Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)



Дата06.07.2018
өлшемі42,5 Kb.
#48170

Сабақтың тақырыбы: «Қымыз»  Этнолингвистикалық атаулар  (7-сынып) 

Сабақтың мақсаты: 


а/ білімділік: Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы түсініктерін кеңейте отырып, ұлттық сусынымыз –«қымыз» туралы түсінік беру. Этнолингвистикалық атаулармен таныстыру. Ұлттық тағамдар тақырыбында диалог құрып сөйлесуге үйрету. 
ә/дамытушылық: Ауызекі сөйлеу әрекеттері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Лексикалық сөздік қорларын байыту. Тапсырмалар арқылы сауаттылықтарын арттыру.
б/тәрбиелік: Ұлттық тағамдардың пайдасын ұғындыра отырып, дәрумені мол, табиғи таза өнімдерді тұтынуға, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 


Әдісі: сұрақ-жауап, кластер сызбасы, түсіндіру, ойландыру, аударма. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, «Ұлттық тағамдар», «Қазақтың дастарқаны» атты энциклопедиялар. 

Сабақтың барысы: 


І.Ұйымдастыру бөлімі: 
а/ Сәлемдесу. 
ә/ Оқушыларды сабаққа бейімдеу. 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 
1. «Ұлттық тағамдар» тақырыбында диалог құрып сұхбаттасу. 
2. Ас, тамақ туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту. 

ІІІ. Жаңа сабақ 


“Қымыз” 
....Үйірілген сары алтындай сары қымыз, 
Ауруға –ем, сауға-қуат, дәрі қымыз. 
Елімнің кеңестік сүйген асы, 
Шығаршы, тағы нең бар кәрі қымыз.  (Ж.Жабаев) 

Сөздікпен жұмыс: 


Қымыз - кобылье молоко 
Саумал қымыз - только что заквашенный кумыс 
Түнемел қымыз - однодневный кумыс 
Тай қымыз - двухдневный кумыс 
Құнан қымыз - трехдневный кумыс 
Дөнен қымыз - четырехдневный кумыс 
Бесті қымыз - пятидневный кумыс 
Сүр қымыз - выдержанный кумыс 
Ашыту - заквасить 
Қор - закваска 
Түшкіру - чихать 
Ем - лечение 
Бағалы - ценный 

Мәтінмен жұмыс: 


Қымыз- қазақ халқының әрі тамақ, әрі дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең бағалы сусыны. Ол тек қана биенің сүтінен жасалады. Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады. Дөнен қымыз төрт тәулік бойы ашытылады. Саумал қымыз-жаңа ашыған қымыз. Қымыздың бұл түрлері қарттар мен балларға беріледі. Қазақ халқы бесті қымызды аса бағалаған, өйткені ол- әбден ашыған, иісі кісіні алыстан тартып, түшкіртіп жіберетін күшті қымыз. 
Қымызды ашыту- үлкен өнер. Жаңа сауылған биенің сүтін сабадағы қорға немесе ашытқаның үстіне құяды да, бір сағатқа жақын піседі.Қымызды неғұрлым көп пісірсе, соғұрлым жақсы болады. Қымыз-түрлі аурудың емі. 

Сұрақтарға жауап беріңдер: 


1.Қымыз дегеніміз не? 
2.Қымыздың қандай түрлері бар? 
3.Қымызды қалай жасайды? 

Кластер сызбасы:

тамақ дәрі ең бағалы сусын биенің сүтінен жасалады 

Қымыздың түрлері: саумал,түнемел,тай,құнан,дөнен,бесті,сүр; 

Тапсырмалармен жұмыс: 
1-тапсырма: Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар. 
1.Қымыз –қазақ халқының ... . 
2.Ол биенің сүтінен... . 
3.Қымыздың түрлері:.. . 
4.Бесті қымыз өте бағалы, өйткені... . 
5.Қымызды ашыту-... . 
2-тапсырма: Сөз тіркестерін дұрыс құрап, орыс тіліне аударыңдар. 
Қазақ халқы 
Бағалы сусын 
Ұлттық тағам 
Ауруға ем 
Қазақша ет 
Денсаулыққа пайдалы 
Соғым сою 
Үлкен өнер 
3-тапсырма: Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасы бойынша орыс тіліне аударыңдар. 
ІV.Қорытынды: 
Үйге тапсырма:  1. Мәтінді мазмұндау.  2. 6-тапсырма. 
Бағалау. 
-Сабақ аяқталды! 
-Сау болыңдар!




“Қымыз” 
....Үйірілген сары алтындай сары қымыз, 


Ауруға –ем, сауға-қуат, дәрі қымыз. 
Елімнің кеңестік сүйген асы, 
Шығаршы, тағы нең бар кәрі қымыз.  (Ж.Жабаев) 

Сөздікпен жұмыс: 


Қымыз - кобылье молоко 
Саумал қымыз - только что заквашенный кумыс 
Түнемел қымыз - однодневный кумыс 
Тай қымыз - двухдневный кумыс 
Құнан қымыз - трехдневный кумыс 
Дөнен қымыз - четырехдневный кумыс 
Бесті қымыз - пятидневный кумыс 
Сүр қымыз - выдержанный кумыс 
Ашыту - заквасить 
Қор - закваска 
Түшкіру - чихать 
Ем - лечение 
Бағалы - ценный 

Мәтінмен жұмыс: 


Қымыз- қазақ халқының әрі тамақ, әрі дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең бағалы сусыны. Ол тек қана биенің сүтінен жасалады. Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады. Дөнен қымыз төрт тәулік бойы ашытылады. Саумал қымыз-жаңа ашыған қымыз. Қымыздың бұл түрлері қарттар мен балларға беріледі. Қазақ халқы бесті қымызды аса бағалаған, өйткені ол- әбден ашыған, иісі кісіні алыстан тартып, түшкіртіп жіберетін күшті қымыз. 
Қымызды ашыту- үлкен өнер. Жаңа сауылған биенің сүтін сабадағы қорға немесе ашытқаның үстіне құяды да, бір сағатқа жақын піседі.Қымызды неғұрлым көп пісірсе, соғұрлым жақсы болады. Қымыз-түрлі аурудың емі. 

Сұрақтарға жауап беріңдер: 


1.Қымыз дегеніміз не? 
2.Қымыздың қандай түрлері бар? 
3.Қымызды қалай жасайды? 

Кластер сызбасы:


тамақ дәрі ең бағалы сусын биенің сүтінен жасалады 

Қымыздың түрлері: саумал, түнемел, тай, құнан, дөнен, бесті, сүр;



Тапсырмалармен жұмыс: 
1-тапсырма: Сөйлемдерді аяқтап жазыңдар. 
1.Қымыз –қазақ халқының ... . 
2.Ол биенің сүтінен... . 
3.Қымыздың түрлері:.. . 
4.Бесті қымыз өте бағалы, өйткені... . 
5.Қымызды ашыту-... . 
2-тапсырма: Сөз тіркестерін дұрыс құрап, орыс тіліне аударыңдар. 
Қазақ халқы 
Бағалы сусын 
Ұлттық тағам 
Ауруға ем 
Қазақша ет 
Денсаулыққа пайдалы 
Соғым сою 
Үлкен өнер 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет