Сабақтың тақырыбы Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді



бет26/53
Дата27.10.2023
өлшемі5,3 Mb.
#188520
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
9 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ҚМЖ-2 (1)

Пәнаралық байланыс




Алдыңғы оқу




Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 5мин


Сабақтың ортасы

30 мин



Сабақтың соңы 5мин

«Сәлемдесу» - ынтымақтастық атмосферасын орнату


«Ой атысы» - үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға 10-сұрақтан тұратын сұрақтар үлестіріледі. Орындап болған соң оқушылар өзін-өзі интерактивті тақтадағы жауаппен салыстырып, бағалайды

Бағалау.

М. Кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану ережесі және олардың өмірі үшін жауапкершілік


Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады. Еңбекке қабілетті деп төменгі және жоғарғы шегі еңбек заңында анықталатын жас танылады. Адамды жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас он алты жас болып белгіленген. Он бес жасқа толған адамдар орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда, ата-аналарының немесе қорганышы-қамқорлығының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Кейбір жағдайларда 14-ке толған оқушыларды олардың денсаулығына және оқуына зиян келтірмейтін, оқудан бос уақытында атқаратын жұмыска ата- аналарының біреуінің (қорғаншы, қамқоршы) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Бұл жағдайда ата-анасы (қорғаншы, камқоршысы) жеке еңбек шартына кәмелетке толмағандармен бірге қол қояды.
Жүйке ауруынан және ақыл-есінің кемістігінен сот тәртібімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адам, еңбек құқығының субъектісі бола алмайды.
Кәмелетке толмағандарды жұмыска қабылдағанда мемлекеттік, коғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.
Жасы он сегізге толмаған адамдарды дене еңбегін қажет ететін ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайы зиянды, ірі қауіпті жұмыстарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Ауыр дене еңбегі дегеніміз — қызметкердің ауыр заттарды көтеруіне және оларды қол күшімен басқа жерге орналастыруына немесе 300 ккал/сағат энергия шығындауына байланысты болатын жұмыстар.
Қазір қолданылып жүрген "Еңбек туралы" заңдарда барлық еңбекке қабілетті азаматтарға кәсіп, қызмет және жұмыс түрін таңдауда тең мүмкіндіктер белгіленген. Жұмысқа қабылдау кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына байланысты оның құқығын қандай да бір тікелей немесе жанама шектеуге, тікелей не жанама артықшылықтар белгілеуге жол берілмейді.
18 жасқа толмаған қызметкерлер жалпы ереже бойынша еңбектік-құқықтық қатынастарында кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, еңбек демалысы және өзге де еңбек жағдайлары саласында еңбек заңында белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.
Кәмелетке толмағандар үшін жеңілдіктерді көздейтін заң нормаларының тегеурінді сипаты бар (мысалы, қысқартылған жұмыс уақыты және тыйым салулар). Мәселен, жасы 18-ге толмағандар түнгі уақыттағы жұмысқа пайдаланылмайды, кәмелетке толмағандар уақыттан тыс жұмысқа жіберілмейді. Кәмелетке толмағандар жұмысқа қабылданарда міндетті медициналық тексеруден өтеді. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жиырмаға дейінгі жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға және кәсіби оқытуда бронь белгіленеді. Бронь есебінен жіберілген кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдаудан және кәсіби оқытудан бас тартуға болмайды.
Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау, оқуын өнімді еңбекпен табысты ұштастыру үшін оларға қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында заңда олар үшін қысқартылған жұмыс уақыты көзделген. 16-дан 18-ге дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттық жұмыс уакыты белгіленген. Ал 14 пен 16-ға дейінгі жасөспірімдер үшін — аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты көзделген.
Кәмелетке толмаған қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша толық емес жұмыс уакыты, оны жұмысқа қабылдау кезінде не кейін белгіленеді.
Кәмелетке толмаған қызметкерлер уақыттан тыс жұмыстарды атқаруға қатыстырылмайды.
Жұмыс берушілер 18-ге толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасаса алмайды. Бұл арада әңгіме оларға берілген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға немесе өндіріс барысында қолдануға тікелей қатысы бар қызмет не жұмыс туралы болып отыр. Жұмыс берушінің өз мүддесіне орай заңға сәйкес қызметкерді өз қаржысы есебінен оқытуға немесе кадрлар даярлау үшін оқуға жіберуге қақы бар. Бұл жағдайда кадрларды кәсіби даярлау тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылуы, сондай-ақ бұған тиісті жағдайы мен алған рұксаты бар мамандандырылған ұйымдарда не орта және жоғары кәсіби оқу орындарында ұйымдастырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, заң жұмыс берушіні қызметкерді оқытуға міндеттемейді. Сонымен бірге жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлау кажет болған жағдайда жұмыс беруші өз қаржысы есебінен қызметкерлерді, әсіресе жастарды оқуға, қайта даярлауға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге жібере алады.
Егер кәмелетке толмаған қызметкерді оқыту тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылса, онда даярлау, мамандықтар бойынша біліктіліктің бастапқы деңгейіндегі біліктілік сипаттамасы талаптарының көлемінде жүзеге асырылады. Бұл арада оқуға жіберілген кәмелетке толмағандардың жасы, жынысы және денсаулық жағдайы қазір қолданылып жүрген еңбек заңының талаптарына, экономиканың тиісті салалары жұмысшыларының, кәсіптері мен мамандықтарының еңбегін қорғау жөніндегі нормаларына сәйкес болуы керек. Тікелей өндірістің өзінде көсіби даярлықтан өтіп жатқан кәмелетке толмаған қызметкерге еңбек туралы заңның толықтай қатысы бар (жұмыс уакыты және тынығу уақыты, еңбек тәртібі және т.б.). Сонымен, еңбек заңында азаматты жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас 16 жас болып белгіленген. Жасы 15-ке толған адамдар орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда жеке еңбек шартын ата-анасының немесе қорғаншы-қамқоршысының келісімімен ғана жасаса алады. 14-ке толған оқушыларды оқудан қолы бос уақытта атқаратын жұмысқа ата-анасының біреуінің (қорғаншы-қамкоршысының) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Соңғыларының келісімі жазбаша түрде (өтініш) беріледі.
Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдағанда мемлекеттік, қоғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.
Жаңа сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет