Сабақтың тақырыбы Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар. Галилейдің салыстырмалылық принципі



бет1/4
Дата19.09.2022
өлшемі165,5 Kb.
#149910
түріСабақ
  1   2   3   4

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: Шымкент қаласы, № 93 В.Терешкова атындағы ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Алдиярова Меруерт Тлеубергеновна

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар. Галилейдің салыстырмалылық принципі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.7.-инвариантты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату.
10.1.1.8.-жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

1.Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалардың арасында байланысты көрсету. Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану.
2. Галилейдің салыстырмалық принципін сипаттау. Галилейдің байланыстырушы түрлендірулерінің шамаларын талдау.

  1. 3. Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын деңгейлік есеп шығаруда қолдану.

Бағалау критерийі

1.Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалардың арасында байланысты көрсетеді. Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолданады.
2. Галилейдің салыстырмалық принципін сипаттайды. Галилейдің байланыстырушы түрлендірулерінің шамаларын талдай алады.
3. Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын деңгейлік есеп шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар



Терминология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

ускорение

Үдеу

acceleration

скорость

жылдамдық

speed

быстродействие

жылдам әрекет ету

velocity

перемещение

орын ауыстыру

displacement

расстояние

арақашықтық

distance

движение

қозғалыс

motion



Құндылықтарға баулу



«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы».
Кез келген күшке қарсы күш бар екендігін ескеріп қаншалықты еңбек етсе соншалықты жауап алатынын айта отырып, жалпыға бірдей еңбек қоғамында рөлін арттыра білу құндылығын игерту.

Пәнаралық байланыс

Информатика, геометрия, математика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

Сабақтың ортасы
25 мин



Ұйымдастыру(сәлемдесу, жағымды көңіл-күй сыйлау, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару)
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды топқа біріктіру. «Гүлмен тілек»
Оқушылар арнайы дайындап келген гүлді алақандарына салып тұрып бір-біріне тілек айтады және гүлдің астына жазылған физикалық шамалар бойынша топқа біріктіремін.
Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін, сыни тұрғыдан ойлауын, сөйлеу және ойлау дағдыларын арттыру
Ойлау деңгейі: білу және түсіну, қолдану;
Жұмыс формасы: жеке
Саралау: диалог және қолдау көрсету
Дағдыларын дамыту: оқылым, жазылым, тындалым, айтылым;
Бағалауды ұйымдастыру формасы: мұғалімнің бағалауы.


1.Тапсырма

Кестеде көлбеу жазықтықпен жүріп келе жатқан арбаның уақыт (t) мен орын ауыстыру ( ) мәндері көрсетілген:



Уақыт, с

0

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

Орын ауыстыру,

0

0,8

3

6,8

12

18,9

27

1) Орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызу;
2) Арбаның қозғалысын сипаттау, жауабыңызды түсіндіріңіз;
3) 0,2 с және 0,5 с уақыт аралығындағы жылдамдықты және үдеуді анықтаңыз.


Қалыптастырушы бағалау
Дескриптор:
1.орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады.
2. арба қозғалысының түрін анықтау..
3. берілген уақыт аралығында жылдамдықты анықтайды .
4. үдеуді есептейді .
1-10 балл бойынша бағалау
Жақсы Қанағаттанарлық Өте жақсы

Жаңа сабақты ашу. Мұғалімнің түсіндіруі.
«Салыстырмалы қозғалыс» ұғымын енгізу.
«Велосипед доңғалағындағы шыбын» мысалын қарастыра отырып, шыбынның қозғалысын әртүрлі жағдайда қарастыру.

Галилейдің салыстырмалылық принципінің орын ауыстыру үшін және жылдамдық үшін формулаларын енгізу.









1. Акпаратпен жұмыс
Ойлау деңгейі: қолдану, талдау, жинақтау, бағалау;
Белсенді оқу әдісі: «Автобус аялдамасы» әдісі.
Мақсаты: Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланыста болу, оқушының логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру
Жұмыс формасы: топтық
Дағдыларын дамыту: оқылым, жазылым, тындалым, айтылым;
Саралау: диалог және қолдау көрсету
Бағалауды ұйымдастыру формасы: топ топты бағалайды.


Тапсырма1:
1 топ - Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы.
2 топ - Инвариантты және салыстырмалы шамалар
3 топ - Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңы.
Қалыптастырушы бағалау:
1 Критерий:
Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалардың арасында байланысты көрсетеді. Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолданады.
Дескриптор:
- Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы туралы анықтайды
- Инвариантты салыстырмалы шамалар туралы тусіндіріді
- Салыстырмалы шамалар туралы тусіндіріді
- Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын формулаларды қолданып есептер шығара алады
1-10 балл бойынша бағалау


Кері байланыс:
Кері байланыс арқылы оқушылардан түсінбегенін мұғалім анықтайды
Серіктесіңізбен талқылаңыз:
3 үйренген жаңа нәрсе туралы;
Не оңай болды?
Не қиын болды?
Не толық білгіңіз келеді?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет