2. Жаңа материалды меңгеру.
Ойлау деңгейі: қолдану, талдау, жинақтау, бағалау;
Белсенді оқу әдісі: «Өз жартыңды тап»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамытады, ізденімпаздыққа баулу.
Жұмыс формасы: топтық
Дағдыларын дамыту: оқылым, жазылым, тындалым,айтылым;
Саралау: қарқын
Бағалауды ұйымдастыру формасы: топ топты бағалайды.
Тапсырма 2
1.Өзендегі кеменің сумен салыстырғандағы жылдамдығы 2 м/с, ал жағамен салыстырғандағы ағыстың жылдамдығы 1,5 м/с. Кеменің жағаға қатысты екі жағдайындағы жылдамдығы неге тең: кеме ағыс бойымен және оған қарам-қарсы қозғалғандағы?
2. Көтергіш кран жүкті вертикаль жоғары 20 м/мин жылдамдықпен арбаға салыстырмалы көтереді. Бірдей уақытта арба көлденең бойымен 10 м/мин жылдамдықпен жермен салыстырғанда қозғалады. Жүктің жерге салыстырмалы жылдамдық модулін анықтаңыз.
Қалыптастырушы бағалау
Критерий.
Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын деңгейлік есеп шығаруда қолданады.
Дескриптор:
Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың физикалық мағынасын түсіндіреді
Есептің берілгенін жазады;
Бірліктерді ХБЖ не келтіреді;
Формуланы түрлендіре отырып, жетіспей тұрған шамаларды табады.
Критерий
Галилейдің салыстырмалық принципін сипатта. Галилейдің байланыстырушы түрлендірулерінің шамаларын талда.
Дескриптор
Есептің берілгенін жазады;
Бірліктерді ХБЖ не келтіреді;
Формуланы түрлендіре отырып, жетіспей тұрған шамаларды табады.
1-10 балл бойынша бағалау
Кері байланыс:«ҚҚҚ»(ҚЫЗЫҚ, ҚҰНДЫ, ҚИЫН)
оқушыларға ҚҚҚ кестесін таратамын, қолданатын ұғымдар мен тірек сөздерді пайдаланып қызық болған жерін, құнды болғаннын және қиын болған жерлерін толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |