Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары. Сабақтың мақсаты



Дата19.05.2017
өлшемі118,47 Kb.
#16377
түріСабақ
Күні: 11.04.2011

Сыныбы: 8 «Ә» «Б»

Пәні: Биология.

Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары.

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға адамда болатын тері ауруларын және тері ауруларын қалай алдын алуға болатындығын түсіндіру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдылау, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу.

Оқу құралдарын тексеру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



II. Үй тапсырмасын сұрау.

Кім тапқыр?

  1. Бүйректің пішіні неге ұқсайды?

  2. Адам бүйрегінің массасы неше грамм?

  3. Бүйрек арқылы тәулігіне неше литр қан ағады?

  4. Бүректің құрылысын нақнұсқадан жүйелеп атап бер

  5. Қуық қандай қызмет атқарады?

  6. Зәр шығару жүйелерінің ауруларын зерттейтін медицина саласы?

  7. Нефрит қандай ауру түрі?

  8. Зәр шығаратын түтік пен қуықтың қабынуынан туындайтын ауруды ата?

  9. Энурез қандай ауру?

  10. Тері неше қабаттан тұрады?

  11. Тері қандай қызметтер атқарады?

  12. Сыртқы тері қабаты қалай аталады?

  13. Нағыз тері қабаты қалай аталады?

  14. Тері астындағы май клечаткасы қандай қызмет атқарады?

  15. Бүйректің ішіндегі кеңейген қуыс қалай аталады?


III . Жаңа сабақты меңгерту:

Жоспары:

А) Тері аурулары.

Ә) Тері ауруларының алдын алу.

Б) Дене гигиенасын сақтау және шынығу.



Тері аурулары.

Қышыма қотыр.

Қышыма қотыр жұқпалы паразиттік тері ауруы. Қышыма қотыр кенесі тудырады. Кененің ұзындығы 1/3 мм. Қотыр кенесінің ұрғашысы терінің үстіңгі қабатын тесіп жол салып, олардың әрқайсысына 20-50 ұрық салады. 50-100 сағаттан кейін ұрықтанған құрттар, құрттардан нимфалар және толық жетілген кенелер пайда болады.Қотыр кенесі нәзік, жұмсақ тері жабынын зақымдап, ішке, арқаға жайылады. Мұндай жұқпалы ауру өздігінен жазылып кетпейді. Міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет.



Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар.

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды , бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Сонымен қатар саңырауқұлақты инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы вирус ауруы болып табылады.

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар аллергиялық реакциялардың дамуына себепші болуы немесе аллергиялық ауруларды, мысалы, бронх демтікпесін асқындыруы да мүмкін.

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар адамнан адамға оңай беріледі. Бұл, әсіресе иммунитеті нашар қала тұрғындары үшін өте өзекті мәселе. Аяқты қысатын аяқкиім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғары ылғалдылық кезінде саңырауқұлақтар теріге бөгетсіз енеді.



Безеу.

Безеу 14-16 жаста көп оқушыда пайда болады. Бұл жыныстық ждетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микроптар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріндейді. Безеу бетті, кеудені арқаның жорғарғы бөлігін зақымдайды. Олар уақытша пайда болып, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауру да мүмкін.



Тері ауруларының алдын алу.

Қышыма қотыр ауруын алдын алу.

Қотырмен ауырмау үшін күнделікті қолды сабындап жуып, апта сайын суға түсіп, дене тазалығын сақтау қажет.

Қотырды жан-жануарлардан жұқтырып алмау үшін үиге қаңғырған итті, мысықты кіргізбей үйде атжалмаң тышқан болмау үшін күресу керек. Жан-жануарларды ұстағаннан кейін қолды ұқыпты жуу керек.

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың алдын алу.

.Аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту керек.

.Аяқкиімді дұрыс таңдау керек. Жазда ыстық күндері ашық туфли киіңдер – тері дем алуы тиіс.

.Синтетикалық материалдан жасалған аяқкім кимеңдер.

.Кроссовкамен ұзақ уақыт жүрмеңдер.

.Әрбір адамның үйде киетін өзінің аяқкиімі болуы тиіс.

.Егер коньки тебуге немесе боулингке аяқкиімді жалға алатын болсаңдар 1 рет киетін нәскиді пайдаланыңдар.

.Моншаға, саунаға, бассейнге барғанда өздеріңнің резенке аяқкиімдеріңді киіңдер.

Организм неғұрлым сау болса, саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың дамуына мүмкіндік соғұрлым аз болады.


Дене гигиенасын сақтау және шынығу.

Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады.

Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысыөтекүрделі. 
Ж
ұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық - биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек – қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны көптеген адамдарғабелгілі. 
Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды да пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Сібірде тұратын орыс халқы моншаға түсіп, ал буда отырғанда қайың, емен жапырақтарынан жасалған сыпыртқылармен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунайды. Сонда дене жақсы шынығып, денсаулық артады. 
IV.Жаңа сабақты бекіту.

Тері ауруларының суретін көрсету .

V. Қорытынды.

Тест жұмысы.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма § 56





Жамбыл облысы.

Жуалы ауданы

29 Александр Герцен атындағы орта мектебі.


Ашық сабақ

Тақырыбы: Бұлшық ет және оның типтері.

Пән мұғалімі: Д. Алимкулова

Сыныбы: 8 «Ә»
Хабарландыру


2014 жылдың желтоқсан айының

8 жұлдызы күні 3-ші сабақта биология кабинетінде

8 «Ә» сыныбымен өтетін

ашық сабаққа қатысыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет