ІІІ. Жаңа материалды бекіту
| -
Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияға қандай анықтама берген?
-
Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары дегеніміз не?
-
Интернет-технологиялар оқыту үдерісін қандай дидактикалық мүмкiндiктермен қамтамасыз етеді?
| -
Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияларды Интернет желісінде ақпараттарды алу, өңдеу, сақтау, жіберу және пайдалану қызметін қамтамасыз ететін автоматтандырылған орта ретінде қарастырады.
-
Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары деп оқыту мазмұнын талдауды, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі бастапқы шарттарды түсінеміз.
-
Интернет-технологиялар оқыту үдерісін мынадай дидактикалық мүмкiндiктермен қамтамасыз ете алады:
- Web-технологияларды, электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды тиімді пайдалануға бағыттау арқылы білім алушыны өзіндік ізденіс жұмыстарына бейімдейді, соның негізінде оның зерттеушілік дағдысын қалыптастырады;
- ақпараттық қоғам жағдайында білім алушыны нақты бір нәтижелі іс-әрекетке тарту арқылы оның тұлғалық сипаттарын дамытады;
-
Интернет-технологиялардың компоненттеріне мыналарды жатқызуға болады:
-
оқытатын компьютерлік интернет-бағдарламалар (интернеттегі электрондық оқулықтар, тренажерлік, тестілік жүйелер);
-
мультимедиа технологиясының базасында құрылған оқыту жүйелері;
-
интеллектуалдық және эксперттік жүйелер;
-
тармақталған желілік мәліметтер қоймасы;
-
электрондық пошта, телеконференция секілді телекоммуникация құралдары;
-
электрондық кітапханалар.
|