Онтүстік-Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы № 39 С . Айни атындағы жалпы орта мектебі Алимова Феруза Давроновна физика пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Идеал газ күйінің теңдеуі» тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерінің бекіп, меңгерген іскерліктерін графикалық, сандық, сапалық әртүрлі есептер шығару барысында пайдалана білу қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау. Пән бойынша білім – білік дағдысын қалыптастыру. Дамытушылығы: МКТ-ның негізгі теңдеуіне есеп шығаруда, есептің мазмұнын түсініп, талдап, керекті тәсілдері таңдауға жаттығу. Тәрбиелілігі: Топтық намыс, адамгершілік, ұйымшылдық, ауызбіршілік сақтай отырып, есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеру. Әдісі: интеграциялау, есеп шығару Типі: семинар, меңгеру сабағы Көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Есеп шығару 4. Сабақты қорытындылау 5. Үйге тапсырма беру І. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру. Оқушыларға үй тапсырмасын «Кубизм» әдісі арқылы еске түсіру, оқушыларға сұрақтар қою. Идеал газ моделін сипаттау
МКТ-ң негізгі теңдеуін қорыту.
МКТ-ның теңдеуі жазылуының 3 түрі.
Орташа кинетикалық энергиямен температура арасындағы байланыс