Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі125,5 Kb.
#38438
түріСабақ
Информатика пәнінің алғырлары
Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Студенттердің ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ

Сабақтың типі: қалыптан тыс

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:

- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).


Cабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде студент өз орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Сайысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады.


Мұғалім:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті ұстаздар, студенттер және қонақтар!

Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.

Сайысымызға үш топ «Информатика пәнінің алғырлары» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз студенттердің жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 5 студенттен құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Әділ қазылар алқасының төрайымы:

-

Мүшелері:

1.

2.

3.
Сайыс шарты мен өтуі:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. «Таныстыру»

2. «Сұрақтар патшалығы»

3. «Кім тапқыр?»

4. «Ғажайып алаң»



5 «Сиқырлы ұяшық»
Енді сайысымызды бастайсыз.

1-кезең : «Таныстыру». Топ визиткасын қорғау. (топ аты, эмблемасы, таныстыруы, слайд)

2-кезең. «Сұрақтар патшалығы» Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 5 ұпай.




Сұрақтар

Жауаптар

1

1 байт неше биттен тұрады?

8

2

Ақпараттық процестер?

сақтау, алмасу, өңдеу

3

Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады.

ALT+F4

4

Компьютердің ең негізгі құрылғылары?

жүйелік блок, пернетақта, монитор

5

Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?

декодтау

6

Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі

Caps Lock

7

Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы

принтер

8

Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды

1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде

9

Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель

шина

10

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу

кодтау

11

Жыпылықтап тұратын тік сызықша

меңзер

12

Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс

сигнал

13

Windows-тің негізгі экраны

жұмыс үстелі

14

Алғашқы программист әйел

Ада Августа Лавлейс

15

Деректерді сақтауға арналған құрылғы

жады




Сұрақтар

Жауаптар

1

Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ

тапсырмалар тақтасы

2

Windows сөзінің қазақша аудармасы

терезе

3

Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ

терезе

4

Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер

таңбашалар

5

Жою пернесі

Delete

6

Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады

корзина

7

Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне

Delete

8

Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды

Ctrl+Z

9

Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

есептеу

10

Сурет салуға арналған бағдарлама

Paint

11

Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы

модем

12

Басу құрылғыларының түрлері

лазерлік, матрицалық, бүріккіш

13

Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы

монитор

14

Компьютер жанына қойылатын өсімдік

кактус

15

Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі

операциялық жүйе





Сұрақтар

Жауаптар

1

Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің қандай құрылғылары?

негізгі

2

Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

дисплей немесе монитор

3

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

информатика

4

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы

компьютер

5

Екілік жүйенің сандары

0,1

6

Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы

интернет

7

Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы

оперативті жады

8

Логарифм сызғышын ойлар тапқан оқымысты

Д.Робертсон

9

Алғашқы автоматты есептеуіш техниканың авторы

Чарлз Бэббидж

10

Компьютердің “миы”

процессор

11

Монитордың экранындағы түрлі түсті нүктелер

пиксель

12

пернесі басқаша қалай аталады?

енгізу пернесі

13

Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы

сканер

14

Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе

Windows

15

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі

интерфейс





Сұрақтар

Жауаптар

1

Винчестор дегеніміз не?

катқыл магнитті диск

2

Тышқаның ағылшынша аталуы



маус

3

Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы?

монитор

4

Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы

модем

5

Принтердің неше түрі бар?

3 түрі бар. лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш

6

Э Е М – нің неше буыны бар?

5 буыны бар

7

«Компьютердің атасы» деп кімді атаған?

Чарльз Бэббидж

8

WordPad қандай редактор?

мәтіндік

9

Компьютерде ақпарат өлшеу бірліктері

бит, байт

10

Өшірілген объектілерді сақтайтын қапшық?

корзина

11

Марк – 1 машинасын кім ойлап шығарды?

Говард Айкен

12

Мәтіндік редакторда Ж батырмасы

қалың қылып жазу

13

Өшіру пернелері

backspase, delete

14

Windows қандай жүйе?

операциялық жүйе

15

Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік

джойстик


3-кезең. «Кім тапқыр?» Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай.

1) Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың.

(«Еnter» батырмасы)



  1. Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты. Бұл қалай?

3) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Принтер)

4) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,-деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?

5) Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан

(Тасымалдаушы дискілер)

6) Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды.

Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?4


7) Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.

(монитор)

8) Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды


Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана “F”(эф) әрпінен басталады.

(функционалдық пернелер)



4-кезең. «Ғажайып алаң». Бұл кезеңде үш топ тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Өздеріңіз көріп тұрғандай сұрақтар төрт тақырып бойынша бөлінген. Бұл осы уақытқа дейін оқушыларымыздың танысқан тарауларының тақырыбы.


  1. Ақпарат, компьютер тақырыбы бойынша сұрақтар:



Сұрақтар

Жауаптар

1

Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан?

informatio

2

ЭЕМ-ның бірінші буыны қай уақытта шықты?

ХХ ғасырдың 50-жылдарында

3

Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі не деп аталады?

код

4

Бұл аса үлкен интегралды схема, ол компьютердің негізгі блогы, процессордың функциясын орындайды?

микропроцессор


2. Windows операциялық жүйесі бойынша сұрақтар:



Сұрақтар

Жауаптар

1

Компьютерлік алфавиттің барлық символдарына сәйкес реттік нөмірлері қойылған кесте?

Кодтау кестесі

2

Жеке бөліктерінің арасындағы байланыстар ретімен көруге болатындай ұйымдатырылған мәтін?

Гипермәтін

3

Бұл мәтін құжаттар құруға, оларды түзетуге, құжаттың мазмұнын экранға қарауға, оны басып шығуға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама?

Мәтіндік редактор

4

Озық Бағдарламалық және технакалық ұралдарды қолдана отрып ақпаратты жинаудың, таратудың және өңдеудің тәсілдері мен ережелерінің жалпы жиынтығы?

Ақпараттық технология


3. Мәтіндік редакторлармен жұмыс істеу



Сұрақтары

Жауаптары

1

Мәтіндік редакторда абзацті көрсетудің неше жолы бар


(оң , сол, орта)

2

Мәтіндік редактордың негізгі жұмыс істеу режимі

Мәтінді енгізу және түзету режимі

3

Мәтіндік редакторда Ж батырмасы


қалың қылып жазу

4

Ақпаратты қағазға жазып өзге жерге жіберуді не деп атайды?

хат


5 -кезең. «Сиқырлы ұяшық» Әр топ ұяшықтарды таңдайдыда, сұрақтарға жауап береді.

Сайысымыздың қорытындысы: Командаларды бағалау. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген топ марапатталады Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда мүшелеін құттықтаймыз!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет