Оңтүстік Қазақстан облысы.Сайрам ауданы.№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аблаева Гүлшахра Гаухарқызы.
Педагогикалық ұстанымым: «Әр сабақ өмірге сабақ болсын»
Cабақ № 1
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ыбырай Алтынсарин. «Таза бұлақ»
|
3«А»-сынып
|
14 .01.2016 жыл
|
Әдебиеттік оқу
|
Жалпы мақсаты
|
Білімділік: оқушыларға қазақтың көрнекті педагогы Ы. Алтынсарин өмірін,шығармашылығын тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып,ашуға мүмкіндік беру.
Дамытушылық:оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға, ойын нақты көркем тілмен жеткізуге машықтандыру,ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік:әңгіме арқылы еңбек ету,жақсылық жасау,адал болу идеясын бойға сіңіру.
|
Оқытудан күтілетін нәтиже
|
Оқушылар әңгіменің мазмұнымен таныса отырып,өзара пікір алмасып, өз ойларын дәлелдей білуге үйренеді. Алған білімдерін өмірде қолданады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Диалог, миға шабуыл,ассоциация,ой қозғау, Insert (түртіп алу жүйесі),
топтастыру,топтық жұмыс, алты бөлімді күнделік,бес жолды өлең (сыни тұрғыдан ойлау)АКТ қолдану.
|
Оқудың ресурстары
|
Компьютер, презентациялар,интерактивті тақта. Ы.Алтынсарин портреті,үнтаспа,Қазақстан картасы,сөзжұмбақ,кесте.
|
Әдебиеттер: Әдебиеттік оқу оқулығы,интернет желісінен алынған мәліметтер.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,қазақ тілі .
|
Оқудың негізгі мазмұны
|
Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір – біріне кез болыпты.Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр екен.Айнала қалың ағаш,жапырақтары бұлақтың үстіне төселген,суы мұздай салқын,шыныдай мөлдір,өте таза бұлақ екен.
Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын қазандай бір қара тасты қойыпты да,тасқа:
-Ей,жолаушы,болсаң,осы таза бұлақтай бол! – деп жазыпты.Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша су ішеді, тастағы жазуға көздері түседі.
-Бұл жазылған ақыл екен. Бұлақ күні – түні тынбай ағып,алыс жерлерге барады.Бара-бар кеңейіп, үлкейеді. Бұған жол – жөнекей кішкене бұлақтар қосылып,сүйте бара үлкен өзен болып кетеді.Мұнан мынандай ғибрат алуға болады.Сондай адал қызмет қыл,еш уақытта тоқтап қалма,сүйтсең,ақырында сенде үлкейіп мұратыңа жетесің дегені деп білемін,-дейді бірінші жолаушы.
Сонда екінші жолаушы басын шайқап:
-Жоқ,мен олай ойламаймын,-дейді.-Бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаныңыздан гөрі тереңірек соқса керек :бұл бұлақ кім – кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып,рақаттандырады.Сусағанның шөлін қандырады. Ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді.
Олай болса,мұнан:біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе деген ақыл ұғуға болады.
Жолаушының үшіншісі көркем жас жігіт үндемей тұрады.Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрайды.
Жігіт айтты:
-Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді.Бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып,шөп – шалам түсіп, лай – қоқым болса , бұған адамнан гөрі айуан ынтық болар еді.Бұлақ күні – түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін бұған адам ынтық.Олай болса,бұл жазудың мағынасы мынау:көңіліңді,бойыңды,осы бұлақтай таза сақта.Бұлаққа қарасаң,күн түссе күннің,шөп түссе шөптің сәулесін көреміз.Ендеше, «Көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын» дегені ғой деймін,-депті.
|
Ой қозғау бөлімі
|
Сабаққа кіріспе
|
Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу,сынып тазалығына мән беру,оқушыларды түгелдеу,оқушылардың зейінің сабаққа аудару)
Мен үшін әрқайсысыңның орның бөлек,
Бейне бір сендер жеміс мен бәйтерек.
Бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне,
Ұшқыр ой,ашық көңіл,білім керек!-дей отырып сабағымызды бастаймыз.
|
Топқа бөлу.
|
Ы.Алтынсариннің өлең шумақтарының сөздері арқылы 3 топқа бөлу.
«Келісім» тренингі.
Біз бәріміз өз оқуымызға жауаптымыз.
Бір-бірімізді тыңдаймыз,сөз бөлмейміз.
Тәртіпті,әдепті боламыз.
Басқалардың сезімін аялаймыз.
Бірлесіп жұмыс істейміз.
Өз пікірімізбен бөлісеміз.
Пікірлердің нақтылығын сақтаймыз.
Уақыт шегарасынан аспаймыз.
|
Психологиялық дайындық
|
Топқа бөліну кезінде құрастырылған өлеңді жатқа айту.
1)Кел ,балалар, оқылық.
2)Өнер, білім бар жұрттар.
3)Өзен
|
Үй тапсырмасын сұрау.
|
Ш.Құдайбердіұлы. «Жаз келер» өлеңін жатқа айту.
Әр бір топ «Ғажайып кітапты» таңдап алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
|
Бүгін сабақ барысында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейміз.
«Жетістікке қол жеткіземіз десеңіздер, сабақты мұқят тыңдап, берілген барлық тапсырмаларды орындауға тырысыңыздар»,-деп ескертемін.
|
Қызығушылығын ояту.
|
Үнтаспадан құстардың сайраған даусы мен бұлақтың сылдырлап аққан даусын тыңдату. (Сұрақ – жауап жүргізу)
-Нелердің даусы естіледі? (Құстардың,бұлақтың)
-Жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар? (Жаз.Дәлелдеу.)
-Бұлақ дегеніміз не? (Бұлақ-жер асты суларының жер бетіне өздігінен шоғырлана шыққан жері. )Дүниетану.
-Бұлақ суы қандай деп ойлайсыңдар? (Салқын,тап – таза,мөлдір)
-Бұлақ суының пайдасы бар ма? (Бұлақ суы шипажайларда түрлі ауруларды емдеуге қолданылады.)
|
Тірек білімдерін белсендендіру.
|
Оқушылардың Ы.Алтынсарин туралы әңгімелеуі.
1-топ.Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?
Ақын,жазушы Тамаша педагог
1841-1889ж
Тұңғыш мектеп «Қазақ хрестоматиясы»
ашқан оқулығын жазған
Мұғалімдер дайындаған Аудармашы
Қостанай обл туған
2-топ.Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?
Талаптың пайдасы
Бір уыс мақта Сараңдық пен жинақылық
Әке мен бала
3-топ.Ы.Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесің ?
Кел, балалар ,оқылық
Өзен
Өсиет
Өнер, білім бар жұрттар
Оқушылар Ы.Алтынсариннің бір өлеңін жатқа айтып береді.
|
Мағынаны тану бөлімі.
|
Жаңа сабақ
|
Мұғалімнің оқушыларды формативті бағалап, Ы.Алтынсарин жөнінде мәліметтерді толықтыру.
Ы.Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы.Шығармалары қысқа мазмұнға құралған.Аз сөзге көп мағына сыйғызуы әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлуі Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады. Ы.Алтынссаринның өмірі қысқа болды.Ол небәрі 47 жыл өмір сүрді.Ыбырай атамыз қазақ даласына осыдан 149 жыл (1864) бұрын қоңырау соққан алғашқы ұстаз еді.Оның халқы үшін жасаған еңбегі ел есінде мәңгі сақталады.
Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын зерттеген ақын,жазушы Ғафу Қайырбеков ұлы ағартушының тұңғыш бейнесін жасауға «Дала қоңырауы» поэмасына арнады. Ы.Алтынсарин еңбектерін жарыққа шығарған жазушы Әбу Сәрсенбаев болды.
Алматыда Ы.Алтынсарин атында Ғылым академиясы бар.Қазақстанда Ы.Алтынсарин атында көшелер мен мектер бар.
1991 жылы қазан айында Қостанай қаласында қазақтың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин мұражайы ашылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында Ы.Алтынсарин атында балалар кітапханасы жұмыс істейді.
Ы.Алтынсарин атында медаль бар. Оны ұлағатты ұстаздар мен оқу-ағарту ісінің үздіктеріне береді.Сондай үздіктердің бірі ұлағатты ұстаз математика пәнінің мұғалімі Нысанов Алдияр Айдарұлы.Өзіміздің Сайрам ауданында Титов атындағы мектептің математка пәнінің мұғалімі Тимиров Қабылбек ағайымыз.
Ия,балалар,тамаша педагог Ы.Алтынсарин атамыздың ізбасарлары,қазіргі сендерге оқу-білім,тәрбие беріп жүрген –мұғалімдер.Біздің мектепте де осындай керемет мұғалімдер баршылық.Олар:Ұлдана апай,Лаззат апай,Сандуғаш апай т.б.
Ал енді ,балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін сабаққа байланысты сөзжұмбақ шешейік.
Сөзжұмбақ
|
Т
|
е
|
л
|
е
|
ф
|
о
|
н
|
|
Б
|
а
|
с
|
қ
|
а
|
|
|
Т
|
ө
|
з
|
і
|
м
|
д
|
і
|
|
|
|
Б
|
а
|
л
|
қ
|
о
|
ж
|
а
|
|
|
|
б
|
і
|
л
|
і
|
м
|
|
|
м
|
ұ
|
ғ
|
а
|
л
|
і
|
м
|
|
|
Ы
|
қ
|
ы
|
л
|
а
|
с
|
|
Т
|
о
|
р
|
ғ
|
а
|
й
|
|
|
|
қ
|
ұ
|
р
|
ғ
|
а
|
қ
|
|
1)Қазіргі кезде Ы.Алтынсариннің айтқан,көзді ашып жұмғанша жылдам хабар алғызған не?
2)Қына тасқа бітеді,
Білім ... бітеді.
3)Қандай адам мұғалім бола алады?
4)Ыбырай атамыз кімнің тәрбиесін алды?
5)Өмірді жақсарту үшін не қажет?
6)Ыбырай атамыз кімдерді дайындады?
7)Оқуды жақсы оқу үшін не қажет?
8)Ыбырай Алтынсарин алғаш мектеп ашқан қала?
9)Суда қандай тас болмайды?
Оқулықпен жұмыс.
1.Маған қаншалықты қызық?
2.Мазмұнда қандай идея жатыр?
3.Қандай жаңа нәрсе білуім керек?
Insert (түртіп алу жүйесі)
V-мен білемін
+-мен үшін жаңалық
– -білмеймін
?-мені таң қалдырады.
Мәтінді азат жол бойынша оқып ,талдау, жоспар жасау.
1.Бұлақ басы.
2.Тастағы жазу.
3.Бірінші жолаушының пікірі.
4.Екінші жолаушының пікірі.
5.Үшінші жолаушының пікірі.
Сөздік жұмыс.
Тастақ-тасы көп жер.
Қайнап жатқан-бұлақтың бастауы.
Ғибрат алу-үлгі алу.
Сусаған-шөлдеген.
1-топ.Бірінші жолаушының пікіріне өз ойларын білдіру.
Жолаушы таза бұлақтың ағысын ұлы еңбекпен байланыстырады.Еңбек еткендер қашанда мұратына жетеді.Адал еңбекпен күн көруді барлық адам қолдаса,жер бетінде жалқаулыққа орын болмас еді.
2-топ.Екінші жолаушының пікіріне өз ойларын білдіру.
Жолаушы таза бұлақтың ағысын жақсылықпен ұштастырады.Жасаған жақсылығың үшін ол ешкімнен ештеңе дәметпейді.Адамдар бір-біріне осы таза бұлақтай қайырымды,мейірімді болса,бір-біріне тек қана жақсылық жасай білсе,еш жамандық болмас еді.
3-топ.Үшінші жолаушының пікіріне өз ойларын білдіру.
Көркем жігіт таза бұлақтың ағысын тазалықпен байланыстырады.Адам үнемі өзін таза ұстаса,ұқыптылықпен қараса, әдемілік,әсемдік үнемі қасында болады.
Олай болса тазалық- денсаулық кепілі.
Дені сау адамның қолынан бәрі келеді.
1-топ.Еңбекқорлық.
2-топ.Жақсылық.
3-топ.Тазалық сөздеріне қарсы мәндес сөздер айту. (Қазақ тілі)
Сыныпқа ортақ сұрақ қою:
1)Егер сендер төртінші жолаушы болсаңдар,бұлақ басындағы жазуды қалай түсінер едіңдер?
2)Үш жолаушы неге бірдей ойламады екен?
3)Бұл әңгімеде басты өнімді ой неде деп ойлайсыңдар?
(Мұғалім формативті бағалап,толықтырулар енгізеді)
Сергіту сәті.
Тамшы болып тамайық, (Бір орында секіреді)
Арықпен бірге ағайық. (Екі - екіден бірігеді)
Көлшік болып жиналып (Төрт-төрттен бірігеді)
Күнге қолды бұлғайық (Қолдарын жоғары көтереді)
Орнымызға отырайық.
Дәптермен жұмыс.
Мәтіннен үш жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазу.
Шығармашылық жұмыс.
Тақтадағы сөздерді дұрыс пайдаланып,мақалды жазу.
1-топ.1.Елдің,ырыс,адам,жақсы.
Тынысы,жанның,сөз,жақсы.
2.Азбайды,тозбайды,ақыл,білім
2-топ.1.Жердей,көтерген,бол,бәрін,болсаң,шыдап,жақсы.
Таза,судай,кетірген,жуып,болсаң,бол,бәрін
3-топ.1.Ақыл,жеткізер,көпке.
Жеткізер,көкке,өнер
2.Аты,өлмейді,ғалымның,
Өлмейді,хаты,жақсының.
1-топ.Суға байланысты тыйым сөздер.
2-топ.Жаңылтпаш, өлең оқу.
3-топ.Су туралы мақал-мәтел айту.
|
Толғаныс бөлімі (Оймақтай ой)
|
«Бес жолды өлең» құрастыру.
1-топ.Бұлақ.
2-топ.Ыбырай.
3-топ.Жолаушы.
Мысалы.
Зат есім (1) Ыбырай
Етістік (2) Оқуға шақырды,оқулық жазды.
Сын есім (3) Дарынды,тапқыр,ойшыл.
Сөйлем (4) Ыбырай-білім кілтін тапты.
Мәндес сөз (1) Ұстаз.
Алты бөлімді күнделік.
Әңгіменің аты
|
Әңгіменің авторы
|
Кейіпкерлері
|
Әңгімедегі негізгі ой
|
Әңгіме немен аяқталды?
|
Әңгімеден не үйрендік?
|
Таза бұлақ
|
Ы.Алтынсарин
|
Үш жолаушы
|
Жан дүниенің тазалығы
|
Жас жігіттің пікірімен
|
Еңбекқорлықты, жақсылық жасауды,тазалық,. мейірімділікті
|
Сабақтағы әр бір тапсырманың орындалуы формативті бағаланып отырылады.
|
Рефлексия
|
Балалар осы сабақтағы көңіл күйін смайлик арқылы білдіреді.
|
Үйге тапсырма
|
Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқу,сахналауға дайындалу.
1-топ. «Су- тіршілік сөзі»
2-топ. «Су -тілсіз жау»
3-топ. «Судың да сұрауы бар» тақарыптарына эссе жазып келу
|
Бағалау
|
Оқушылардың жиынтық бағасын бағалау парағы арқылы қою.
|
Мұғалімнің қорытынды сөзі
|
Бойларың судай таза, көңілдерің мөлдір бұлақтай ашық болсын !
Осымен сабағымызды аяқтасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйреттім білгенімді осы жолы,
Тағы да үйретермін аман болсақ
|
Достарыңызбен бөлісу: |