Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. - Оңтүстік Қазақстан облысы
- Қазығұрт ауданы
- П.тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Айтқұлова Нүргүл Өтегенқызы
- Сабақтың мақсаты: окушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру; ылғал сүйгіш, су өсімдіктері және қүрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер туралы әңгімелеу; логикальқ ойлауларын дамыту;
- Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын сұрау.
- Өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін қандай жағдай қажет?
Табиғат- адамның ежелден бергі тіршілік етіп, өмір сүріп келген ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі. “Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы”. - Оның мұқабасның тысы
- қызыл. Қызыл түс қауіп-
- қатердің белгісі сияқты.
- Бұл кітап өсімдіктер мен
- жануарлардың көптеген
- түрлернің жер бетінен
- жоғалып. құрып кету қаупі
- төнгенін ескереді.
Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. - Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан
- тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары
- жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейім.
Тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын өсімдіктер су өсімдіктері деп аталады. - Балықоты, балдыршөп —
- су бетінде қалқып немесе су
- ішінде өсетін көпжылдық
- шөптесін өсімдіктер.
- Қазақстанда 3 түрі: бүкір,
- үшқұлақты, кіші Балықоты
- Тобыл, Есіл өзені бойында,
- ағынсыз не ағыны аз, тұщы
- суларда өседі. Өте сирек
- гүлдейді.
- Болбыр – сукөріктер
- тұқымдасына жататын көп
- жылдық шөптесін өсімдік.
- Шығыс Қазақстанда Ертіс
- өзені мен Зайсан көлінде,
- ағысы баяу су бетінде қалқып
- деңгейіне дейін батып өседі.
- Болбырмен суда тіршілік
- ететін жәндіктер мен
- балықтар қоректенеді.
- Бұрандажапырақ суда
- өсетін көп жылдық
- өсімдіктер. Тропиктік,
- субтропиктік кейде
- қоңыржай аймақтардағы су
- айдындарында кездесетін
- 6 – 10 түрі анықталған.
- Қазақстанда Каспий, Арал
- теніздерінде, Түркістан
- өңіріндегі өзен-көлдерде,
- ащы, тұщы суларда өсетін
- Жауқияқ, сарықияқ
- сукөрік тұқымдасына
- жататын көп жылдық
- шөптесін өсімдіктер туысы.
- Қазақстанның көлдерінде,
- ағысы баяу су айдындарында
- кездесетін бір түрі – кәдімгі
- жауқияқ . Қысқа сабағы суға
- батып тұрады, тек гүлдеген
- кезде ғана, жапырағы мен
- гүлі су бетіне шығады
- Балдыр— төменгі
- сатыдағы су өсімдіктері.
- Теңіз, көл, өзендерде,
- ағынсыз да өседі.
- Су шылымы — суда
- өсетін іржылдық шөптесін
- өсімдік. Су астындағы
- жапырақтары ықшамдалған
- (кішірейген), жүзіп
- жүргендері жертаған
- жапыраққа жиналған,
- жапырақ сағағы үрленген қап
- тәрізді, жапырақ алақаны
- ромб тәрізді. Гүлдері
- жалғыз, су үстінде өседі. Су
- шылымы таралу аймағы мен
- саны азайып бара жатқан сирек
- кездесетін түр. Қазақстанның
- "Қызыл кітабына" енгізілген.
- Тұңғиық. өзі аттас тұқымдасқа жататын су өсімдіктері. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер - Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз,
- ыстық жерде өседі. Жантақ тамырының ұзындығы 15-20
- метрге жетеді.
- жантақ сексеуіл сүттіген
Сергіту сәті - Сергітудің енді сәтін бастайық
- Бір-екі-үш,алға қадам басайық
- Орнымыздан тұрып қолды созайық
- Шаршамайық,тағы бір іс жасайық.
- Бір-екі оңға,үш-төрт солға
- Сау болудың қамын біздер
- жасайық!!!
Табиғат туралы мақалдар - Жел дауылды шақырады,
- Бұлт жауынды шақырады.
- Қыстағы қар - жерге ырыс,
- Жердегі ылғал – елге ырыс.
- Таумен тасты су бұзар,
- Ел арасын қу бұзар.
- Ағаш тамырымен мықты,
- Адам дос-жарымен мықты.
Мақал-мәтелдер жасыру ойыны - Мақал-мәтелдер жасыру ойыны
- 1. Әр атаның өз ұлы бар,
- 2. Гүл өссе жердің көркі,
- 3. Гүл сабағымен қадірлі,
- 4. Дала көркі — гүл,
- 5. Үкісіз қыз болмас,
- 6. Гүлсіз жапырақ тұл,
- 7. Бір гүл толып ашылады,
- 8. Гүл қайда болса
- 9. Гүлсіз болса жер мұнды,
- 10. Қыз халықтың гүлі,
Жұмбақтар - Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
- Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
- Күніне талай жерге кетер кезіп,
- Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
- Таңмен көзін ашады,
- Әдемге нұр шашады.
- Қыста ғана болады,
- Ұстасан қолын тоңады.
- Тереземіздің әйнегін
- Жуады,
- Бірақ сүртпейді.
- Табиғат –біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған өсімдіктерді, құстарды , жануарларды қорғайық.
-
-
Сабақты қорытындылау - 1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.
- Олардың қандай ерекшеліктері бар?
- 2.Егер осы өсімдіктердің тіршілік еті ортасын
- ауыстыратын болса, ары қарай өсе ала ма?
- 3.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма. Жаңа тапсырманы оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |