Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2 2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы»



бет6/27
Дата30.11.2016
өлшемі6,53 Mb.
#2857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.



ІІ.Үй жұмысын пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушыларды жаңа пәнмен таныстыру. Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды зертханада жұмыс істеу ережелермен таныстырам . Құралдар мен оқу жабдықтарын дұрыс пайдалану қажеттігі айтылады. Сабақ оқу кезінде негізгі құрал оқулық болғандықтан оның мазмұнымен, құрылымымен таныстырамын.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл сабақта оқушылар химия ғылымының алғашқы ұғымдарымен танысады, оларды салыстыра білуге үйренеді.Алғашқы сабақта оқушылардың жаңа пәнге деген қызығушылығын арттырудың зор маңызы бар. Сол себепті төмендегі сұрақтардың мәнін ашуы керек .1.Жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі

.2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа пәндермен байланысты.

.3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі.

Одан кейін физика курсынан таныс зат , дене ұғымдарын оқушлардын есіне түсіріп өтемін

а/ денелер деп нені айтады?

ә/ денелерге қандай қасиеттер тән /пішіні, мөлшері, массасы, түсі, дәмі, исі, тығыздығы, қаттылығы, т.б./?

Заттың алуын түрлілігіне, жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен ұқсастығына тоқталу. Сонан соң заттрдың касиеттеріне қарай әр түрлі болатындығын түсіндіру яғни оқушыларды бір заттың басқа затпен салыстырғанда ұқсастығы мен ерекшелігі неде екенін ажырата білуге үйрету. Сол сияқты оқушыларды зат және физикалық дене ұғымдарын ажырата білуге үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу білігін қалыптастыру үшін төмендегі тапсырманы орындатамын.

Келтірілген тізімде заттар және физикалық денелер берілген: су, сызғыш, сода, қант, алюминий, стақан, қасық.

/ I нұсқа/. Осы тізімнен заттарды іріктеп жаз.

/II нұсқа/.Физикалық денелерді іріктеп жаз

Оқушылар заттың физикалық қасиетімен танысқанда жай заттың қасиетімен танысу ережесін еске түсіреді, әсіресе сандық айырмашылығына баса көңіл аударады.Себебі, химия пәні дәл есептеуді қажет ететін пәннің бірі. Сандық қасиеттерді анықтауға арналған кейбір құралдармен /ареометр,термометр/ таныстырады. Зертханалық тәжірибелерді өткізеді.

Заттың қасиетін төмендегі кестені толтыра отырып сипаттаса оқушылардың ісінде көбірек сақталады.

Салыстыру

белгілері

Заттың

темір

қасиеті

күкірт

Жинақтап

қорытындылау

1 Агрегаттық

күйі










2 Түсі










3 жылтырлығы










4 Иісі










5Қаттылығы










6 Иілгіштігі










7 Электр өткізгіштігі










8 Жылу өткізгіштігі










9 Суда ерігіштігі










10 Тығыздығы










Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

  1. Химия ғылымы нені зерттейді.

  2. «дене»және «зат»ұғымдарының айырмашылығын мысалдар келтіре отырып түсіндіріндер.

  3. Заттардың өздерін білетін физикалық қасиеттерін айтып беріндер.

  4. Мына заттардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін сипаттап,кесте жасандар:

а/ ас тұзы мен қант: ә/ сірке қышқылы мен су.

Үйге тапсырма беру: Кіріспе, §1 ж/е 1-жаттығу

Химия 8 сынып

Күні :

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: № 1 Практикалық жұмыс химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері.



Лабораториялық құрылғылармен жұмыс жасау ережелері.

Алғашқы қауіпсіздік техникасының нұсқауы.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Зертханалық тұрғымен ,спиртшаммен,газ жанарғысымен,электрқыздырғышпен жұмыс жүргізе білу тәсілдері:жалынның құрылысын зерттеу.сарамандық жұмыстар орындау алдында қауіпсіздік ережелерімен танысу.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:зертханалық тұрғы,зертханалық ыдыстар,спиртшам,газ жанарғысы,электрқыздырғыш.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.

ІІ.Үй жұмысын пысықтау

Химия кабинетінде жұмыс жүргізген кездегі қауіпсіздік ережелері



ІІІ. Жаңа сабақ

1.Зертханалық тұрғымен жұмыс жүргізу тәсілдері. Зертханалық тұрғының құрылысы.Тұрғы тәжірибе кезінде аспаптарды бекіту үшін қолданылады.Тұрғыға сынауықты бекіткенде ол ұстағыштан түсіп кетпейтіндей,сонымен бірге қозғауға болатындай етіп орнықтырылады.Қатты қысылған сынауық сынып кетеді.Сынауықты ортасынан емес,ауыз тұсынан бекітеді.Сынауықты тұрғыдан шығарып алу үшін бұранданы босату керек.

Стаканды тұрғыға бекіту үшін тұрғы сақинасына орналастырылған арнайы торға қояды.

Кәрден табақшаны тұрғы сақинасына торсыз орналастырады.

2.Зертханалық ыдыстармен танысу.

Аттарын жазып,суреттерін дәптерлеріне салдыру.



3.Газ жанарғысымен,спиртшаммен және электрқыздырғышпен жұмыс істеу тәсілдері. Газ жанарғысымен,спиртшаммен және электрқыздырғышпен жұмыс істеу ережелерін және тәсілдерін 6-беттегі мәтіннен қарату.

Жаңа сабақты қорытындылап бекіту.сурақтар қою арқылы.

Үйге тапсырма беру: §1 қауіпсіздік ережелерін білу..

Химия 8 сынып

Күні :

Сабақтардың тақырыбы: Заттар және олардың физикалық қасиеттері.Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан тазарту әдістері №1 көрсетілім.

Оқыту мақсаты: а) Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Реактивтер мен құралдар: Көрсетілім столда қоспадағы заттарды бөлуге керекті химиялық ыдыстар: стақандар, сүзгі, сүзгі қағаз, цилиндр,бөлгіш ыдыс,лаб/тұрғы. Реактивтер: ас тұзы, құм,темір үгіндісі, күкірт ұнтағы,т.б. Электрондық оқулық, кесте.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

  1. Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

  2. Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау.

  3. Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

  1. Таза зат дегеніміз не?

  2. Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?

( сүт, теңіз суы,қара топырақ )

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.

Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:

  1. Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

  2. Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

  3. Тәжірибе алаңы:Оқушыларға көмір және су,күкірт және су,өзен құмы және су түрлерін көрсете отырып практикалық жұмыс жасау ережелерімен, техникалық ережелерімен таныстыру.

  4. Екі топқа тапсырма беру. Тотияйын және су,күкірт және темір,ас тұзы және су тәжірибелерін орындата отырып,біртектіме,әртектіме екенін тусіндіру.

  5. Қоспаларды бөлу тәсілдері:

  6. Әртекті

1.Тұндыру

2.Сүзу(құйғы және сүзінді қағаз көмегімен)



  1. Біртекті

1.Қайта кристалдау-бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, буландыра отырып,сулату жолмен тазарту,қайта кристалдау әдісі.

2.Айдау-ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып,салқындатып,сұйық күйге ауыстырып,конденсациялауды айтады.


Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

  1. Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

  2. Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

  3. Әртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

  4. Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1 – 12,1 – 13,1 – 14, 1- 15, 1 -16,1-17 жаттығуды дәптерге орындау. Қосымша ойлануға күрделірек жаттығулар беру: 1-20,1-21,1-22.

Екі топқа арнайы карточкалар арқылы тапсырмалар беріледі.



I-топ.Таза заттар

Төменде берілген сөздерден таза заттардың астын сызып,көшіріп жазыңдар:

Шыны,лай су,стакан,су,дәптер,кітап,қант,бор.

Ас тұзымен құмшекердің қасиеттерінде қандай ұқсастықтар бар?



II-топ.Әртекті қоспалар

Заттар мен денелердің қатарындағы бір артық сөзді көрсетіңіз?

А)стакан,су,қалам,сызғыш

Ә)ас тұзы,пышақ,ас содасы



Б)бор,кітап,қағаз,резеңке

Бағалау:Әр топқа бағалау парағы беріледі.

Үйге тапсырма беру: §2.3. 2,3,4, 9-14бет оқу.1-10 жаттығулар (ауызша).

Химия 8 сынып
Күні

Сабақтардың тақырыбы: №2 практикалық жұмыс. Ластанған ас тұзын тазарту..

Оқыту мақсаты: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың түстеріне көңіл аудару. Дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе жасау кезінде оқушылар бақылағанын қорытындылап жазу үшін өткен практикалық жұмысты еске түсіреді.

Реактивтер мен құралдар: Ластанған ас тұзы. Химиялық стақан,шыны таяқша,лабораториялық тұрғы,сүзгі қағаз,1-2 сынауық, суы бар ыдыс, құйғы.

Сабақтың түрі: өздігімен жұмыс жасау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Жұмыстың орындалуы: Үй жұмысын тексеру.Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталап сұрау

2-практикалық жұмысты оқушылар оқулықпен жұмыс жасау арқылы орындайды.

Сүзгі қағазды даярлап, оны құйғышқа сулап орналастырыңдар.

  1. Стақанға лас купоросты салып су құйып шайқаңдар.

  2. Шыны таяқша арқылы тұз ерітіндісін сүзгіден өткізіп сүзіңдер.

  3. Кәрлен табақшаға сүзіндіні құйып,спирт шамды баяулатып қыздырыңдар.

  4. Алынған кристалдың түсіне көңіл аударыңдар.

  5. Тәжірибеден байқағандарыңды жазып, қорытындылаңдар.

  6. Орындаған жұмыстың суретін дәптерге салыңдар.

Қоспаны тазартудың әдістерін естеріне түсіру арқылы сүзу, қайта кристалдау әрекеттерін орындай білуді үйренеді.

Оқытушының басшылығымен тәжірибеден байқағанын қорытындылай отырып, өзі істеген практикалық жұмысты дәптеріне жазады.

Алдымен жұмыстың тақырыбын, мақсатын,құралдар мен реактивтерін жазып,одан кейін төмендегідей кесте сызады:


Жұмыстың тақырыпшалары.

Жұмыс барысы.

Қорытынды.

а) ластанған тұзды дистилденген суда еріту.




Лас тұздың ерітіндісін алдым.

ә)сүзгі дайындау.

Суреті, оған түсінік

Сүзгіш қағаздан түрлі мөлшерде гі шұқыраққа лайықтап сүзгі дайындадым

б) лас тұз ерітіндісінен таза ерітінді алу.

Суреті, оған түсінік

Сүзу арқылы таза ерітінді

алдым.

в) таза ерітіндіден құрғақ тұз алу.

Суреті, оған түсінік

Суын буландырып ерітіндіден тұз алдым.


Жұмыс соңында мына сұрақтарға жауап береді:

  1. Қандай қоспаларды сүзу арқылы бөледі?

  2. Құрғақ тұзды ерітіндіден қалай бөліп алуға болады?

Үйге тапсырма беру:§ 4 (3,4,5)

Химия 8 сынып
Күні

Сабақтың тақырыбы: Атомдар және молекулалар .Атом-молекулалық ілім және

оның химия ғылымы үшін маңызы..

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық элемент,жай және күрделі зат ұғымдары негізінде атом туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: осы ұғымдардың қолданылуын үйрете отырып дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: H2 , O2 және су молекулаларының үлгілері, жай және күрделі заттар- дың үлгілері, суды электролиздеуге арналған құрал , металдар және бейметалдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап ,жиксо,ыстық орындық,ыстық картошка.

Тірек білім мен біліктер: таза зат, атом, қоспаларды бөлу әдістерін білу.

Тірек білім мен біліктерді тексеру: Бірінші оқушыға тапсырма: химиялық және физикалық құбылыстарға анықтама бер, екі мысал келтір.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Екінші оқушыға тапсырма; а) стакандағы бор түйіршігіне (немесе әктасына) сірке қышқылының ерітіндісін құй;

ә) стакандағы бор түйіршігіне су құй. Қай ыдыста химиялық реакция жүрді? Реакция жүргендігін қандай белгілеріне қарап білуге болады?

Сыныптағы басқа оқушыларға төмендегі тапсырма беріледі: Мына құбылыстардың қайсысы физикалық және химиялық құбылыстарға жатады: қалайының балқуы, ағаштың жануы, судың қатуы, судың мұзға айналуы? Одан соң оқушылар мына сұрақтарға жауап беру керек :

1. Химиялық реакциялардың жүруіне қандай жағдайлар керек?

2. Заттардың еруі химиялық реакциялардың жүру жағдайларын неліктен жақсартады?

Жаңа материалды оқыту: Оқушыларға сұрақ қоя отырып, физика курсынан атом және малекула туралы алған білімін жаңғыртамын

1. Температура өзгерген кезде дененің көлемі неліктен ұлғайяды немесе кішірейеді?

2.Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?

Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, заттардың белгілі бір ара қашықтықта болатын бөлшектерден тұратындығын,сол ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты дене көлемінің өзгеретінін еске алады. Бөлшектердің ара қашықтығы өскен сайын дененің көлемі ұлғаяды, бөлшек- тердің ара қашықтығы жақындаған сайын дененің көлемі кішірейеді.

Екінші сұраққа жауап бере отырып, оқушылар заттарды құрайтын бөлшектердің молекула екенін және молекулалар атомдарға ыдырайтындығын анықтайды.

Оқушыларға оқулықтан атомның анықтамасын табуды және сөздікке жазуды ұсынамын.Атомдардың белгілі бір саны бар екендігін түсіндіру. Айналамыздағы өлі және тірі табиғат атомның азғана санды түрлерінен тұратындығын түсіндіру. Атомдар бір-бірімен әр түрлі болып қосыласады.. Алфавиттегі әріптердің жүз мындаған сөздерді құрайтындығы сияқты атомдардан әр түрлі малекулалар немесе күрделі заттардың кристалдары құралады. Химиялық реакция атомдардың нақты бар екенінің дәлелдемесі болады. Онда бастапқы заттар құрамына кіретін атомдардан жаңа заттарды дәл сондай атомдары түзіледі. атомдардың бір ғана түрінен жай, ал әр түрлі атомдардан күрделі заттар түзіледі. (H2, O2, және су молекулаларының үлгілері мысалында) және суды электр тоғымен айыру тәжірибесін көрсету. Содан соң оқушыларға тапсырма беріледі. Оқулықтағы тексті пайдалана отырып, жай және күрделі заттың анықтамасын табу және қайталап оқу.

Оқулықтың 10 суретінде темір сульфидінің түзілу сызбанұсқасына мұқият қараңдар. Күкірт пен темірдің қосылу реакциясына атом және молекулалардың өзгеруін ескере отырып, түсініктеме беріңдер. Күкірт пен темір қоспасын темір сульфидінен қалай ажыратуға болады? Күкірттің темірмен қосылуын көрнекі көрсеткен соң, күрделі зат пен қоспаның өзіне тән белгілерін анықтап оны төмендегі кестеге түсіреді.

Өзіне тән белгілері

Күрделі зат немесе қоспа

1.Физикалық әдістермен айыруға болады.

2.Физикалық әдістермен айыруға болмайды

3.Бастапқы заттардың қасиеттері сақтал майды

4. Сандық құрамы барлық уақытта тұрақты.

5. Сандық құрам өзгермелі болуы да мүмкін.





қазіргі күнге дейін маңызы зор атом – молекулалық ілімнің химиядағы негізгі теория екенін түсіндіру. Атом – молекулалық ілімді алғаш химияға пайдаланып, оны әр қарай дамытқан ғалым М.В.Ломоносов еді. Ілімнің негізгі қағидалары төмендегідей:

1.Барлық заттар «корпускуладан» тұрады.(молекулшаны Ломоносов солай деп атаған)

2.Молекулалар элементтен тұрады. (атомды Ломоносов солай деп атаған)

3. Бөлшектер – молекула және атом үнемі қозғалыста болады.

4.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады.

Жаңа материалды бекіту: Оқушылардың жай және күрделі заттардың құрамына қарай ажырата білуін нығайту мақсатымен тапысырма беремін. (Бір топқа екі оқушыдан). Тапсырманы алдын ала тақтаға жазып қоямын. Төмендегі көрсетілген заттардан бірінші оқушы жай заттардың, екінші оқушы күрделі заттарың аттарын жазады: алюминий, мыс оксиді, су , көмір қышқыл газы, оттегі, темір, темір сульфиді, азот, темір оксиді, күміс. Бір-бірінің жұмыстарын тексереді, жіберілген қателерін бір біріне түсіндіреді.

төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

а) атом – молекулалық ілімнің негізгі мәнін түсіндір;

ә) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтық молекуласындағы қозғалысты түсіндір.

б) атом – молекулалық теория тұрғысынан физикалық және химиялық құбылыстардың мәнін түсіндір;

в) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтың молекуласындағы қозғалысты түсіндір;
Бағалау.

Үйге тапсырма беру: § 6. 1-12 жаттығулар, жұмыс дәптері.


Химия 8 сынып

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер,олардың таңбалары және атаулары. Металдар және бейметалдар туралы түсінік

1 зертханалық тәжірибе /1.1/.



Заттардың физикалық қасиеттерін танып білу.

Оқушыларға атом түріндегі химиялық элемент туралы алғашқы ұғымды түсінеді, химиялық элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйренеді,Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге дағдыланады.

Құрал-жабдықтар: Тәжірибе үстелінде мынадай жай ( мыс,күкірт, ) және күрделі заттар (су, мыс купорасы), заттар малекуласының үлгілері, металдар жинақтамасы, химиялық элементтердің таралу диаграммасы қойылады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: физика, биология

Тірек білім мен біліктер:: атом және атомдық масса.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет