Турганбаева Баян Бегниязовна,
№7 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Маңғыстау облысы , Мұнайлы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдерінің мәнін ашып түсіндіру
2. Дамытушылық: Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Әдеби тероиялық білімдерін шыңдау.Өз ойларын, пікірлерін еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Адами қасиетті оқушы бойына дарыту
3. Тәрбиелік: Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерін оқыта отырып өз ана тілін бағалай білуге, қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғындыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: интерактивті тақтамен жұмыс, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу, сұрақ-жауап әдісі, ойландыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Ілияс Жансүгіровтің портреті, электрондық оқулық, интерактивті тақта, домбыра, жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет оқулығы
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу; ә) Кезекшілермен жұмыс;
б) Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру1) Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы жайында сұрақтар қою2) «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің мазмұнын сұрау
3. Жаңа сабақ: Балалар, Ілияс Жансүгіров жайында не білесіңдер?( Оқушылардың ойын тыңдау )Өте жақсы. Олай болса тақтаға назар аударайық
Достарыңызбен бөлісу: |