы көбіне оның алу тәсіліне тәуелсіз, сондықтан тұрақты болып келеді.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі


Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

«Ыстық орындық» ойыны, топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу

-Сыныпта жағымды ахуал туғызу



ІІ. Кіріспе бөлім

Оқушыларға жеке тапсырмамен жұмыс жасау тапсырылады.

1.Зат мөлшері 0,5 моль натрий карбонатының массасын анықтаңыз.

2. Массасы 814 г кальций гидроксидінің моль саны ...


ІІІ. Негізгі бөлім

-Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

-Бүгінгі сабақтың мақсаты таныстырылып өтіледі.

-жаңа терминдер мен ұғымдармен жұмыс жасайды

- Мәтінмен танысу тапсырылады. -Мәтінмен танысып болған соң мәтін бөлініп беріледі.

І-тапсырма: Оқушылар топтық жұмыс жасайды

І-топ:Химиялық формулалар

ІІ-топ: Валенттілік

ІІІ-топ:Зат құрамының тұрақтылық заңы

І-тапсырма:»Ыстық орындық» ойыны


ІV.Қорытынды бөлім

1. .Барий ортофосфатының молярлық массасы

2.Құрам тұрақтылық заңын тұжырымдаған француз ғалымы?

3. Берілген оттекті қосылыстардағы мыс, темір, марганец элементтерінің валенттігін табыңдар: Cu2O, CuO, FeO, Fe2O3, MnO2, Mn2O3, Mn2O7.

4. Берілген қосылыстардың формуласы бойынша бірінші тұрған элементтің валенттігін анықтаңдар: а) І валентті хлордың қосылыстары: KCL, MgCl2, FeCl3 б)ІІ валентті күкірттің қосылыстары: K2S, CaS, Al2S3, Cu2S

5.Мына элементтерді пайдаланып формула құрастырыңдар: Н, О. С, K, Na



Үйге тапсырма беру: Химиялық формулалар. Валенттілік. Зат құрамының тұрақтылық заңы.


Оқушылардың іс-әрекеті
Оқушыларға топқа бөлініп отырады және күн ретін тақтадан көшіріп алады
Оқушылар берілген жеке тапсырманы орындайды. Орындалған тапсырманы өзі тексеріп бағалайды.

Оқушылар тақырыпты жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Мәтінді топ ішінде талқылап, барлық ақпаратты қағаз бетіне түсіреді. Топ атынан баяндамашы қорғайды. Критерий алу арқылы бағалайды.
Оқушылар жеке жұмысты орындап, бүгінгі сабақтан не түсінгенінне анализ жасай алады.

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

10 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар



Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Күнделікті табиғатта кездесетін денелер мен заттардың өзгеріске қалай ұшырайтынын еске түсіре отырып, осы құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажыратады. Химиялық реакцияларға тән белгілер туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады. Химиялық реакциялардың белгілері туралы біледі

Негізгі идеялар

Физикалық құбылыстың құрамы өзгермейді. Химиялық құбылыс кезінде бір заттар екінші заттарға айналады. Химиялық реакциялардың жүруінің белгілері жаңа заттардың түзілуімен сипатталады.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, ЭО.Химия. 8 сынып.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Жеке, топтық тапсырмалар, «Химиялық жүріс» ойыны

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.

ІІ. Кіріспе бөлім

Оқушыларға жеке тапсырмалар беру

1.Nа,О,Р,Рb-элементтер қатарынан тұрақты валенттілік көрсететін элементтердің таңбаларын бөліп жазып беріңдер?

2.ZnСІ2-формуласы қалай оқылатынын жазып көрсет (Мысалы : Н2О – аш- екі- о)

3.К(І)О, Ғе(ІІІ)СІ қосылыстарының формулаларын құрастырыңдар (Жақша ішінде элементтердің валенттіліктері көрсетілген

4. 5.Берілген атом топтары валенттіліктері бойынша х және у -ті сәйкес индекстерге ауыстырып күрделі заттардың формулаларын құрастырыңдар?

Nіх(ОН)у Мnх(NО3)у

5.Зат құрамының тұрақтылық заңы дегеніміз не?



ІІІ. Негізгі бөлім

1.Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады,

2. Жаңа ұғымдар мен терминдерді теріп жазу тапсырылады.

3.Мәтінмен танысу тапсырылады

І-тапсырма.Мәтін топтарға бөлініп беріледі

І-топ:Физикалық және химиялық құбылыстар

ІІ-топ: Химиялық реакциялардың белгілері

ІІІ-топ: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілерінің ұқсастығы мен айырмашылығы.

ІІ-тапсырма

«Химиялық жүріс» ойыны. Ойынның шарты: Әр топтан 1 оқушыдан шығып, көрсетілген жерге дейін адымдап құбылыстар мен химиялық реакцияның белгілеріне мысалдар келтіреді.

І-топ:Химиялық реакцияның белгісіне

ІІ-топ:Физикалық құбылыс

ІІІ-топ: Химиялық құбылыс

Эксперименттік бөлім

Көрсетілім №1 (1.3)

Зертханалық тәжірибе №1 (1.2, 1.3)

ІV .Қорытынды бөлім

Оқушылардан « ACTIV ote» құрылғысы арқылы қысқа тест алынады.

1. Физикалық құбылыс –
А. Денелерді құраушылар
В. бір зат екінші бір затқа айналады
С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермейді
2. Химиялық құбылыс –
А. Денелерді құраушылар
В. бір зат екінші бір затқа айналады
С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермейді
3. Химиялық құбылысты тап
А. мыс пластинкасын қыздырғандағы оның қараюы
В. қантты ұнтақтау
С. мұздың еруі
4. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатады:
А. судың булануы;
В. тұнбаның түсуі;
С. қыраудың қатуы.
5. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатпайды:
А. тұнбаның түсуі;
В. газдың бөлінуі;
С. агрегаттық күйінің өзгеруі.

ІІ-тапсарма

Берілген сұрақтарға жауап жазады

1.Мыналарды а)ағашта қыраудың түзілуін; б)мыстан жасалған бұйымдарда жасыл дақтардың пайда болуын; в)темірдің таттануын физикалық немесе химиялық құбылыстардың қайсысына жатқызуға болады?

2.Сусыз мыс сульфаты-ақ түсті. Оған су қосқанда қызады да көгілдір түсті ерітінді түзіледі? Бұл кезде физикалық немесе химиялық құбылыстың қайсысы байқалады? Жауаптарыңды түсіндіріңдер

Сабақ рефлексиясын жазу тапсырылады.

Үйге тапсырма беру: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар


Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Берілген жауапты дайын жауаптары арқылы тексеріп өзін-өзі бағалайды.

Оқушылар тақырып пен жаңа ұғымдарды жазып алады. Оқушылар мәтінмен таныса отырып жеке жұмыс жасайды.Топ ішінде талқылайды.

Әр топ өзара(екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы) бағалайды
Берілген тапсырма бойынша ұтқыр мысал келтірген оқушыны шапалақ ұру арқылы бағалау.
Оқушылар қысқа тестпен жұмыс жасайды. Өз жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

Жұптарда өзара бағалауды жүзеге асырады. Жұбының жұмысын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды


Оқушылар бүгінгі сабақтан ұнағанын, қиын болғанын стиктерге жазып іледі.


Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

11 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Зат массасының сақталу заңы туралы, реагенттер мен өнңмдер туралы түсінік алады. Химиялық реакция теңдеулерін құру жолдарымен танысады.

Күтілетін нәтиже

Реагент және өнім туралы және зат массасының сақталу зыңының анықтамасын біледі

Химиялық реакция теңдеулерін құру шарттарын, зат массасының сақталу заңының маңызын түсінеді. Химиялық реакция теңдеулерін жазады.



Негізгі идеялар

Химиялық реакция теңдеуі-бастапқа заттардың соңғы заттарға айналуын сипаттайды. Заттар массасының сақталу заңы-реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатынын көрсетеді.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, маркерлер, плакаттар

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Жұптық жұмыс. жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.
ІІ. Кіріспе бөлім

Жұптық жұмыс

Оқушылар жұптық жұмыс жасай отырып берілген сұрақтарға жауап береді

1.Автомобил двигателі жұмысы физмкалық және химиялық құбылыстармен байланысты екенін қандай деректермен дәлелдеуге болады?

Жауаптарыңды түсіндіріңдер

2.Май шам жанғанда қандай құбылыс байқалады? Мұнда жаңа заттар түзілеме, түзілсе қандай заттар түзіледі және олардың түзілгенін қалай дәлелдеуге болады?

3.Мыналарда: а)суды айдағанда; б)ағашты құрғақ айдағанда химиялық өзгерістер байқала ма?



ІІІ.Негізгі бөлім

Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады,

Жаңа ұғымдар жазылады.

1.Химиялық теңдеу деген не?

2.Химиялық теңдеу құрудың басты шарты қандай?

3.Химиялық теңдеу мен алгебралық теңдеудің қандай ұқсастықтары және қандай айырмашылығы бар?

4. Зат массасының сақталу заңын қалай түсінесіңдер?

5.Неге реагенттер мен өнімдердің массалары бірдей болады әрі өзгермейді? Атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріңдер.

6.М.В. Ломоносов тәжірибесінің мәнін қалай түсінесіңдер?
ІV .Қорытынды бөлім

1.Мына реакция теңдеулерін теңестір

ZnO + C = Zn + CO; TiCI4 + 2Mg = Ti + 2 MgCI2

MoO3 + 3H2= Mo + 3H2O; Cr2O3 + 2 AI = 2Cr + AI2O3

2.Ағаш жанған соң аздаған күл қалады. Неге ағаштың массасы күлдің массасына тең емес? Қалған өнімдер қайда кетті? 3.Сынап оксиді ыдырағанда 4г оттек пен 50,2 г сынап шықты. Реакцияға кіріскен күрделі заттың массасы қанша?

Үйге тапсырма беру: Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы


Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.

Оқушылар өз жұбымен жұмыс жасап сұрақтарды талқылайды. Жауаптың дұрыс және бұрыстығына көз жеткізіп, смайликті жапсыру арқылы бағалайды

Оқушылар тақырып пен жаңа ұғымдарды жазып алады. Жетекші сұрақтарға жауап бере отырып жеке жұмыс жасап, топ ішінде талқылайды.

Әр топ өзара бағалайды

Критерий жасақтау

Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Өз жұмысын топта талқыға салып, дұрыс немесе бұрыс екеніне көз жеткізіп, бағалайды.

Сабақ рефлексиясын жазып, стиктер арқылы тақтаға іледі


Каталог: uploads -> doc -> 0c0c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c0c -> Психологиялық дайындық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет