Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты


I Электрондық оқулық арқылы «Ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен Ілияс Жансүгіровтің өмірімен таныстыру



бет2/2
Дата09.01.2020
өлшемі478,5 Kb.
#55572
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Ілияс Жанс гіровті мірі мен шы армашылы ы С


I Электрондық оқулық арқылы «Ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен Ілияс Жансүгіровтің өмірімен таныстыру. (Оқу, талдау, негізгі түйінін бөліп алу. Оқушылардан түсінгендерін сұрау )

Оқушыларға қосымша мәлімет беру

Жылдар

Болған оқиғалар

Шығармалары

1894 ж.

14 мамыр


Бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында) туған




1909 ж.

Петербургте шыққан Абайдың жинағы қолына түседі.




1928 ж.




«Сағанақ» тұңғыш кітабы жарық көреді

1929 ж.




«Күй» поэмасы

1930 ж.




«Дала» поэмасы

1934 ж.




«Күйші» поэмасы

1936 ж.




«Құлагер» поэмасы

1938 ж.

Қайтыс болды




ақын


домбырашы журналист

драматург жазушы әнші



II «Анам тілі» өлеңі

- Балалар,өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?



Электрондық оқулықта берілген «Анам тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу

Бағасы алтын анам тілі – қымбат

Бағаланған балаң түрі - есейген

Маңымды танығанмын – білдім

Тәттілік – қадірлілік



Апкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада

- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.

III Оқушыларға домбырада ойналған күйдің адамдарға қандай әсер қалдыратынын анықтатамын. Өте жақсы балалар, олай болса тақтаға назар аударсақ.

Электрондық оқулықта берілген «Домбыра» өлеңін ашып қоямын.

Домбыра жайында қысқаша айта кету. ( Оқушылар пікірін де біле кету абзал)



Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т.б.Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.

«Домбыра» өлеңін оқып, мазмұнын ұғындыру.Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай жалғастыру.Домбыра үні; 2.Әуез; 3.Қарқын; 4.Күй суреті.Осы жоспар бойынша талдау

IV Интерактивті тақтаға назар аударту.



Электрондық оқулық бойынша «Әдеби теориялық ұғымдар» модулінен градация туралы мәлімет беремін Градация, дамыту- алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды,алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.

Түйдектету Баяулату

«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.

(Оқушыларға тапқызып, талдату, салыстыру)

Домбыра, сенде мін бар ма? Тіл жоқ деуге бола ма?

Мінсіз болсаң тіл бар ма? Тілден анық үн барда.

Домбыраның күші мол Көмейінде күй барда? ( Түйдектеу бағытында жазылған )

Келді жақын сең қағысқан, Өлді арыстан

Үн шыққандай жолбарыстан Ат шапқандай

Тұншыққандай Жер қайысқан. ( Баяулату сарынымен жазылған )

Теңеу, эпитетті тапқызу

Теңеу: жолбарыстай, тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дабыстай,..

Эпитет: қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра.

V «Күйге» өлеңі. Қазақ халқының қандай күйлерін білесіңдер? Күйшілерді ата?

Өлеңді оқулықтан мәнерлеп оқыту.

Өлең жолдарындағы сөздердің мағыналарын тапқызу.

«Тәтті көрем» - сағынамын

«Жаным күйіп» - елжіреймін

«Өмірдің сыры» - құпия

«Жандырған күйік» - ыза



«Тамылжиық» - тыңдайық, рақаттанайық

Сабақты бекіту сұрақтары: Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?“Домбыра” және “Күй” өлеңдерінің тақырыбы не туралы деп ойлайсың? Градация дегеніміз не?

Үйге тапсырма:

  1. І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу

  2. “Домбыра”, “Күй” өлеңдерінің мазмұнын ашып оқу.

  3. І.Жансүгіровтың “Анам тілі” өлеңін жатқа оқу.

«№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ»



Ашық сабақ
Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Өткізген: Тұрғанбаева Б.Б

Ақтау 2014ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет