Құрастырған: Музыка пәні мұғалімі: Абишева Айгүл Шәмшиденқызы
№ 24 мектеп-гимназиясы
Қостанай қаласы
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Хор өнері»
Мақсаты: хор өнерімен таныстыру,хор туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері: 1.Білімділік – хор өнерімен таныстыру,ән үйрету.
2.Дамытушылық – музыка сауаты мен ән айту шеберлігін дамыту.
3.Тәрбиелік – әсемділікке,мейірімділікке,адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,тыңдату.
Көрнекілігі: слайд,хор ұжымдардың суреттері,үнтаспа,синтезатор аспабы,интербелсенді тақта.
Күтетін нәтижесі: 1.Хор,халықтық хор ұғымдарын біледі
2.Хордағы дауыстарды ажыраты алады
3.Әнді дұрыс орындайды
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезені.
Ал,канекей,балалар,
Сәлемдесіп алайық.
Сабағымызға керекті,
Кітап,дәптер алайық.
Дауысымызды жаттықтырып,
Ән сабағын бастайық.
Оқушылармен сәлемдесу, тугелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Өткен материалды пысықтау.
«Халық музыкасының концерті» тақырыбын тексеру,ұғымдарды жатқа сұрау.
Дауыс жатығуларын жасап, «Сағындым Алматымды» әнін орындау.
3.Үй тапсырмасын бекіту. Концерт залына саяхат –әңгімелесу.
4.Жаңа сабаққа дайындық. Ой қозғайтың сұрақтар қойылады.
-Әнді кімдер орындайды? (жеке орындаушы, әнші, хор)
ОХР НРӨІЕ –Қандай сөз шығады? Сабақтың тақырыбың хабарлау.
5.Жаңа материалды меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |