Сабақтың тақырыбы: Иран



бет1/4
Дата09.08.2017
өлшемі0,92 Mb.
#23053
түріСабақ
  1   2   3   4
Астана қаласы

48 мектеп –лицейінің



Тарих-география пәні мұғалімі

Бөстекова Гүлшат Жакеновна
Сабақтың тақырыбы: Иран

Сабақтың мақсаты: Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Иранның саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктерімен таныстыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақстан тарихы
Көрнекілік: бағалау кестесі, слайд.
Сабақтың барысы:



1

Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.

2

Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру.

Бірінші белгілеу.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.

Ауғанстан

1.XX ғасырдың басында Ауғаныстан қандай ел болды?

2.Ескі ауғандықстар деген кімдер ?

3.Жас ауғандықтар деген кімдер?

4. 3.05.1919ж- 3.07.19 жылдар аралығын қамтыған ағылшын-ауған соғысы немен аяқталды?

5.Кеңес-Ауған достық келісіміне қашан қол қойылды?

6.Аманолла хан реформалары қай жылдарды қамтыды ?

7.Заңдық кеңестін қанша мүшесі болды?

8.Ауғанстан Конституциясы қашан қабылданды?

9.Қарсыластары Аманолла ханды не деп кінәлады?

10.Бачайо-Сакао қандай атымен Ауғанстан әмірі болып жарияланды?

11.Аманолла қай жерде қайтыс болды?

12.Нәдір шах қашан Ауғанстан билеушісі болып сайланды?

13.Ширкеттер деген не ?

14.II дүниежүзілік соғыс кезінде Ауғанстан қандай саясат ұстанды?


3

Қабылдауды ұйымдастыру

Екінші белгілеу

Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Есте сақтауға уақыт нормативі 21 сөз- 2мин 30 секунд.

Тірек сөздер:жыңғылдықтар, қамқорлық, Серго Орджоникидзе, ақ гвардия, қызыл гвардия, Гильян,Энзел, Шах,1920 ж, Каджар, ұсақ , орта, кәсіп орын, мұнай, фашизм,Көшек хан ,Әзірбайжан,Түркістан,экономика.


4

Ұғынуды ұйымдастыру

Жаңа тақырып.Иран

Оқушылар оқулықтан бір парақты 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс.



5

Түсінудің алғашқы тексерілуі

Үшінші белгілеу Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Мәтін бойынша бір-біріне қарама – қарсы сұрақтар қояды.

1.1914 ж Түрік әскерлері қай жерге басып кірді?

2.Қай жылы орыс әскерлері түріктерге қарсы шабуылға шықты ?

3.Англия мен Иран арасында қай жылы құпия келісім жасалынды ?

4.1917ж Иранды қанша ел басып алды?

5.Иранда демократияны жақтаған тұлға?

6.Қызыл Армия Иранның Энзел портына не себепті келді?

7.Ресей өкілдері Көшек ханға не себепті көмек берді?

8.Иран комунистері мен Қызыл Армия бөлімдері қай жерлерде ұйымдастырылды?

9.Қандай оқиғаға байланысты Кеңес үкіметінің басшылары Рсейге қащты?

10.Реза Пехлеви хан қай елмен жақындасты?

11.КСРО Иранға не себепті нота жолдады?

12.Англия мен КСРО арасындағы шартқа қашан қол қойылды?

13.Қай тарихи тұлға тақтан бас тартты ?

14. Иранның жаңа басшысы болып кім тағайындалды?



6

Алғашқы бекітуді ұйымдастыру

Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

Сын тұрғысынан сұрау.

1.Иран бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында үштік одақты жақтады

2.1915 жылы орыс әскерлері түрік әскерлерінен ойсыра жеңілді

3. Германия Иранның солтүстігін иеленді

4.Ағылшындар Иранның батысын иеленді

5.Ресей Иранның солтүстігін иеленді

6. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Иран экономикасы тұрақты дамыды

7.Каспий теңізі флотилиясының басшысы Серго Орджоникидзе болды

8.1921 жылы 4 тамызда жарияланған Гилян Кеңес Республикасын Иран коммунистері мен Қызыл Армиясы ерлікпен қорғап қалды

9.Реза Пехлеви хан КСРО-мен жақындасты

10.Ұсақ және орта кәсіпорындарға қамқорлық жасалды

11.Ангия Иран қоймаларынан сатылған мұнайдың әр тоннасына пайда кірісін төлеп отырды

12.Германияның Таяу Шығыстағы саясаты Англия мен КСРО-ға ұнамады

13.КСРО басшыларының жолдаған ноталарына Иран үкіметі құлақ аспады

14.1943 жылы 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады


7

Талдау

Бесінші белгілеу.

Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.Оқытылатын тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды тексеру.



Тақырып бойынша эссе жазу.

Иран\

Оқытылған тақырып бойынша сөздік қорды тексеру (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. Шығарма түрінде жазуға рұқсат беріледі. Әр бір сөз сөйлем мүшесі болуы керек. Норматив бойынша 63 сөзден тұратын шығарманы 5 минут уақытта жазу керек.



8

Рефлексия

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.



9

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:

-4-5 белгі – 5ұпай.

-3 белгі- 4ұпай.

-2 белгі- 3ұпай.



-1 белгі- 2ұпай.

10

Үй тапсырмасы

4 белгіден кем жауап берген оқушылар үйге тапсырма алады.

Тапсырма. 183 беттегі сұрақтарға жазбаша жауап жазу. Тақырып бойынша 14 сұрақ – жауап құрастыру.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет