Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет16/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Сергіту сәті.

Қазақтай қайсар елім бар

Кең байтақ мынау даламда.

Қарттарым - асыл қазынам

Өсиет айтқан ғаламға.

Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: Іштей, дауыстап, тізбектей.



«Ең бастысы» ойыны

Мақсаты: Жылдам оқу дағдысы мен есте сақтау қабілетін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Шарты: Мәтінді жылдам әрі мұқият оқу. Осы мәтінді оқу материалын сипаттайтын бір сөзбен, содан соң сөйлеммен сипаттау, артынан оның «құпиясын», яғни онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табу.

3. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы. Ата тегіміз -Баппен -Араз -

4. Зертте.

1. Әңгіменің тақырыбы не?

2. Оқиға қайда өрбиді?

3. Мәтіннен табиғат құбылысын суреттеуді тауып оқыңдар.



«Еркін жауап» кезеңі. Кестені толтыр. Жазушының пікірі

Әкем маған ата тегіміздің аты - жөнін үйретуші еді.

Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Содан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.

Менің пікірім ----------------------------



Тұжырым кестесі.

Р/с Кейіпкерлер ---------------- Іс - әрекеті ----------- Адамгершілік қасиеті

1. Әкесі

2. Қонақтар

3. Бала Бауыржан

1. Қорыту. «Тест - интервью»

1 Ақсақалдар деген кім? ------------------------------- Қариялар, аталар.

2 Қымыз қай малдан алынады? ----------------------------- Жылқы малынан

3 Сәлемдесудің тағы қандай түрін білесіңдер? Амансыз ба? Мал - жан аман ба?

4 Әдепті бала -(қандай бала?) ------------------------------- Арлы бала

5 «Қызарақтап» деген сөздің мағынасын аш. ------------ Ұялу

6 «Баппен» деген сөзді қалай түсінесің? --------- Асықпай

Сабақты Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерімен аяқтау

1. Тексізден тезек артық

2. Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз



Бағалау:

Үйге тапсырма беру: Мәтінді мазмұндау. «Біздің үйдің салт - дәстүрлері» тақырыбында шағын мәтін жазу.
Сабақтың тақырыбы: Ата-ананы құрметтеу туралы

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді оқу, талдау, негізгі ойды ашу. Оқушылардың ата - анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту. Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету.

Мейірімділікке, парасаттылыққа, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ұшқан ұя


Бауыржан Момышұлы

(Мәтінді сахналау арқылы көрсетеді)

Тапсырмалар беру.

1. Б. Момышұлы бала кезінде қандай болды?

2. Б. Момышұлы ержеткен кезінде қандай болды?

3. Б. Момышұлы кім? Ол жайында не білдіңдер?



Ой қорыту «Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер»

«Ол кім?» жұмбақтар шешу.

1. Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол көкеңнің, білер оны сұраған. Ол кім? (ата)

2. Ол - өте мейірімді, ақ шашты. Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Ол кім? (әже)

3. Бала, бала, бала деп, түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған.(ана)

4. Ол - асқар тау. Атаңның баласы. Қабағын шытса «байқа, балам» дегені.

Отбасын қорғаушы, асыраушы. Ол кім? (әке)

- Бұлардың барлығы нені құрайды? - Отбасын.

- Отбасындағы ұл - қыз кімді құрметтеу керек? - Ата - ананы.



ІІІ. Жаңа сабақ Ата-ананы құрметтеу туралы

4. Кабуснама деген не?

5. Қайқаус деген кім?

«Қабуснама» — парсы тілінде 1082 - 1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру - тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021 - 1022 жылдарда) дүниеге келедi.

Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып - терген ең қымбат асыл заттарым — саған арнап жазған осы үгiт - насихат кiтабым», - дейдi. Бұл кітапта адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ғұмырының ақырына дейін не істеу керектігі, яғни дұрыс өмір сүру жолы жазылған.

Кабустың немересі Қайқаус та өз заманында көп жағдайдан хабары бар зилы еді. Табиғаттану мен музыкаға құштар болған.

Бұл кітап иран тілінен түрік, ұйғыр, неміс, өзбек, француз, орыс, ағылшын, қазақ, татар тілдеріне аударылды. Өзбек тілінен қазақ тіліне аударған Тұрсынәлі Айнабеков.

Қабуснама – ертеде жазылған үгіт - насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі – Қайқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.

«Қабуснамадан» келтірілген үзіндіні тыңдайық.

(Мәтінді диктофоннан толығымен тыңдату)



Қайқаус

Ата – ананы құрметтеу туралы

Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл - ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата - ана ғой. Не үшін ата - анамды құрмет жасаймын деп ойыңа да алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.

Ей, перзентім, ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл - күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.

Сені жан - тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата - анаңды құрметте. Сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды.

Мазмұнын айту.

Электронды оқулықпен жұмыс. Мәтін желісін тыңдау. Оқулықтан жүргізіп отыру.

1.. Оқулықтан оқу.

2. Сөздік жұмысы

Перзент – бала

Парасат – сана, ақыл - ой

Қаяу – реніш

3. Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп, әр бөліктің шегін тауып оқу.(слайдтан)

1. Ата - ананы құрметтеу

2. Ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма

3. Сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды.


Ой қозғау.

Осы мәтіндегі айтылған ойларға сай келетін қандай шығармалармен таныстық?

Сен ата - анаңды қалай құрметтейсің?

Оқушы ой - толғаныстары. Дәптермен жұмыс



Шығармашылық тапсырма.

Мақал айту. Ата - ана, бала туралы

Сәйкестендіру тест

Анаға қарап қыз өсер ------------------ Алдыңа сол келер

Ата – бәйтерек --------------------------- Әкеге қарап ұл өсер

Атаңа не істесең ------------------------- Бала - жапырақ


Ата - анаңды неге теңейсің? (Теңеу сөздер жазу)

Аяулы анам ….

Қадірлі әкем…..

Әлпештеген әжем ….

Еркелеткен атам ….

Қорытындылау


  1. Үйге: Мәтінді оқу. «Менің отбасым» шығарма

  2. Бағалау



Сабақтың тақырыбы: Ф.Оңғарсынова. Жылу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын түсіндіру, үйрету. Баланың анаға деген махаббатын суреттеу, анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.Анаға сый-құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

"Жылы лебіз"



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жазған шығармаларын оқыту "Ата-ананы құрметтеу"

ІІІ. Жаңа сабақ Ф.Оңғарсынова. Жылу.

Құт береке –атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат

Асқар тауың –әкең қымбат.

Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?

ЖЫЛУ

жақсы сөз, мейірім, жылы лебіз, аялы алақан.



Табиғаттағы барлық жылу –күннен

Өмірдегі барлық жылу –адамнан.

Ф. Оңғарсынова. "Жылу" өлеңі

Топтастыру стратегиясы. Ф. Оңғарсынова туралы мәлімет

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл)- қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған [1] Қызмет жолы

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

1966–1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.


1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.2000–2004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті.

Әдеби шығармашылығы

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Шығармалары

Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., «Жазушы», 1966;

Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;

Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;

Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;

Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975;

Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976;

Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;

Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978;

Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978;

Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979;

Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980;

Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980;

Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983;

Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984;

Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985;

Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984;

Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985;

Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987;

10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.

Марапаттары

«Құрмет белгісі» (1976)

«Парасат ордені» (1996)

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).

Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985).

Қазақстанның халық жазушысы (1991).

Қазақстанның халық ақыны.[3]

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.



Отбасы

Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын.

Анасы - Иманғалиева Қалима.

Ұлы - Оңғарсынов Әнуар (1966 ж туған ).

Немерелері - Анита (1987 жылы туған ), Алан (1996 жылы туған ), Әнел (1999 жылы туған ).

а) Өлеңді мәнерлеп оқу.

ә) Мазмұнын түсіндіру.

Өлең кім туралы айтылған?

1. Ана құшағы

2. Ана жанары

3. Ана сүті

4. Ана жылуы

б) Оқушыларға оқыту (іштей, дауыстап, тізбектей)

в) Сөздік жұмысы ӨҢ- Жалғанда - Ғұмыр -



Дәптерге жазу.

Тексеру

1. Ақын не үшін ананы күнге ұқсатады?

2. Ананың алақаны қандай ? "Менің анам"өз анаң туралы әңгімелеу

Суретпен жұмыс. Күн, Ана

Суреттегі байланысты анықтау

"Өлең ұйқастыру"стратегиясы

----------------------------------- сыйлаймын

----------------------------------- тыңдаймын

----------------------------------- аламын

------------------------------------ баламын



Ситуациялық жағдай.

1. (бәрін мойындап, кешірім сұрау)

2. (үстін қымтап жауып қою, шай дайындап қою)

Қорытындылау. Өлең неліктен "Жылу "деп аталған?

Күннің шуағы - жылы

Ананың құшағы –жылы

Ана бір қолымен бесік тербетеді, екінші қолымен дүниені тербетеді.

(суретін көрсету)

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді,

Ақтамасам боп жүрмін несіне адам

Үйге тапсырма

"Жылу"өлеңін жаттау




Сабақтың тақырыбы: Ф.Оңғарсынова. Әже.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ф. Оңғарсынова туралы толық мағлұмат бере отырып, “Әже” өлеңінің мағынасын ашу;• Әжелерге деген құрметін, сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге, өлеңді мәнерлеп оқуын дамыту;

Әженің еңбегін қадірлеуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Ф. Оңғарсынованың суреті, әженің суреті, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, топтық тапсырмалар, тест тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең: “Алақан жылуы”. (Бір - бірімізге алақан жылуымызды берейік)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

а) Жылу Ф. Оңғарсынова 3 - 4 оқушыдан жатқа сұрау.

ә) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бекіту;

б) Тест тапсырмасы (5 сұрақ), интерактивтік әдісі бойынша өзіндік бағалау жұмысы;

в) Ой қозғау.........

г) Топтастыру: “Фариза”



ІІІ. Жаңа сабақ Ф.Оңғарсынова. Әже.

1) Кіріспе; Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 5 - желтоқсанда Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлкеттік педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін сол облыстың Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

2) Оқулықпен жұмыс;

3) Мақалдың мағынасын ашу;

Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы – жылы.

Венн диаграммасы бойынша жұмыс.

Күн Ана


Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады.

4) Сөзжұмбақ шешу;

Батыр, алғыр баламыз,

оқып білім аламыз.

Сөзжұмбақтар шешеміз,

Жетілсін деп санамыз.

5) Оқулықтағы “Әже өлеңін” мәнерлеп оқып беру; /Балаларға іштей оқыту. Баларға тізбектей оқыту/

4. Сергіту сәті.

Күн сені сүйемін,

Саған бас иемін.

Жылу бер, шуақ бер.

Мейірім мен қуат бер.

5. Дәптермен жұмыс.

Ақын қолданған сөздерге назар аудару. Сызбаны толтыру.

Ақын қолданған көркем сөздер

Мағнасы


.........

......... Ренжіп, ашуланып

Мақтап, шаттанып
6. Шығармашылық жұмыс.

1 - топ. «Әже» тақырыбында эссе жазу.

2 - топ. «Әже» тақырыбында өлеңдер айту.

3 - топ. Мен ұйқтарда айтады

Ертегісін әндерін

(Ұйқастарын пайдаланып бір шумақ өлең құрастыру)

7. Деңгейлік тапсырмалар.

8. Топпен жұмыс. Атаң мен әжеңнің өз аттарын жинап бер.


Уақыт болып жатса, ситуациялық сұрақтар беремін, жауап аламын.

Сен мектепте тәртіпсіздік істедің, әжеңді мұғалім мектепке шақырды. Сенің әрекетің? (Бәрін мойындап кешірім сұрау)

9. Қорытындылау. Балалар кімнің өлеңін өттік? Өлең кім туралы айтылған? Кім әжесін жақсы көреді? Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды? Әже еңбегін қалай ақтар едің? Алақан жылуы.

«Ақ әжем» өлеңі.

10. Бағалау.

11. Үйге тапсырма беру: Ф. Оңғарсынованың «Әже» өлеңін жаттау.



Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала.

Сабақтың мақсаты:

Шығарма арқылы ана мен бала бейнесіне талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.

Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейіл болуға және әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Өлеңді жатқа сұрау.

2. Деңгейлік тапсырмалар.

I - топ. Тест орындау – 5 балаға.

II - топ. Тыйым сөз – 4 балаға.

III - топ. Карточка – 4 балаға.



ІІІ. Жаңа сабақ Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала.

1. Оқулықпен жұмыс. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттықтыру. Мәнін түсіндіріп көрсету.2. Автор туралы қысқаны түсінік беріп кету.

1) ұстаз жазушы ағартушы

Ақын Ы. Алтынсарин аудармашы

Мектеп ашқан хрестоматия жазған

2) Ы. Алтынсарин атында көшелер, мектептер бар. Алматыда Ы. Алтынсарин атында Ғылым академиясы бар, медаль бар.

3. Анасын жырламаған адам жоқ. Енді оқушылар мына сұраққа жауап беріңдер

1) Ақ сүт беріп аялаған,

Менен бәрін аямаған.

Жанашырым саялаған,

Ол кім? – ( Аяулы анам)

Сендерді дүниеге әкелген кім?

2) Ана – біздің күніміз. Не айтасыңдар?

АНА


Ақылды сұлу, ардақты, құрметті, дос

3) Ана бізге жарық дүние сыйлады,

Ол түн ұйқысын төрт бөліп өсірді.

Барлық жақсыны бізге арнады,

Барлық жақсы сөздерді бізге айтады.

4. Мәтінді балаларға оқып беру, түсіндіру.

5. Сөздік жұмыс жүргізу.

Тентек - бұзақы

Сауап - жақсылық жасағанды

Уәде - ант, серт

Кемге - арзанға, азға

Кемтарлықпен - жоқшылықтан

Үнемді - үнемдеу

Сіңлі - сіңлісі (туыстықты білдіреді)

6. Сұрақ - жауап беру.

1 ) Әңгімеге кімдер қатысады?

2) Сіңлісінің сөзін тауып оқы.

3) Әңгімедегі кейіпкердің қайсысы ұнады?

4) Осы екеуінің ісі қамқорлыққа жата ма?

5) Қамқорлық сөзіне жуық, жақын сөздерді табайық.

Әлпештеу ҚАМҚОРЛЫҚ аяушылық

Көмектесу жаны ашу жақсылық

7. Пікірталас ойы? Оқушылардың ойы. Тақырыппен келісеміз бе?

8. Сергіту сәті: Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып - ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

9. Диалогты түсіндіру. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі диалог деп аталады.

10. Балаларға оқыту, диалогпен.

11. Шығармашылық жұмыс:

1) Ана деген сөзді естігенде есіңізге не түседі?

2) Ана туралы шығарма жаздыру.

12. Сабақты бекіту.

1. Мәтіннің қай түрі?

2. Авторы кім?

3. Кейіпкерлерін ата?

4. Диалог деген не?

5. Сөздік ( тентек)

6. Қорытынды ой.

13. Ғажайып қоржын.

1) Ана туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

2) Әдептілік туралы мақал - мәтелдер айту.

3) Ана туралы білетін тақпақтар болса...

4) Анаңа қандай тілек айтар едіңдер?

5) Қандай сыйлық сыйлар едің?

6) Анаңды суреттеп, мінездеме.

Қорытынды: Мадақтау, бағалау.

Үйге оқып келу.

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев. Қарттарды сүйем.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы - қарттар, олар – тірі шежіре, дана, ақылды екендігін ұғындыру; оқушылардың мәнерлеп оқуға деген ниет - ынтасын дамыту, тіл байлығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

қарттарды сүйе білуге, құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.



Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Таң шапағы арайлап,

Дала нұрға боянды.

Балалардың барлығы,

Ұйқысынан оянды.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала.

1) 3 оқушы дайындаған көріністі көрсету

2) Сұрақ жауап:

А) Әңгімедегі кейіпкерлерді ата

Ә) Әңгімеде саған қай кейіпкер көбірек ұнады? Неге?

Б) Үлкен қыздың орнында сен болсаң, не істер едің?

Ойланып жауап бер: - Балалар, біз қандай үлкен бөліммен танысып жатырмыз?

- «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым».

- Дұрыс айтасыңдар, енді осы тарау бойынша қандай тақырыптармен танысып едік, кімнің есінде бар?

1. Ата ақылы/Сырбай Мәуленов/

2. Атасы мен немересі /С. Көбеев/

3. Шал мен балалар /С. Көбеев/

4. Апаның тілін алса егер… /Ж. Смақов/

5. Ата - әжеме хат /Ы. Алтынсарин/

6. Айтшы, әжетай/Ж. Смақов/

7. Ұшқан ұя/Б. Момышұлы/ т. б.

« Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей осы өткен тақырыптарымыздың барлығы үлкенді сыйлау, үлкенді құрметтеуге арналған екен.

Үй жұмысын қорытындылау: 1. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамынын өзара сөйлесуі диалог деп аталады. 2. Көбірек жақсылық етуге шамаң келсін десең үнемді болу керек.

ІІІ. Жаңа сабақ М.Мақатаев. Қарттарды сүйем.

I. Ата, ана, бала туралы мақал - мәтелдер айту.



М.Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен бастау

Ақ қырау тұрған ақпанда

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың! Балалар, осы өлең шумақтары сендерге таныс па?

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты:Мұқағали Мақатаев атамыздың өмірімен және Мұқағали атамыздың қарттарды құрметтеу,қадірлеу жайында жазған « Қарттарды сүйем » өлеңімен танысамыз.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа - тұс келеді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлең жазған. Ол өлең боп өмір сүрді. Өлең боп өмірден өтті. Яғни, 1976 жылы қайтыс болды. Оның: «Қарттарды сүйем», «Мен таулықпын», «Барлығы да сендердікі» деген өлеңдері бар.

1931жыл 9-ақпан.Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылы

-Атасы-Мақатай, әжесі-Тиын -Әкесі-Сүлеймен, шешесі-Нағиман -Жан жары – Лашын

-Алғашқы өлеңдерін 10жасынан жаза бастаған -Қызы-Алмагүл, ұлдары-Айбар,Жұлдыз

-Кітаппен жұмыс

1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру

2.Өзбетімен жартылай дауыспен түсініп оқу/ Таныс емес сөздерді түртіп алу/

3.Сөздікпен жұмыс мұрагер- кемеңгер- дана- сиреп –

4.Дауыстап, мәнерлеп тізбектей оқыту 5.өлеңнің мазмұнын ашу, талдау -Балалар, осы өлең кімдер туралы екен?- Қарттар туралы.

Ой топтастыру « Қарт» сөзін естігенде көз алдарыңа кімді елестетесіңдер?Қарт сөзін басқа қандай сөздермен алмастыруға болада?

Сергіту минуты



Мына сұрақтарға жауап алу.

1) Өлеңнің авторы кім?

2) Ол туралы не білесің?

3) Мұрагер дегенді қалай түсінесің?

4) Өлеңге сүйеніп, қарт ұғымына мағынасы жуық сөздерді теріп жаз. Ол сөздерді «Күн шұғыласына» орналастыр.

Ой толғау: Осы өлең неге бөлімнің соңына берілген деп ойлайсың?

Тізбектеп оқыту.

Шығармашылық жұмыс. Осы тақырыпқа байланысты 1шумақ өлең шығару. Мен дайын өлең жолдарын беріп, оқушыларға соны аяқтауды ұсынамын.

Бұрынғы біздің…….. (бабалар)

Қасиетті………(даналар)

Бабалардан бата………(алған)

Қазіргі біздің………(аталар).

Ой толғау: Мұқағали Мақатаветың Фариза Оңғарсыноваға шығарған өлеңдерін оқушылар жатқа айту арқылы Фариза Оңғарсынованы еске алу сәтін өткізу.

Дәптермен жұмыс. Өлеңді көшіріп жазу

Топтастыру. Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаев жане М. Мақатев шығармашылығы туралы біз не білеміз.

Қарттар үйі туралы біздін көз қарасымыз (пікір сайыс) Оқушылар: Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды.

Жас ұрпақпыз талапты,

Жақсы оқимыз сабақты.



Қорытынды. – Балалар, бүгінгі сабақта біз не үйрендік?(Топтастыру) Бағалау.

Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге.

Қоңыраулатқан аспанды,

Найзағай шаншып өткенде.

Есіңе мені алғайсың

- деп артына мол мұра, өсиет қалдырған ақын өлеңімен сабағымызды аяқтаймын. Осындай әдемі өлеңдерімен ақын біздің есімізде мәнгі жатталып қалады. « Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған» деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали атамыз өлген жоқ. Ол бізбен мәңгі бірге, жырлары да мәңгі жасай береді. Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи, отыра талдаймыз.

Үйге тапсырма:

1. Өлеңді жаттау

2. Қарттар үйі туралы мәліметтер жинақтау

3. М. Мақатаев өмірі және шығармашылығы туралы мәліметтер жинақтау.



Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау,

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Әңгімелер мен өлеңдерді қайталап еске түсіру, ондағы негізгі ойды анықтап өз сөздерімен әңгімелеп айта білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Мұқағали Мақатаев «Қарттарды сүйем» жатқа айту.



ІІІ. Бекіту сабағы Бөлімді қайталау,

А)КІТАППЕН ЖҰМЫС:

Бөлім: «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым»

Сырбай Мәуленов «Ата ақылы»

Спандияр Көбеев «Атасы мен немересі»

Спандияр Көбеев «Шал мен балалар»

МЫСЫҚ ПЕН ТЫШҚАНДАР

Жақан Смақов «Айтшы, әжетай»

Жақан Смақов «Апаның тілін алса егер...»

Ыбырай Алтынсарин «Ата-әжеме хат»

Бауыржан №момышұлы «Ұшқан ұя»

Қайқаус «Ата-ананы құрметтеу туралы»

Фариза Оңғарсынова «Жылу»

Фариза Оңғарсынова «Әже»

Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»

Ыбырай Алтынсарин «Шеше мен бала»

Мұқағали Мақатаев «Қарттарды сүйем»

Ә) ТОППЕН ЖҰМЫС:

І-топ

Сырбай Мәуленов «Ата ақылы»



Спандияр Көбеев «Атасы мен немересі»

Спандияр Көбеев «Шал мен балалар»

МЫСЫҚ ПЕН ТЫШҚАНДАР

Жақан Смақов «Айтшы, әжетай»

ІІ-топ

Жақан Смақов «Апаның тілін алса егер...»



Ыбырай Алтынсарин «Ата-әжеме хат»

Бауыржан №момышұлы «Ұшқан ұя»

Қайқаус «Ата-ананы құрметтеу туралы»
ІІІ-топ

Фариза Оңғарсынова «Жылу»

Фариза Оңғарсынова «Әже»

Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»

Ыбырай Алтынсарин «Шеше мен бала»

Б) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА:

Жақан Смақов «Апаның тілін алса егер...»

Фариза Оңғарсынова «Жылу»

Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау




Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау, тест.

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Әңгімелер мен өлеңдерді қайталап еске түсіру, ондағы негізгі ойды анықтап өз сөздерімен әңгімелеп айта білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткенді қайталау



ІІІ. Бекіту сабағы Бөлімді қайталау, тест.

А)Отбасы ағашын жасау және оны толықтыру

Ә)Тест

1) «Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де», - деп айтқан кім?

А)Спандияр Көбеев

Ә)Сырбай Мәуленов

Б) Жақан Смақов

В)Ыбырай Алтынсарин

2. Оқиғасы «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген нақыл сөзге құрылған шығарманы ата.

А) С.Көбеев Атасы мен немересі

Ә) Ы.Алтынсарин Шеше мен бала

Б) Б.Момышұлы Ұшқан ұя

В) М.Мақатаев Қарттарды сүйем

3. Әжетайым деген сөз қай мәтінде кездеседі?

А) Б.Момышұлы Ұшқан ұя

Ә) Ф.Оңғарсынова Жылу

Б) Ф.Оңғарсынова Әже

В)Ыбырай Алтынсарин

4. Аталарым деген сөз қай мәтінде кездеседі?

А) Б.Момышұлы Ұшқан ұя

Ә) Ф.Оңғарсынова Жылу

Б) Ф.Оңғарсынова Әже

В) М.Мақатаев Қарттарды сүйем

5. Айдай анам деген сөз қай мәтінде келтірілген?

А) Ф.Оңғарсынова Әже

Ә) Ы.Алтынсарин Шеше мен бала

Б) Б.Момышұлы Ұшқан ұя

В) Ф.Оңғарсынова Жылу

6. Жеті атаңды білу қажеттілігі қай шығармада айтылған?

А) Ф.Оңғарсынова Жылу

Ә) Б.Момышұлы Ұшқан ұя

Б) С.Көбеев Атасы мен немересі

В) С.Көбеев Шал мен балалар

7. «Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған» деген жолдардың авторы кім?

А) Жақан Смақов

Ә) Спандияр Көбеев

Б)Ыбырай Алтынсарин

В)Фариза Оңғарсынова

8. Әлди бөпем деген сөздері бар жыр қалай аталады?

А) Батырлар жыры

Ә) Төрт түлік жырлары

Б) Наурыз жыры

В)Бесік жыры

9. Ер адамға қатысты қариялар, қарттар сөздерінің мағыналас қатарын толықтыр:

А) Аталар

Ә) Әжелер

Б) аналар

В) Апалар

10. «Үлгілі бала» деген кітабы бар балалар жазушысы кім?

А)Ыбырай Алтынсарин

Ә)Жақан Смақов

Б)Спандияр Көбеев

В) Бауыржан Момышұлы
Б) ТОППЕН ЖҰМЫС:

І-топ Фариза Оңғарсынова «Жылу»

ІІ-топ Мысық пен тышқандар

ІІІ-топ Спандияр Көбеев «Атасы мен немересі»


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Салақтық.

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннің мазмұнын меңгерту,көркем шығармаларды оқуға қызығушы-лығын ояту. Оқушылардың сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту, Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, тазалықты сүюге баулу

Ыбырай Алтынсариннің “Салақтық” атты әңгімесімен таныстыру

Мәтіннің мазмұнын меңгерту, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту өзіндік ой-пікірін айта білуге дағдыландыру.Оқушылардыұқыптылыққа еңбекқорлыққа,

тазалықты сүюге баулу

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ Ы.Алтынсарин. Салақтық.

топқа бөлу, ойлау, ой шақыру, пікірлесу, болжау. Топтастыру, сергіту сәті, кері байланыс.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Сөзжұмбақ шешу, Мақал-мәтел жарысы

2-тапсырма: Ортақ тақырып

3- тапсырма: Пікірлер ағашы

4-тапсырма: Мәтінмен жұмыс.

5-тапсырма: Сиқырлы сұрақтар.

6-тапсырма: Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мәтінді оқып келу, сұрақтарға дайындалу

«Үш сөзді таңда»

Топтық жұмыс

«Миды ойландыру»

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды жағдай орнату.

Адам қасиеттері жазылған қағаздарды топтарға бөліп беріп, сол туралы әңгімелету

Салақтық. Өз беттерімен 1-2 мин жұмыс жасату.

Оқушылар топқа бөлініп, бір-біріне жағымды жағдай орнатады…

Әр топ адам қасиеттері бойынша топта талқылап, ортада қорғайды.

Жағымсыз қасиеттер туралы ассосация жасап, талқылап, қорытынды жасайды.

Сөзжұмбақ шешу

Пікірлер ағашы

Мәтінмен жұмыс

Сиқырлы сұрақтар

Ой толғаныс

Сергіту сәті

Осы мақал-мітелдерге қандай ортақ тақырып беруге болады?

А) Туған жер, Отан туралы

Ә) Еңбек туралы

Б) Жақсы, жаман істер туралы

В) Ерлік, Батырлық туралы

Автор туралы ой

Мәтінді топта оқыту жұмысын жүргізу.

”Болжау” стратегиясын пайдаланып, мәтінді

үш бөлікке бөлейік.

Сұрақтар қоямын. Мәтін соңында берілген сұрақтарды талқылату.

1).а.”Автордың орындығы” стратегиясы.

2).Түйін;-Осы әңгімені қандай мақалмен қорытындылауға болады?

3 «Көңілді күн» би қимылдары

Оқушылар сабақтың мақсаты мен қандай табысқа жететінін анықтап алады.

Мақалдарды аяқтап шешу қажет.

Оқушылар топтасып ақылдасып жауабын табады.

Автор туралы мағлұмат береді.

3-топта оқып талқылайды.

Сұрақтарға мәтіннен түсінгендері бойынша жауап беріп өз пікірлерін дәлелдейді.

Орындыққа “автор” отырып автордың рөлін сомдайды.

4.Қорытындылау

Ой-қиял



Топпен жұмыс

Топтық тапсырма беру ”Топтастыру”стратегиясы бойынша салақтыққа қандай қылықтарды жатқызуға болады

Топтастыру арқылы орындайды

Рефлексия/ бағалау

«Үш сөзді таңда» әдісін қолдану.

Он екі сөздің ішінен үш сөзді таңдай отырып, бүгінгі сабақ бойынша өз-өзін бағалайды.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқып, сұрақтар мен тапсырмаларды орындап келу.



Сабақтың тақырыбы: О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

Сабақтың мақсаты:

Оспанхан Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстыру, ертегінің мазмұнын ашу,сүт тағамдарымен тереңірек таныстыру. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру. Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу,төрт түлікті құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, О.Әубәкіров суреті,әр бөлімге байланысты суреттер, «Сөз құрап жаз» кестесі,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ы. Алтынсариннің «Салақтық» деген әңгімесін тізбектеле оқу

«Көкпар» тарту ойыны. Ойынның шарты: Бұрынғы заманда көкпар ойнаған жігіттер өздерінің күшімен сыналса, бүгінгі біздің көкпарымыздың шарты бойынша біз біліміміз арқылы күш сынасамыз., Яғни көкпардың (серкенің ) мүйізіндегі іліуді тұрған сұрақтарға жауап берген адам көкпарды алып кетеді.

Сұрақтар оқу:

- Ы. Алтынсарин кім?

- Оның қазақ балаларын оқуға шақырған өлеңінен үзінді айт.

- Биыл 2 - сыныпта қандай әңгімелерін оқыдық?

- «Салақтық» сөзіне қарсы мағыналы сөзді ата

- Тазалық жайлы нақыл сөздер айт.

- Нелер у болуы мүмкін? (дәрілер, түрлі сұйықтықтар)



ІІІ. Жаңа сабақ О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

Оқушылардың қызығушылығын ояту.

- Бүгін Оспанхан Әубәкіровтің «Сүт қалай ұйықтады?» деген ертегі - өлеңімен оқып, танысамыз.

Шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.

1) Автор жайлы мәліметпен танысу.

Жазушы - ақын Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы, мамыр айының 4 - ші жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үшбұлақ ауылында туған.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. 1958 - 1976 жылдары қазақ филармониясында «АРА - Шмель» журналында қызмет істейді. Сатиралық жанрмен бірге балаларға арналған өлең, жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлар әндеріне мәтін жазумен, аудармалармен айналысқан.

«Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Күлкіңіз келе ме?», «Өзіміз білеміз» атты сықақ әңгімелері мен жинақтары жарық көрген.

1980 - жылы балаларға арналған қазақ - қалпақ сатиралық жинағы үшін Қазақстанның

Жазушылар одағының сыйлығы берілген.

7. Сергіту минуты.

8. Оқулықпен жұмыс.

а) Сөзжұмбақ «Ұйқышыл» Көлденеңінен:

1. Сүт қандай? (сұйық )

2. Сүтті пісіріп, ашытқы қ осып әдейі ашытып жасалатын тағам (айран)

3. Тұз қосып кептірілген, сүттен жасалған тағам. (құрт)

4. Сиыр туғандағы алғашқы сүт (уыз)

5. Сүтке сары су қосып, ұзақ уақыт қайнатып жасалған

жұмсақ, сарғыш тағам (ірімшік)

6. Айранды сүзіп,............ жасайды. (қатық)

7. Сиырдың сүтін қандай ыдысқа сауып аламыз? (шелек)


Торкөздің ішінен "Ұйқышыл" деген сөзді оқуға болады.

б) Жаңылтпаш айту:

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

3) Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс «Сүт қалай ұйықтады?» өлең – ертегімен оқып танысу

2.Өлеңді нақышына келтіре оқып беремін.

3.Оқушыларға тізбектей оқытамын.

4.Тыйым сөз: Кісіге қарап есінеме.Есіней қалсаң,аузыңды қолыңмен қалқала. (Оқушыларға өздері білетін тыйым сөздер айтқызу.)

9. Ертегімен жұмыс.Тауып оқу.

1.Ертегіден ел-жұрттың сөзін тауып,әуеніне сай оқы.

2.Ертегідегі мақалды тауып оқы.

3.Әженің іс-әрекетін тауып оқы.

4.Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы.



Ой - толғаныс

1. Сұрақтар қою:

- Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?

- Ертегіде қандай нақыл сөз келтірілген?

- Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.

2. Мәтінмен жұмыс. а) іштей оқу, б) дауыстап тізбектеле оқу

3) Суретпен жұмыс:

- Суретке қарап ертегідегі сүттің іс - әрекетін қарасөзбен әңгімелеу

4) Дәптермен жұмыс. Топтастыру. а) Сүт тағамдары: айран, қатық, сүзбе, ірімшік, уыз, құрт.

ә) « Дұрыс сөз тіркесін тап» Дұрыс тіркесті тауып дәптерге жаз

балдай

тәтті


құрт

тұздалған

қышқыл

туралған


айран

кепкен


қара

ашыған


сүт

жайылған
б) Ұйқас сөз табу.

Мысалы:

Тоқты, -------------- Бота,



Тепті допты. ----- Үйренді нота.
Айран,

Қалдым қайран.

Осы сияқты айран, сүзбе, құрт, уыз сөздерімен ұйқас құрастыруды тапсыру..

4) Қарама – қайшы пікірлер

Ұйқының пайдасы

Ұйқы адамның күш - қайратын

қалпына келтіреді. Адам ұйықтағанда жұмысқа уақытылы бара алмайды.
Ұйқының зияны

Көп ұйықтаған адам енжар болады.

Ештеңе жасағысы келмейді. Сабаққа, тынығады. Ертеңінде сергек болып тұрады. Еріншек, жалқау болады.
Ертегіні бөлімдерге бөлу (3 бөлім)

Бөлімдерге ат қою. 1-бөлім: «Сүттің ұйықтап қалуы».

2-бөлім :«Сүттің тасуы».

3-бөлім :«Қалтаға құюы».

Бөлімдерге сәйкес суреттерді ілемін,өз сөздерімен ертегіні баяндатамын.

Өмірмен байланыстыра отырып, «Құрттың дайындалуы» туралы айтамын.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

- Оспанхан Әубәкіровтің ертегісінің негізгі ойы не? Автор балаларға қандай ой тастайды?

- Ертегі сендерге ұнады ма?

- Өздерің қалай ойлайсыңдар «ұйқы» адамға қажет пе?



Бағалау.

Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу
Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты

Сабақтың мақсаты:

Амандасу сөзінің мағынасын және түрлерін түсіндіру. Сәлемдесе білуге дағдыландыру. Балаларды адамгершілігі мол етіп тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Салақтық» өлеңін оқу, мазмұнына сай сурет салу



ІІІ. Жаңа сабақ Амандасу салты

А)КІТАППЕН ЖҰМЫС

Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіру.

Ә) амандасу деген не? Оның мәні қандай?

МӘТІНДІ ОҚУ, МАҒЫНАСЫН АШУ

Б)Сәлем сөзінің мәні қандай?

Сәлемдесу неліктен әдептіліккке жатады?

Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде? Амандасудың тағы қандай түрлері бар?

Қауышып амандасу түрін көрсету
В)ОЙЛАНЫП ЖАУАП БЕР!

Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді. Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі-өз құрбысы Жанар. Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты. Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.


ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеп айту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет