«№13 орта мектебі» ММ Ашық сабақ дайындаған музыка пәні мұғалімі Караулбекова Гүлмайра Сералыкызы
Сабақтың тақырыбы: Хор өнері
Сабақтың мақсаты: Хор өнерінің пайда болуымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Мемлекеттік хор капелласы туралы түсінік беру, «Наурыз біздің әніміз» әнімен танысу. А. Жайымов, Қ. Сыдықов.
3. Дамытушылық: Әуенді айта білу дағдысын дамыту, есте сақтау, тыңдау, жатқа айту қабілеттерін музыкалық сауаттылық пен дүниетанымын дамыту.
2. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ өнеріне, әндеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, халықтың ұлттық музыка өнерін қадірлей білуге, эстетикалық талғамы мол, өнерсүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Рефлексия, жаңа тәсілдер қолдану, диалог, топпен жұмыс, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, музыка тыңдау , ән орындау.
Көрнекілігі: Презентация, бейнебаян, үнтаспа, саз аспаптары.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлемдесу(музыкамен)
-Психологиялық дайындық
Күй тыңдаймыз күмбірлі,
Ән айтамыз созылтып.
Би билейміз ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты.
II. Үй тапсырмасын тексеру.(топтық жұмыс оқушыларды үш топқа бөлу)
I топ Халық музыкасының концерті туралы (әңгімелеу)
II топ Оркестр дегеніміз не? Оркестрді кім басқарады? (суреттеу)
III топ Ұлт аспаптар оркестрі қандай күйшінің атында және бұл оркестрді қай композитор басқарды? ( зерттеу)
1.« Адасқан ноталар» ойыны ( күйлер жасыру)
До – « Сарыарқа» Құрманғазы
Ре – « Сарыжайлау» Тәттімбет
Ми – « Қосалқа» Дәулеткерей
Фа – «Шыныаяқ тастар» Қазанғап
Соль- « Қасқыр» Ықылас
Ля – « Әсем қоңыр» Дина
Си – « Гулдерайым» Халық әні
( ноталарды сызық бойына оранластыру)
2. Дауысқа жаттығу жасау «Сағаттың тіліндей»
3. Ән айту: халық әні « Гулдерайым» хормен
4. Үй тапсырмасын қорыту « Халық музыкасы» топтастыру
Ертеде қазақтың әндерін, күйлерін біздің аталарымыз домбыра немесе қобызда жеке орындаған Ал, қазіргі таңда күйлер мен әндерді оркестрдің орындауында тыңдауға болады.
III. Жаңа сабақты меңгерту.
1.Презентация бойынша « Хор өнері, хор капелласы» - тақырыбы аясында түсінік беру.
Көп адамның бірігіп ән орындауын хор деп атаймыз. Хордың бірнеше түрлері бар. Халықтық хор, кәсіби хор, балалар хоры. Халықтық хорда көбінесе халық әндерін топпен орындайды. Көп дауыста орындайтын ұжымды кәсіби хор деп атаймыз. Кәсіби хорда бас және тенор дауысты ерлер , ал альт пен сопрано дауысын әйелдер орындайды. Балалар хорын да кәсіби хорға жатқызамыз. Хорды көбіне аспаптың сүйемелдеуінсіз орындайды. Аспапсыз орындауды «а капелла», ал хор ұжымын хор капелласы деп атайды.
Хор - вокалдық музыка орындаушылар ұжымы. Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер даусы) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болмаса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармасының ыңғайына қарай бірнеше дара партияларға (1 және 2-сопрано) бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам (яғни 3 топты құрайтын 4 партиядан: сопрано, альт, тенор және бас даусынан), ал кәсіби хор құрамында 100 — 120 адамға дейін болады. Мысалы, Қазақтың мемлекеттік хор капелласы, М.Е. Пятницкий атындағы орыстың халық хоры, т.б. 2) Хорға арналған музыкалық шығарма. 3) Ішекті музалық аспаптардың, қос, үш, т.б. бір дыбысты ішектер тобы.
Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы
Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы. 1939 жылы ұйымдастырылған. Оның ұйымдастырушысы және тұңғыш жетекшісі. Қазақ ССР-нің халық артисі Б. В. Лебедев (1939-1941жж.). 1954 жылы ұжым қайтадан құрылған, 1958 жылға дейін оған қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі. Г. Е. Виноградова, мұнан соң ұзақ жылдар бойына ССРО-ның халық артисі А. В. Молодов басшылық жасады. Қазіргі кезде оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері Б. Демеуов болып табылады. Ұжым репертуарында қазақтың халық әндері, күйлер, қазақ композиторларының шығармалары, орыс және шетел классиктерінің шығармалары бар. Хор капелласы үшін композиторлар
Б. Байқадамов, А. Жұбанов, Ғ. Жұбанова, Б. Жұманиязов, Қ. Қожамияров, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев, Л. Хамиди және тағы басқа шығармалар жазды.
2.Сергіту сәті би қимыл әні «Сұр қоян»
3.Музыкалық сауаттылық.
Дауыстар: Сопрано- ең жіңішке дауыс, бас – ең жуан дауыс.Альт- әйелдердің төменгі дауысы,тенор – ерлердің жоғарғы дауысы.
4.Музыка тыңдау.
Ақ әжелер ансамблінің орындауында қазақтың халық әні «Жар – жар»
5. Логикалық жаттығу бүгінгі үйренетін әніміздің тақырыбын тауып алайық.
3 6 1 5 2 4 3 5 1 6 2 4 2 6 4 1 5 3
6. Ән үйрену.
«Наурыз біздің әніміз» Әні: А. Жайымов, сөзі: Қ. Сыдықов.
Әнді тыңдау, қиын сөзбен жұмыс, әнді үйрену, бәріміз қосылып орындау.
7. Шығармашылық жұмыс.
I топ - «Наурыз біздің әніміз» әнін хормен айту.
II топ –Ән әуеніне бидің ырғағын тауып билеу.
III топ – «а,капелламен» қалаған әндерін орындау.
IV. Сабақты қорытындылау.
1.Хор дегеніміз не?
2.Хор неше түрге бөлінеді?
3.Халықтық хор дегенді қалай түсінесің?
4.Әжелер ансамблінің орындауында тыңдаған «Жар – жар» әні хордың қай түріне жатады?
5.Кәсіби хорда әнді неше дауысқа бөліп орындайды?
Міне балалар бүгін біз хор өнерімен таныстық.Балалар біздерде әр сабақ сайын әндерімізді бәріміз бірге көп дауыста орындасақ дауысымыз әдемі де , әуенді бола түседі.
V. Үйге тапсырма.
- Хор өнері туралы шағын эссе жазу.
- «Наурыз біздің әніміз» әнін жаттау.
VI. Бағалау.
- Қызыл домбыра аспабы – өте жақсы.
- Көк домбыра аспабы – жақсы.
- Сары домбыра аспабы – орташа.
VII. Балалар бүгінгі сабаққа бәріңде жақсы қатысып отырдыңдар рахмет!
Сау болыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: |