Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
№4-тапсырма. Берілген үзіндіні пайдаланып, шығарманың басталуына ой жүгіртіп, топта ақылдаса отырып, қайта жазып шығыңдар. Не себепті өзгеріс енгізгендеріңді түсіндіріңдер. Ал егер жазушының оқиғаны баяндау стилімен келіссеңдер, оны да айтып беріңдер.
Оқылым-жазылым: Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым-жазылым дағдысы қалыптасады.