Алматы облысы Алакөл ауданы Қант зауыты орта мектебінің 1 деңгей мұғалімдері К. С. Тулегенова, Ғ Смайлханова



Дата22.08.2017
өлшемі56,32 Kb.
#24300
Алматы облысы Алакөл ауданы Қант зауыты орта мектебінің

1 деңгей мұғалімдері К.С. Тулегенова, Ғ Смайлханова



Коучинг тақырыбы:


Формативті бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі .

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Мақсаты:

Мұғалімдердің формативті бағалау туралы түсініктері қалыптасады; оқу үдерісінде формативті бағалау әдістерін қолдануға бағыт-бағдар алады.

Түйінді идеялар:

Формативтік бағалау жетістіктің өсуі мен дамуына тікелей ықпал жасайды.

Нәтиже:

1. Формативті бағалау туралы түсінік қалыптасады;

2. Ынталандыру арқылы бағалауды үйренеді.

3. «Аквариумдағы алтын балық» әдісін қолдануды үйренеді

4. Өзін-өзі, өзара бағалауды үйренеді.



Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, қалам, А- 4 түсті парақтарына сабақ жоспарының шаблоны

Оқыту әдістері:

АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалогтық оқыту.






Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеттері

Бағалау

Тақырыпқа кіріспе. (5 мин)
Тақырыппен таныстыру

Сергіту


  1. минут)

Мақсат қою

(3 мин)


«Сырткы шеңбер және ішкі шеңбер» әдісін қолдану

Сіздер не істедіңіздер?

Ендеше біздің сабағымыздың тақырыбы «Формативті бағалау».

Топқа бөлу.


«Молекулалар, атомдар» ойыны
Сабақ мақсаты мен міндеттерін бірлесе анықтау.

Шеңбер бойымен тұрған әр екі жұп бір-біріне өздерінің бір жақсы, бір кемшілігін айтады

Сұраққа жауап беріп өз ойларын айтады

Пән бірлестіктері бойынша топтарға бөлінеді.

Музыка ырғағына билеп, музыка тоқтағанда атомдар саны айтылғанда сол сандар бойынша топтасады.

Тақырып айтылған соң қатысушы мұғалімдермен бірлесе сабақ мақсаты мен міндеттерін анықтайды.


Өзін-өзі бағалау

өзара бағалау



Мағынаны тану (3 мин)

Ой қозғау.

(4 мин)

Презентация



"Формативті бағалау"

(5 мин)


Сабақ шаблонымен таныстыру

(5 минут)

Сабақ жоспарын құру

(10 мин)



Формативті бағалау туралы материалдарды топтарға таратып беру.
«Аквариумдағы алтын балықты аулау» әдісін қолданып формативті бағалау ұғымын қайталау.

Сұрақтар: - Формативті бағалауды қалай түсінесіздер?

-Сабақ барысында сіздер оқушыларды қалай бағалайсыздар?
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жазу үлгісімен таныстыру

Топтарға сабақ жоспарының шаблонын, таратып беру.




Топтар «Болжау» әдісін қолдана отырып формативті бағалау туралы материалдармен өздері танысады.

Сыртқы шеңбердегілер бұрын коучингке қатыспағанда, ішкі шеңбердегілер деңгейлік курстан өткендер және тәлім алушыдар.


Презентация арқылы оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау түрлерін ажыратады. Қалыптастырушы бағалау туралы түсінеді

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жазу үлгісімен танысады


Мүғалімдер өз пәндері бойынша сабақ жоспарын құрастырып, оны қорғайды. Топтар бір-бірінің жұмысын талдап, бағалайды, үздігін таңдайды.

Ұтымды жауап бергендерді смайлингпен бағалау.

Қадағалау

Өзара бағалау


Рефлексия

"Пайымдау сұрақтары "әдісі бойынша кері байланыс алу

Мұғалімдер сұрақтарға жауап береді



Рефлексивтік есеп

Коучинг жоспарын құрмас бұрын Смайлханова Ғалия екеуміз «Формативті бағалау» тақырыбында менторинг өткізіп, интернеттен, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан, үлестірме материалдардан алынған ақпараттарды бөлісіп, формативті бағалау туралы білімдерімізді жетілдіріп, коучингтің жоспарын жасауға дайындық жұмыстарын жүргіздік. Отырыс барысында біз бірге кеңесе отырып, қазанның 6 күніне мектептің дамыту жаспарына сәйкес «Формативті бағалау - оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі ретінде» деген тақырыпта коучинг сессиясын өткізуді ұйғардық. Коучинг сессиясының мақсаты: мұғалімдердің формативті бағалау туралы түсініктері қалыптасады; оқу үдерісінде формативті бағалау әдістерін қолдануға бағыт-бағдар алады. Күтілетін нәтиже: формативті бағалау туралы түсінік қалыптасады; ынталандыру арқылы бағалауды, өзара, өзін-өзібағалауды үйренеді; «Аквариумдағы алтын балық», «Болжау» әдістерін қолдануды үйренеді. Коучингті «Сыртқы шеңбер және ішкі шеңбер» әдісін қолдану арқылы, шеңбер бойымен тұрған әр екі жұп бір-біріне өздерінің бір жақсы, бір кемшілігін айту барысында өздерін–өздері бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы, тақырыпты ашамыз деп шештік. Содан кейін мұғалімдерді сабаққа кіріспес бұрын, көңілдерін сергітіп алу мақсатында сергіту сәтіне «Молекулалар, атомдар» ойынын таңдадық. Әр пән бірлестіктері бойынша топтарға бөлуді ұйғардық. Коушингтің мақсаты мен міндеттерін бірлесе анықтауды жөн көрдік. «Болжау» әдісі бойынша мұғалімдер тақырыппен танысып, «Аквариумдағы алтын балық» әдісі бойынша формативті бағалау туралы түсініктерін пысықтап, сонымен қатар осы әдісті түсіндіре кетеміз деп шештік. Формативті бағалау туралы түсініктерін толық қалыптастыру үшін «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында презентацияны қолдана отырып бағалау туралы толық түсінік беріп өтеміз деп шештік. Сабақ жоспарының шабланын қалай қолдануға болатындығын түсіндіре отырып, сабақ жоспарын құруды түсіндіріп, әр пән бойынша мұғалімдер сабақ жоспарын жасауды үйрене отырып, бір-бірлерінің жұмысын бағалауды үйренеді деп ұйғардық. Қаралған мәселе бойынша алған білімдерін қорытындылап, кері байланысты ұйымдастыру үшін «Пайымдау сұрақтары» әдісін қолданамыз деп деп шештік.

Осы жоспарланған коучинг сессиясын қазанның 6 күні өткіздік. Коучингтің өтілілетіндігі туралы бір күн бұрын хабарландыру жазып ілдік. Коучингті «Сыртқы шеңбер, ішкі шеңбер» әдісін қолану арқылы, тақырыпты аштық. Әр жұп өздерін-өздері бағалап бір-біріне айтып, көңіл күйлерін бөлісіп, өзін-өзі бағалау туралы түсініктері қалыптасты. «Болжау» әдісі арқылы тақырыппен танысып, «Аквариумдағы алтын балық» әдісі арқылы тақырыпты пысықтауға болатындығын ұқты. Оқушыларды сергітудің бір түрі «Молекулалар, атомдар» ойынын қолдануды үйренді. Сонымен қатар мұғалімдер сабақ жоспарын құрудың жаңа үлгісімен танысып, жаспарды құруды үйрене отырып, өзара бағалауды меңгерді. "Пайымдау сұрақтары" әдісі арқылы кері байланысты ұйымдастырдық. Кері байланыс барысында әріптестер даярлық сыныбының жасаған сабақ жоспарының үлгісін жақсы деп бағалап, өздеріне «Аквариумдағы алтын балық» әдісінің ұнағандығын айтты. Табыс критерийі бойынша талдасам мұғалімдер формативті бағалау туралы түсінді; өзін-өзі, өзара бағалау, ынталандыру арқылы бағалау туралы түсініктері қалыптасты.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет