Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет2/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қазақ әдебиетіндегі орны .Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

Ә) «Күн шыққанда» өлеңді мәнерлеп оқып мазмұнын әңгімелеп айту

*Сөздікпен жұмыс: МАСАЙРАП-рақаттанып

Кергіш-жіпті екі ағаштың арасына тартып байлау

Б)МАҚАЛ ҚҰРАСТЫРУ

Бұлақтың ...(суы) таусылмайды

Кітаптың ...(берер білімі) таусылмайды
В) «Ілияс ата» ағашын толықтыру

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ҮЙГЕ: Өлеңді мәнерлеп оқып, сурет салу
Сабақтың тықырыбы: Несіпбек Айтов. «Оқулық»

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтуға дағдыландыру



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психалогиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Күн шыққанда өлеңін өз сөздерімен әңгімелеу

ІҮ. Жаңа сабақ Несіпбек Айтов. «Оқулық»

А) автор туралы мәлімет

Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.1974—1984 жж. «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984—1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995—1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 — 2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар », « Рухымның падишасы », «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек»; балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок») «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә.Науан), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ. Родаридың, сондай-ақ М.Исаковский, A.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, B.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін тәржімалаған.«Бас сүйектері» (1976), «Жасвін-ның сынығы» (1977), «Найзағай» (1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын» альманахы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделерін, «Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. «Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы республикалық әдеби конкурстық жүлдесіне ие болса, «Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.«Көз жасым» (2006), «Бөрі тостаған» (2007), «Қүланойнақ» (2009) атты кітаптары және «Бөгенбай», «Бердіқожа», «Шақантай», «Қара-өткел қырғыны» т.б. поэмалары жарық көрген.Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.

Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС

Жұмбақты оқып, шешу. (қарындаш)

*Кітап туралы мақал-мәтел айту

**Оқулықтың аты:

Оқулық авторларының аты-жөні:

Қандай баспадан шыққан?

Редакторы кім?

Б) Несіпбек Айтов «Оқулық»

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айту


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Өлеңді жатқа айту

Сабақтың тықырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Кітап оқу»

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтуға дағдыландыру



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психалогиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Оқулық өлеңін жатқа айту

ІҮ. Жаңа сабақ Жүсіпбек Аймауытов «Кітап оқу»

А)автор туралы мәлімет

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.

Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 14-15-16-беттер

«Аласың білім кітаптан» деген сөзді кім айтқан?

Сызба бойынша әңгімелеу. «КІТАП ОҚУ» мәтінін мәнерлеп, түсіндіріп оқып, мазмұнын әңгімелеп айту.


*С/Ж

Роман-көлемді, күрделі шығарма.


ҚАНДАЙ? ....дала

Аспандағы бұлттар ҚАНДАЙ?

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: «Кітап оқу» мазмұнын айту

ҚОСЫМША: Әдебиеттік оқу хрестоматиясынан




  1. «Тарту»-13-бет

  2. «Оқығанның көзі ашық»-14-бет


Сабақтың тықырыбы: Сапарғали Бегалин. Зеректік.

Сабақтың мақсаты:

Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру. Оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу.

Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа баулу және этнографиялық білім беру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ .

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Шоқан Уәлихановтың портреті

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Кітап оқу әңгімесін өз сөздерімен әңгімелеп айту

ІҮ. Жаңа сабақ

А)автор туралы мәлімет

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895-1983)24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 — 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түріксіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935—1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.[2] Еңбегі

Алғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды. «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956), «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар, «Көксегеннің көргендері» (1948), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Сәтжан» (1947,1973,1978), «Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары, «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.

Аудармалары

Пушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.[3]

Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық

ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.

Жетістіктері

Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС: Зеректік мәтінді мәнерлеп оқып беріп мазмұнын әңгімелеп айту

*С/Ж Бажайлап-мән беріп


Б) Ш/ТАПСЫРМА

Шоқанды оқытқан кім?

Мәтіннен Шоқанның күнделігіне жазған сөзді тауып оқы

Мәтін қалай аталады? Бұл қасиет қай кейіпкерге қатысты айтылған?

**ЕГЕР СЕН АСҚАН БІЛІМДІ БОЛСАҢ, НЕ ІСТЕР ЕДІҢ?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Зеректік (оқу) Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет жазу

Сабақтың тықырыбы: Сапарғали Бегалин. Зеректік.

Сабақтың мақсаты:

Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру. Оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу.

Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа баулу және этнографиялық білім беру

Сабақтың түрі: «саяхат» сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Шоқан Уәлихановтың портреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Зеректік мәтінін өз сөздерімен әңгімелеп айту

ІҮ. Жаңа сабақ

А)Сызба бойынша автор туралы мәліметті еске түсіру



Ә) Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді.Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.

Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г.И.Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді.Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" – деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады.

Қызмет жолы Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады.




Б)МӘТІНГЕ ЖОСПАР ҚҰРУ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Мәтінді оқып әңгімелеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет