Сабақтың тақырыбы: Ж.Смақов. Айтшы, әжетай.
Сабақтың мақсаты:
Әдебиеттік оқу сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Дұрыс, түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту. Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ойын, түсіндіру,
оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, мамандыққа арналған суретер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Үйге не берілді? - Ертегі не жайлы?
- Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің?
- Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма?
- « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады» дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің?
ІІІ. Жаңа сабақ Ж.Смақов. Айтшы, әжетай.
жаңа сабағымыздың тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі «Айтшы, әжетай»
- Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер?
2. Мұғалімнің түсіндіруі:
- Балалар, мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік.
Ата – асқар тау, Ана – бауырыңдағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
- Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай сурет салар едің? Айтшы.
- Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Рөлмен оқу.
Сөздік жұмыс
Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?
Ақтабан – жылқының атауы.
Қаракөл қой – қойдың түрі.
Бекіту.
Сызбамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп, әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын жүргіз.
Туыстық атауы
Мамандығы
Атасы тәрбиеші
Нағашысы монтер
Жеңгесі жылқышы
Ағасы сауыншы
Жиен ағасы құрылысшы
Апасы егінші
жездесі қойшы
2. Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:
а) өлеңге сүйеніп; ( класта)
б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден)
Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс
3. ПРОБЛЕМАЛЫҚ СҰРАҚ
Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің?
4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?»
- Бүгінгі сабақта біз не білдік, неге үйрендік?
Қорытындылау.
Бағалау,
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өлеңді оқу, нақыл сөз бойынша сурет салу
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Ж.Смақов. Айтшы, әжетай.
Әдебиеттік оқу сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Дұрыс, түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту. Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ж.Смақов. Айтшы, әжетай.
Нақыл сөздің мағынасын ашу, сол нақыл сөздің мағынасына қарай сурет салу.
ІІІ. Жаңа сабақ Ж.Смақов. Айтшы, әжетай.
А) КІТАППЕН ЖҰМЫС
Жақан Смақов туралы мәлімет беру
Жақан Смақов (1932, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы ауылы - 1975) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген. "Советтік Жетісу" ("Жетісу"), "Ұлан" газеттерінің бөлім меңгерушісі, қазақ телевизиясында редактор болып қызмет істеген. Ақынның алғашқы өлеңі "Арам шөп пен бидай", "Ақжелкен" журналында 1953 ж. жарық көрген. Смақовтың "Сәбилерге сәлемдеме" (1959), "Қаз-қаз бас" (1960), "Біздің атай Түсекең қартаймайтын кісі екен" (1961), "Күлдірген" (1962), "Сылдырмақ" (1963), "Менің бөпем" (1964), "Жүз бір жұмбақ" (1964, жүмбақтар), "Бақ-бақ" (1965), "Жаңғырық" (1976, өлеңдер, тақпақтар, ертегілер, жаңылтпаштар), т.б. жыр жинақтары жарық көрген.[1][2]
Ә)Айтшы, әжетай өлеңінің мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айту.
Мамандықтарды әңгімелеу
Б) Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқу.
В) ТОППЕН ЖҰМЫС
Әр мамандық бойынша әңгімелеп, сурет салу
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Жақан Смақов «Айтшы, әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу.
«Кім болам?» шағын әңгіме жазу
Сабақтың тақырыбы: Апаның тілін алса егер...
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыру. Көркем шығармаға қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды ата – анасын сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайта түсу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер,аналар суреті
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жақан Смақов «Айтшы, әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу.
«Кім болам?» шағын әңгіме жазу
ІІІ. Жаңа сабақ Апаның тілін алса егер...
А)кестемен жұмыс
Туыстық атаулар
|
|
мамандығы
|
Атасы
Нағашысы
Жеңгесі
Ағасы
Жиен ағасы
Апасы
Жездесі
|
|
Тәрбиеші
Монтер
Жылқышы
Сауыншы
Құрылысшы
Егінші
Қойшы
|
Ә) СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ
1)әкенің шешесі? (әже)
2)әкенің әкесі кім? (ата)
3)ер баламен бірге туған жасы кіші қыз бала? (қарындас)
4)бірге туған өзіңнен жасы үлкен ер бала? (аға)
5)ұлдың баласы (немере)
ЖАҚАН
Б) ЖАҚАН СМАҚОВТЫҢ «Апаның тілін алса егер...»
Жақан Смақов
Отан “,
“Айтшы,
әжетай»
«“
өлеңдері
Жүз бір жұмбақ" ,
"Бақ-бақ",
“Жаңғырық"
т.б. кітәптары
жарық көрген
Ақын
Қарағанды
облысын-да
туған
Қолынан іс келмейді
Суға түспейді
Күші болмайды
Шынашақтай болады
Тамақ ішеді
Демалады
Суға түседі
Күші болады
Қолынан іс келеді
Жігіт болады
БА-ЛА
1-топАна-біздің күніміз
ана
2-топ
Кім?
Қандай?
Не істейді?
Төрт сөзден тұратын 1 сөйлем
мағыналас сөз
3-топ Өлеңді жатқа айт
Әдептілік дегенің-
Әрқашанда керегің .
Әсемпаздық дегенің-
Әуре, сарсаң, әлегің.
4-топ Мақалды жалғастыр
Әдепті бала-......
Әдепсіз бала-.....
Әдепті бала ата-анасын ......
Әдепсіз бала ата-анасын ........
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Ата, әжеме хат.
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтінді дұрыс түсініп оқуға,жүйелі сөйлеуге үйрету. 2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлау дағдыларын дамыту. 3. Достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
Балалар бір-біріміздің қолдарымызды ұстап , іштеріңнен бір-бірімізге сәттілік тілейік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Апаның тілін алса егер...» Ж.Смақовтың өлеңін мәнерлеп оқу. Өлеңнің мазмұнына сай, сурет салу. Ақынның ойын толықтыру . Апаның тілін алса егер… (осы ой бойынша оқушылар өз ойларын айтады)
ІІІ. Жаңа сабақ Ы.Алтынсарин. Ата, әжеме хат.(Сабақты Қазыбек бидің нақыл сөзімен қорыта келе,жаңа сабақты бастаймын) Құт берекең-атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың-әкең қымбат
-Балалар ,айналамыздағы туысқандарымыздың бәрі де ең қымбат адамдар.Сондықтан олардың айтқан ақылдарын тыңдап, оны орындау біздің міндеттеріміз.Ж.Смақовтың өленіңде апанмыздың айтқанын тыңдасақ қандай болады екенімізді білдік. Біздің айналамызда апамыздан басқа ақыл, өсиет айтанын тағы кімдер бар? (мысалы: ата, әже, әке, аға т.б) Осы туысқандарыңыз өздеріңізбен бірге тұрады ма? Барлық туысқандар бір жерде тұруы шарт емес. Кімнің ата-әжесі алыста тұрады? Олармен қалай байланыс жасап жүрсіңдер?
-Дұрыс. Қазір байланыстың түрі көп. (Мысалы:интернет,хат,телефон)
Ой толғау Аяғы жоқ жүреді, тілі жоқ сөйлейді (хат) (жұмбақты шешіп,мағынасын ашу) Бүгін біздер Ы.Алтынсариннің «Ата- әжеме хат» әңгімемесімен танысып, ата-әжемізге хат жазуды үйренеміз.
-Хатты қалай жазу керектігін әзірге білмейтін боларсыңдар. Кітаптағы хат жазу үлгісіне назар аударайық. (Кітаптағы хат үлгісімен жұмыс жасалады, хат туралы түсінік беріледі) 4. Мәтінмен жұмыс. Назардың атасына жазған хатын төрт бөлікке бөліп, әр бөліктің шегін ажыратып оқытамын. 1. Хаттың басталуы
2. Назардың оқуы.
3. Назарға айтқан атасының ақылы.
4. Хаттың аяқталуы. Өзің де хат жазып үйрен:Хаттың бөліктері Қажетті сөздер
Хаттың басталуы
Хаттың негізгі бөлімі
Оқуың жайлы
Достарың жайлы
Отбасың туралы т.б. Алыстағы досым, қамқор ағам Құрметті: ______
…
…
…
Амандықта бол, сау-саламат болыңыз…
5. «Жүрек жылуы» шеңбері
Оқушыларға кішкентай жүректер таратылып беріледі. Әр бала өздерінің жақсы көретін адамдарын түстер бойынша таңдайды да «Жүрек жылуы» шеңберіне жапсырады.
Ескерту: туысқандарыңның барлығын жақсы көрсең, барлық түсті де таңдауға болады.
Атасын жақсы көретіндер-көк
Әжесін жақсы көретіндер-қызыл
Анасын жақсы көретіндер-сары
Әкесін жақсы көретіндер-жасыл
Ағасын,апасын,інісін,қарындасын жақсы көретіндер-күлгін — Олай болса, «Біз бәрін де жақсы көреміз, Отбасымыз аман болсын!» деген тілек айтайық.
Сабақты бекіту.
1.Хаттың қалай басталып және қалай аяқталып тұрғаны туралы не айтуға болады?-Қамқор атам мен әжем!
-Қош болыңдар. Баталарыңызға үміткер балаңыз Назар. Сабақты төмендегі өлең шумағымен аяқтап, сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітемін.
Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең-өмір тірегің.
Әжең-асыл ардағың,
Атаң-дана қорғаның,
Ағаң-қамқор асқарың
Інің-мөлдір аспаның,
Қарындасың-қанатың
Ел Отаның-жаннатың
Сен бақытты ұлансың.
-Айналаңдағы туысқандарың аман болсын деп тілек айтамыз. Әрқашан туысқандарыңмен хабарласып тұруды естен шығармаңыздар!
Бағалау
Үйге тапсырма: хат жазу, мәтінді оқу.
Сабақтың тақырыбы: Б.Момышұлы. Ұшқан ұя.
Сабақтың мақсаты:
Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту; Тілін, сөздік қорын дамыту.
Мәтіннің тәрбиелік мәніне назар аударту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ тілі
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау.
Ата - әжеме хат.(мәтін)
1. Хатты жазып отырған кім?
2. Ол хат кімдерге арналған?
3. Хатты не үшін жазады?
Өткен тақырыпты халық даналығы арқылы жаңа сабақпен байланыстыру.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.
Оқушылар, берілген мақалды қалай түсінесің? Мәнін ашыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ Б.Момышұлы. Ұшқан ұя.
1) Нақыл сөздерді оқу.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2].
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
Өмірбаяны
Балалық шағы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.
Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.
1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сығындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.
Соғыс алдында
1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.
1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды.
1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.
1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.
1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.
1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.
1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.
1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс психология" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді.[3]
Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Москва үшін шайқас
Москва түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.
1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.
Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарады.
Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.
Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады.
19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады.
Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді.
1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады.
Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.
1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын.
Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.
2. Оқып, талдау.
Ұшқан ұя
- Мәтін не туралы?
- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:
Ел тану деген -...... - Сызбаны толтыр.
Жеті ата ----------------------------- Сенің жеті атаң
Ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене
Достарыңызбен бөлісу: |