Жаңа сабаққа кіріспе
|
ІІ.Жаңа тақырыпты оқып меңгеру.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру
|
Бұл материалды 7-сыныпта өткендіктен олар талқылау барысында дұрыс жауап беруі мүмкін.
Тапсырма: Химиялық элементтердің қандай жіктелуінің Д.И. Менделеев жіктеуімен көп ұқсастығы бар?
Күтілетін жауап Химиялық элементтер жіктеуінің оқып білген теориясынан Дж. Ньюлендс теориясының Д.И. Менделеев теориясымен көп ұқсастығы бар. Себебі Дж. Ньюлендс химиялық элементтер үшін «реттік нөмір» ұғымын енгізді және оларды қасиеттерінің ұқсастығы бойынша топтарға орналастырды.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|