Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Атымтай жомарт". Жомарттық пен сараңдық


– топ "Галереяда ой шарлау" әдісі



бет7/7
Дата15.12.2021
өлшемі371,58 Kb.
#100994
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
атымтай жомарт Кетепова Ж

4 – топ "Галереяда ой шарлау" әдісі

Берілген мәтіндер бойынша суретті сәйкестендіру арқылы әңгіме тізбегін құрып шығады









Ж етістік критерийі:

1..Өз ойын нақты, дәлелді жеткізеді;

2 .Мәтіндегі үзінділерден сурет арқылы уақыт тізбегін құрады.

Екі жұлдыз , бір тілек (кері байланыс)

Ж.Ж. ҚБ тапсырмасы

Жұбыңызбен ақылдаса отырып, әңгіме мазмұнын салыстыра суреттеуге 3 дәлел, қарама-қарсы суреттеуге 3 дәлел табыңыз



Салыстыра суреттеу

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел













Қарама-қарсы суреттеулер

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел













Дескриптор

-шығармадан салыстыра суреттеуге үш дәлелді анықтайды;

-шығармадағы қарама-қарсы суреттеуге қатысты үш дәлелді

анықтайды.



А3 парағы

Сызба кесте

Парақшалар



Сабақтың соңы:

5 минут
3 минут

Бекіту тапсырмасы

Ж. "Пікір сызығы" әдісі арқылы берілген сауалға оқушылар өз пікірлерін дұрыс, бұрыс деп пікір айтады.

Қалай ойлайсыңдар, егер бізде қажетті дүниенің барлығы болса да, Атымтай жомарт сияқты күн сайын бір мезгіл үстімізге ескі киімдер киіп жұмыс жасағанымыз дұрыс па, неліктен, не себепті?



Рахмет! Пікірің құнды! Жарайсың! Керемет!

Рефлексия.

Жылқының қылына (құйрығына) бүгінгі сабақ бойынша өз пікіріңізді жазыңыз.



Кері байланыс парақшалары

Қосымша мәлімет:

Ы.Алтынсариннің өзге де әңгімелерін оқу. Шығарманы оқып кейіпкерді бүгінгі күннің Атымтайларымен салыстыра отырып, ой - толғау жазып келіңіз.

Саралау– оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау– оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс–Денсаулық жəне қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).

Сабақ жоспарындағы тапсырмалар оқушылар қабілетіне қарай алынды. Әңгімедегі салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажырата алу үшін жұптық жұмыста қалыптастырушы тапсырмаларын алдым. "Сен-маған, мен-саған"әдісінің тиімділігі оқушы сұраққа жауап бере отырып, өмірмен байланысты ой-пікір айтады. Оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдерді ұсына отырып, олардың тапсырманы қызығушылықпен орындауына ықпал етеді. «Жылқы сұлбасы» стратегиясы арқылы әңгімедегі салыстыруларды, негізгі себептерді, қорытынды пікірлерін айтуға дағдыланады, бұл тәсілдің тиімділігі оқушының өз бетінше шешім қабылдай алуына оң әсерін тигізеді. «Төрт сөйлем» тәсілі де оқушының қажеттілігін нақтылауға, өзіндік пікірін қалыптастыруға әсер етеді, өмірмен байланыстыра отырып, қорытынды пікір айта алуына оң әсерін тигізе алатын өте тиімді тәсіл.


Сабақ барысының ажырамас бөлігі, бағалауларды ықпалдастыру барысында "Мұғалімге арналған нұсқаулықты" басшылыққа ала отырып, тренердің түсіндіруі бойынша қалыптастырушы бағалауға тапсырмаларды жүйеледім. Оқушының ішкі уәжін қолдау мақсатында мадақтау, мақтау сөздермен, "екі жұлдыз, бір тілекпен" бағалауды жүзеге асырдым. Өз жұмысын нәтижелі орындай алуы үшін арнайы дескрипторлар ұсынып отырдым.


Ұлттық педагогикамен байланысы бар.

Себебі еңбекқорлық, қарапайымдылық, жомарттық ұлтымыздың тәлім-тәрбиесі негізінде жатыр. Жауапкершілік, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету құндылықтарын басшылыққа ала отырып, сабақ жоспарын құрдым.




Рефлексия

Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?


Ықшам сабақ құру кезінде мақсатқа сәйкес тапсырмаларға түрлі тәсілдерді пайдаландым.

Сабақ жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын, себебі, түрлі тәсілдерді қызығып орындаған оқушылар негізгі мақсатқа қол жеткізеді.

"Жылқы сұлбасы", "Төрт сөйлем" тәсілдерін тиімді пайдаланып, тиімді оқуды жүзеге асыратындығым туралы әріптестер тарапынан қолдау табамын деп ойлаймын. Алдағы уақытта әріптестерімнің берген ұсыныстарын қабылдай отырып, ұсыныстарды есте ұстай отырып, жаңартылған оқу бағдарламасын өз тәжірибеме одан әрі қарай тиімді пайдаланамын деген үміттемін.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: "Жылқы сұлбасы" әдісі мен "Төрт сөйлем" әдісі тиімді болады, себебі бұл тәсілдер оқушының сыни ойлануына, өз бетінше қорытынды шығара алуына әсер етеді.

2: Жұптық жұмысқа негізделген қалыптастырушы бағалау тапсырмасы да тиімді болады, салыстыруларды дәлелдей алады, ажырата біледі.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Әріптестерімнің оң пікірі, сабақ жайлы ойлары әсер етеді.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге



назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет