Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2 2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы»



бет1/27
Дата30.11.2016
өлшемі6,53 Mb.
#2857
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Химия 8 сынып күні:

«Адам баласы көзімен көріп,құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып,

мұрнымен иіскеп,

тыстағы дүниеден хабар алады»

Абай Құнанбаев.

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим.элементтердің биологиялық рөлі№2 (2.2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы» кестесі

Сабақтың мақсаты: Тіршіліктің жасушалық негіздерін, жасушаның құрылысын атқаратын қызметі жөніндегі алған мәліметтерін нақтылай отырып, жасушаның химиялық құрамының ұқсастығы мен ондағы химиялық элементтердің маңызын ашу, макро

,микроэлементтердің түрлері жөніндегі білім деңгейлерін кеңейту;

Адам ағзасындағы химиялық элементтер тек химия пәнімен ғана емес,

биология саласымен тығыз байланысты екендігін айта отырып, болашақтағы өз

мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып,ой-өрісін дамыту;

Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызын оқыту арқылы дұрыс

тамақтана білуге баулу.

Сабақтың түрі :Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі:Баяндау, сұрақ -жауап

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Меңгерілген білімдерін тексеру

Жасушалардың құрылысы мен атқаратын қызметін қай ғылым

зерттейді.-

Жасушалық теория авторларын атаңдар.

-Эукариот пен прокариот жасушалар құрылысының ұқсастығы мен

айырмашылығы неде?

-Өсімдіктер жасушасының жануарлар жасушасынан ерекшелігі.

(ЭПС, митохондрия, Гольджи комплексі,рибосомажасуша

орталығы,микротүтікшелер, пластидтер )



ІІ Негізгі бөлім.

Жасушаны зерттейтін ғылым цитология деп аталады. Жасша тірлік

атаулының ең кішкене құрылымы және қызмет атқару өлшем бірлігі. Жасушалар тек

құрылысы және химиялық құрамы бойынша емес, тіршілік әрекеттерінің процестері

бойынша ұқсас. Д.И. Менделевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің көбісі

ағзалардың құрамдас бөлігі микроскопиялық құрылысты жасушада болады және бұл

элементтер өлі табиғат жиынтығы.

Адам ағзасындағы мүшелер әртүрлі болғандықтан онда кездесетін химиялық элемент те

алуан түрлі болып келеді. Жасушаны құрайтын құрайтын химиялық заттар химиялық

элементтерден тұрады, олардың маңыздылығы мен атқаратын қызметі өте зор.

Ағза микро және макроэлементтер мүше мен ұлпаларда әртүрлі таралады.

Микроэлементтердің көпшілігі

–бауырда, сүйек, бұлшықет ұлпаларында жинақталады.

Сондай ақ мырыш қарынасты безінде, иод қалқанша безінде, фтор тіс кіреукесінде,

Ванадий шашта, кадмий , сынап, молибден бүйректе, қалайы ішек ұлпаларында,

Барий көздің пигментті қабатында; Бром,марганец, хром гипофизде жиналады. Кремний,

аллюминий, мыс, титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплексті түрде, ал марганец ион түрінде кездеседі.



Макроэлементтер

С, Н,О,Р, S,N-нәруыздың, нуклейн қышқылдарының және ағзаның басқа биологиялық



белсенді қосылыстарының құрамына кіреді.

Адам ағзасындағы кейбір химиялық элементтердің биологиялық ролі

Қ/с Элемент Адам ағзасындағы мөлшері(70 кгсалмақта) Тәуліктік мөлшері Ағзадағы мөлшері жетіспеген жағдайдағы туындайтын бұзылыстар

(темір) 5г 15 гҚаназдық

Мыс 100 г 3г Бауыр аурулары

Мырыш 3 г 15 гЕргежейлік, шаштың түсуі

Схром30 г\мгАллергия,өкпе рагы Ммагний 42 г 0,7гЖүйке жүйесінің аурулары

Сокобальт 30 мг 10 мкг Қаназдық, зоб аурулары ванадий Сүйек қисаюы

М марганец 340 г 510мг Бойдың өсуі мен қанның дамуы бұзылады.

Са кальций 1700 г 50 г Сүйек аурулары ㄰

К калий 250г 0 г Жүрек аурулары натрий 250 г 510 г Ми аурулары

Никель 150 г 0,1 мг Жүйке жүйесінің аурулары

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш түрге бөлуге болады
1. Тіршілікке қажетті

(ауыстырылмайтын) элементтер. Олар адам ағзасында үнемі

кездеседі.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында

кездеседі.

3. Өте аз элементтер. (Se, Tl, In, La, Pr)

Макроэлементтер көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор

Көмір сулар да және липидтерде (майлар) кездеседі.

Кальций негізінен сүйек және тіс ұлпаларында

концентрленеді. Кейбір макроэлементтер (магний,

кальций) және көптеген микроэлементтер

ағзада аминқышқылдарын да кездеседі.

Химиялық элементтердің ағзадағы

мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар

әсер етеді.Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар

реттеп отырады. Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық рөлі әр түрлі

болып келеді.Макроэлементтертің басты функциясы

ұлпаның құрылы сын, осмос қысымының тұрақтылығын,Микроэлементтер ферменттер, гормондар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс

ті кездеседі.Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп

отырады.Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы сот

медициналық сараптама қолданылады.

Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний

металлдары кездеседі.Көптеген элементтер (күміс, сынап, қорғасын, кадмий, және т.б.)

ағзаға улы болып саналады.Биогенді элементтер ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Осы биогенді элементтер қатарындағы темір мен алюминийге есеп шығарып өтейік.Іске асыру теңдеулері

1)Fe → Fe2O3→ Fe(OH)3 → Fe2O3→ Fe 2)Al→ Al2O3→ Al (OH) 3→ Al 2O3→ Al

Адамағзасындағы тіршілікке қажетті зат алмасу процестерінде тамақ құрамындағы минералды заттар мен микроэлементтердің ролі өте ерекше. Олардың ағзада жетіспеуі зат

алмасуын тежеп, түрлі ағзаның сырқатына душар етеді. Мысалы тамаққа ең жиі пайдаланатын минералдық зат -ас тұзы. Әрине ас тұзынсыз тамақтың

дәмі кірмейді, ол натрий мен хлордан тұратындықтан, тек тағам дәмін келтіріп қана қойм

ай, зат алмасуды жақсартады. Ағзадағы суды ұстап, қанның

қысымын арттырады,жүрек пен бүйректің қызметін қиындатады. Сонымен бірге қан

тамырын, әсіресе мидың қан тамырын атеросклероз ауруына шалдықтыратындығы

анықталды. Күніне ересек адам 10-15 гас тұзын қабылдасажеткілікті.

Адам ағзасында тағы да бір минералдық зат-калий.Ол жүректің жұмысын,

қанайналымын жақсартады,асқазан мен ішектердің қызметіне де өте қажет және ағзадағы

барлық зат алмасу үшін тікелей қатынасы бар. Натрий мен калий ерітінділері ағза

ның кез


келген жасушасының құрамында белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы қанның

сарысуына қарағандақанның қызыл түйіршіктерінде калий шамамен 18-20 есе көп, ал

натрий 6-7 есе аз болады. Натрий мен калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен

импульстардың жақсы жүруін реттейді. Ал ол элементтердің жетіспеуі жүйке

талшықтарының жұмысын нашарлатады. Мысалы ішек қарынға жасалған операциядан

кейін калий жетіспеген жағдайда, ол адамның іші кеуіп,ішек –

қарынның жиырылу созылу қабілеті күрт нашарлайды. Сол үшін ауыр операциядан кейін адамқанының құрамындағы калий мөлшерін күніне тексеріп, азайған жағдайда калий ерітіндісін құйып, қалыпты жағдайға келтіру қажет. Калий мейіз бен кептірілген өріктің, көк пияздың, қауынның, апельсиннің және алманың құрамында көп. Жүрегі асқазаны және ішектері ауратын адамдар осы жемістерді асқа жиі пайдаланғаны дұрыс.

Кальцийдіңде ағзада атқаратын қызметі өте зор. Сүйектің өсіп-

жетілуіне, жарақаттанғанда аққан қаның тоқтауына, жүрек пен бұлшықеттердің қызметіне,қышқыл мен сілтініңарақатынасын сақтауда аса маңызды процестерде кальций өте қажет.. адам ағзасын кальциймен қамтамасыз етудің ең қолайлысы

–сүт пен балық және солардан жасалатын тағамдарды пайдалану. Қанның құрамында кальцийдің жетіспеуінен түрлі сүйек ауруларына соқтырады.

Адам ағзасына жасөспірімдерге өте қажет элемент-фосфор. Фосфорда калий сияқты

сүйектің өсіп жетілуіне қажет. Сонымен бірге бұлшықет пен жүйке жүйелерінің

қызметінде жақсартады. Фосфор етте,бұршақта, жұмыртқада сүт пен балықтан жасалған

тағамдардың құрамында көп болады.Магний-адам ағзасындағы зат алмасу процестерін жақсартатын ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке жүйесінің қызметін бұзады,әртүрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың шаштары түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке мен қан тамырлары жүйелерінің қызметі дұрысталып,ішек пен өт қызметтерінің жақсаратынына анықталды.

Жоғарыдағы кестеде микроэлементтердің тәуліктік қажет мөлшерінде тем

ір, мыс, кобальт, иод сияқты элементтер гормондардың,ферменттердің, дәрумендердің құрамына ауадай қажет.олар ағзадағы және оның жасушаларындағы зат алмасу

процестеріне тікелей қатысып,олардың жұмысын реттейдіжәне қанның құрамындағы

оттегін тарататын,қызылқан түйіршіктерін көбейтеді. Ал иодтың қалқанша безінің қызметіндегі және соған байланысты бұғақ-зоб ауруын болдырмаудағы рөлі үлкен. Таулы

аймақтардың суларында иод жетіспегендіктен ас тұзына иод қосады. Сондай

-ақ фтордың да тіс пен сүйектің жетілуіне әсері зор, Фтор жетіспеген жағдайда адамның тістері үгілгіш,бұзылғыш келеді. Сондықтан тіс жуатын пасталарға фтор қосады.

Соңғы арнаулы жүргізілген ғылыми зерттеулер,адам ағзасына арнайы дәрі дәрмектерден

еккеннен ғөрі микроэлементтер мен дәрумендердің тамақ арқылы берілгені анағұрлым

тиімді екені дәлелденіп отыр. Денсаулықты сақтаудың дұрыс жолы дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам ағзасының мұқтажын өтуі қажет әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен жоғарыдағы

ғылыми деректерге сүйене отырып мөлшерлегені жөн.



ІІІ бөлім Бекіту сұрақтары:

1. Жасушаны зерттейтін ғылым?

2. Жасушаны құрайтын химиялық элементердің маңыздылығы ?

3. Гипофизде жинақталатын элементтерді ата? (бром, марганец, хром)

4. Макроэлементтерді ата олардың биологиялық маңыздылығы?( С, Н, О, Азот, күкірт,

фосфор олар нәруыздың нуклейн қышқылдарының ағзаның қосылыстар құрамына кіреді.)

5. Қан құрамындағы калий мөлшерінің азаюуының себебі ?(ішек –қарын ауруларын

мүшелерінің жиырылып,созылу қабілетін нашарлатады)

6.Бас ми ұлпаларында кездесетін элементтер?(аллюминий, мыс, титан)

7.Ағзадағы кальций мөлшері?(1700 г)



Тапсырмалар арқылы ағзада кездесетін элементтер жетіспеген жағдайда

туындайтын аурулардың атауы мен емдейтін дәрігерді ата?

1.Қан ауруларын атаңыз емдейтін дәрігер (қаназдық, гемофилия; дәрігер

-гематолог)

2.Жүрек ауруларын атап, дәрігерді ата?(инфаркт,миакардит; кардиолог)

3.Көз ауруларын атап, дәрігерді ата? (глаукома, катаракта; дәрігер

-окулист)

4.Иод жетіспегенде туындайтын ауруларата

, емдейтін дәрігерді ата?(бұғақ-зоб; дәрігер-эндокринолог)

5.Шөптесін өсімдіктер, шаңтозаңнан туындайтын ауруларды атап,емдейтін дәрігерді

ата?(аллергия,өкпе рагы; дәрігер-аллерголог)

6.Тіс ауруларын атаңыз,емдейтін дәрігер? (кариес,пульпит; стоматолог)

7.Жүйке жүйесінің ауруларын ата?(энурез,шизофрения; дәрігер-невропотолог,

психиатр)

8.Асқазан ауруларын ата,емдейтін дәрігер?(гастрит, асқазан жарасы;

гастроэнтеролог)

9.Сүйек ауруларын ата,емдейтін дәрігер? (артрит,рахит, хирург)

10.Тыныс алу жолдарының ауруларын ата, емдейтін дәрігер? (бронхит, рахит;

терапевт)

11.Ми ауруларын ата, емдейтін дәрігер?(минингит, энцефалит; невропотолог)

12.Бауыр ауруларын ата, емдейтін дәрігер? (цирроз,гепатит; терапевт)

13.Бүйрек ауруларын атап, емдейтін дәрігерді ата? (пилонефрит, уролог)

14.Қаңқа ауруларын атап, емдейтін дәрігерді ата? ( остеохондроз; невропотолог)

ІV бөлім Қорытындылау

Адам ағзасы біртұтас құрылым, он екі мүшеден құралған денеміздің әр жүйесінің

өзіндік қалыпты жұмыс атқаруы бұл біздің күнделікті тамақтануымызға бай

ланысты. Себебі «денсаулықты сақтау –дұрыс тамақтанудан басталады» деп айтуға болады. Тамақтағы қоректік заттар, сапасы жағынан адам ағзасының мұқтажын өтеуі қажет.



V бөлім Үйге тапсырма

« Биогенді элементтер» тақырыбына реферат жазып келу

«Тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтер.Химиялық элементтердің биологиялық маңызы. »

Сабақтың тақырыбы:


«Тірі және өлі табиғаттағы химиялық
элементтер.Химиялық элементтердің биологиялық маңызы. »
Сабақтың мақсаты: Тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтердің байланысын көрсету. Химиялық элементердің тірі организмдер үшін маңызын анықтау
Міндеті:
*Білімділік: Химиялық элементтердің тірі организмдердегі маңызын анықтау.
*Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау , өздігінен ойлау және ой толғаныс қабілеттерін арттыру.
* Тәрбиелілік: оқуға деген қызығушылығын, өзін –өзі бағалауға, жауапкершілікке, оқушылармен қарым-қатынас құруға тәрбиелеу .

-Саб. әдіс -тәсіл: бүкіл сыныптық, жеке және топтық әдістер,

-Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
- Құрал-жабдықтар: ноутбук, , презентация Power Point, зертханалық тәжірибеге құралдар

Сабақ жоспары:

1.Қызығушылықты ояту;ой орісін кеңейту , дидактикалық тапсырмаларды орындау.
2.Мағынаны тану; жеке және топпен жұмыс,инсерт, зерттеу жұмысы
3.Ой – толғаныс; тестілеу, кесте мен жұмыс істеу, кластер құрастыру.
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларға химиялық элементтердің таңбаларын тарату. Галогендер тобы, сілтілік металдар тобы, инертті газдар тобы болып бөліну.

2 Қызығушылықты ояту.


1 тапсырма: « Мына суреттерді не біріктіреді?» (слайд 1)

дұрыс жауап – химиялық элементтер өсімдіктердің, жануарлардың, адамның организміне кіреді немесе барлық тірі ағзалардың құрамында болады


2.Қалай ойласыңдар, бүгінгі тақырыбымыз қандай болады?
Тақтаға тақырып жазылады
.Мақсатымыз қандай?
Қандай химиялық элементтер тірі және өлі табиғатта кездеседі ,олардың биологиялық маңызын анықтау.
4.Зерттеу жұмыс. «Қандай элементтер тірі организмде кездеседі?
Қауіпсіздік ережесі:
1) Тапсырманы жоспар бойынша орында
2) Заттарды ауызға апаруға немесе иіскеуге болмайды

Бағалау парағы
«5» балл
1) Жұмысқа белсенді қатысу
2) Өз білімдерін көрсету
3) Шешім жасау

«4»балл:


1)жұмысқа қатысу
2) білімін көрсету

«3» балл :


1)жұмысқа қатысу
2) білімін көрсетпеу

«2» балл:


1) Жұмысқа қатыспау
2) Білімін көрсетпеу

Топ№____________________
Кесте «Тірі организмдегі химиялық элементтер»
Не істедік Не көрдік Қорытынды

№1 тапсырма


Айнаны қолдарыңа алып үрлеңдер.
Айнаның бетінде не пайда болды? Қандай элементтер адам организміне кіреді деп ойлайсыңдар?

№2 тапсырма


Стаканда әк суы(Са(ОН)2) берілген. Түтік арқылы үрлеңдер.
Қандай өзгеріс көресіңдер? Қандай элемент бар екенін білдіреді?
( көмірқышқыл газының әсерінен су лайланады)
№3 тапсырма
Алдарыңда тоттанған шеге және кесілген алма берілген.
Екеуінің ұқсастығын тауып, ол нені білдіретінін анықтаңдар. Қандай элемент құрамында бар?
( темір ауада тоттанады қоңыр түске айналып)

Сұрақтарға жауап беріңдер

1.Қандай химиялық элементтерді анықтадыңдар?
• Оларға сипаттама беріңдер (периодтық кестедегі орны:топ№,период №... )

2.Бұл элементтер организмдерге қалай түседі?


3.Тағы да қандай элементтер тірі организмдерде кездеседі? Олар не үшін қажет?
Осы сұрағымыздың жауабы толық болу үшін презентацияны қарайық, оған кластер құрастырып шешім жасайық
Компьютер қосылғанша дейін сергіту жасайық.
Кластерлерімізді тақтаға іліп қорғайық.
Қай топтың кластері түсінікті және қызықты болғанын бағалайық. Ол үшін алдарыңдағы үйректерді үнаған кластерге жабысту керек.
Сұрақтарға жауап береміз:
1) Макроэлементтер , микроэлементтер дегеніміз не?
2) Организмге ең қажетті 3 элементті ата. Оларды «органогендер» дейді. Неге?
3) Өсімдіктерге ең қажетті элементтерді ата.
4) Жүрекке, ас қазанға қандай элементтер қажет?
5) Йод - қандай қызмет атқарады?
6) «Қауіпті топ мамандықтарын» ата.
7) Слайдтарды қарап не түсіндің , қандай шешімге келдің? Жауабын топпен бірігіп қағазға бейнеле.
Рефлексия:
Үйге:тапсырма таңдау бойынша беріледі
1. Бір химиялық элемент туралы мәлімет дайындау
2. «Адам не жесе..... !» деген шығарма жазу

Блеф-ойын «Сендер сенесіңдерме…»


- эндемиялық зоб ауруы организмде йодтың жетіспеуінен пайда болады (бұл дұрыс айтылған сөз, өйткені бұл ауруға шалдықпас үшін йодталған тұзды асқа қолдану керек);

-өткен ғасырдың басында су құбырларын қорғасыннан жасаған, ол күшті улы зат (бұл дұрыс айтылған сөз,қорғасын және оның қосылыстары өте күшті улы заттар, ертеде расында да су құбырларын қорғасыннан жасаған болатын кейін оны темірге ауыстырған. Санкт-Петербург қаласында ондай құбырлар 1950-ші жылдарға дейін болыпты.

- мышьякті дәрігерлер адамның тәбетінің жақсартуы үшін қолданады (дұрыс айтылады, кейбір элементтер көп мөлшерде улы болып ,ал аз мөлшерінде өте пайдалы Мысалы мышьяк—күшті улы зат жүрек, бауыр , бүйрекке зиян келтіреді бірақ аз мөлшерде дәрігерлер оны табет жақсартуға қолданады.)
- калий топырақта жетіспеген кезде фотосинтез үдерісі төмендейді (дұрыс емес);
-адамның тыныс алуына қажетті оттегі улы әсер етуі мүмкін (дұрыс, оттегі жоғары концентрацияда және тығыздықтың әсерінен улы әсер тигізеді)
- микроэлементтердің тамақта болмауы немесе олардың артық мөлшерде болуы тірі организмдерді ауруға немесе тіпті өлуіне әкеледі (дұрыс)

4-тапсырма: «Білемін. Білгім келеді» кестесін толтыру .

Бүгін мен білдім__________________________________________
_________________________________________________________.
Ең қызықты болды__________________________________________
_________________________________________________________.Сабақта ең маңызды деп ойлаймын__________________________________
_________________________________________________________Маған ұнамады___________________________
__________________________________________________________Менің білгім келеді_____________________________________



Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасында кездесетін химиялық

элементтер


Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:

Білімділігі: Әрбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын рөліне, маңызына және қажетті тоқталу. Макро-, және микроэлементтердің түрлері жайлы оқушылардың білім деңгейлерін толықтыру;

Тәрбиелігі: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбын оқыту арқылы оқушылардың күнделікті дұрыс тамақтана білуін дағдыландыру.

Дамытушылығы: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбы тек химия пәнімен ғана емес, биология, медицина салаларымен тығыз байланыста екендігін айта отырып, болашақта өз мамандығын таңдаудағы ой-өрісін дамыту.
Сабақтың өтілу жоспары:


  1. Химиялық элементтерге жалпы сипаттама

  2. Адам ағзасын құратын химиялық элементтер

  3. Ол элементтердің массалық үлестері

  4. Химиялық элементтердің азық – түлік және жеміс – жидектердегі мөлшері

  5. Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы

Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.

Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.

Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 - әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О

Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.

Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

3 – сурет.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет