Сабақтың тақырыбы: «Қыс». Сабақтың мақсаттары: Білімділік



Дата06.07.2018
өлшемі73 Kb.
#47471
түріСабақ
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Сыныбы: 1 «Б»

Пәні: Дүниетану

Пән мұғалімі: Айдосова Л.Д.

Сабақтың тақырыбы: «Қыс».
Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсінік беру. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың өзгешіліктерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Пәнаралық байланыс: әліппе, математика, еңбекке баулу, бейнелеу өнері.
Болжамдап отырған нәтиже: өз ойын тұжырымдап қорытынды шығара

алатын, басқаларды тыңдай білетін, өзін-өзі бағалайтын тұлға қалыптасады.


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеу

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. «Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі»

2. Күз туралы тақпақ айтқызу.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Сұрақ-жауап.



ІV. Жаңа сабақ

1. Мұғалім сөзі.

2. Қыс туралы ұғым беру.

3. Қыс туралы тақпақтар.

4. Табиғатқа байланысты болжамдар.

5. Тыйым сөздер.

6. Сергіту сәті.

7. Қыс мезгіліне аппликация жасау.

8. Жұмбақтар әлемі.

9. Жаңылтпаш

10. Табиғатты бақылау.

11. Ребус шешу.



V. Жаңа сабақты бекіту

1. Венн диаграммасы



VІ. Үйге тапсырма

1.«Қыс» оқу.

2. Қыс мезгіліне сурет салу,

VІI. Оқушыларды бағалау
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесемін

2. Оқушыларды түгелдеймін

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын

4. Құтты болсын осы күн,

Сәтті болсын осы күн.

Сәлем бердік баршаға,

Шын жүректен сіздерге!


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. «Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі»

(4-5 оқушыдан түсінік сұрау)

2. Күз туралы тақпақ айтқызу.



ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Сұрақ-жауап.

1. Күзде қандай жұмыстар аяқталады?

2. Көкөністерден қандай тағамдар дайындалады?

3. Малға қандай күтім жасалады?
IV. Жаңа сабақ

1. Мұғалім сөзі:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

- Қыс мезгілінде.

- Тамаша! Олай болса, бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Қыс».

- Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қыс мезгілі немен ерекшеленеді?

2. Қыс туралы ұғым беру.

3. Қыс туралы тақпақтар.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, 

Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық, 

Басқан жері сықырлап, келіп қалды. 



Абай

Қысқы аязға қарамай,

Көгеріп тұр қарағай.

Сол секілді төзімді

Болсам деймін өзімде.

Т. Елеусізұлы


4. Табиғатқа байланысты болжамдар.

  • Қыс қарлы болса – жазы жаңбырлы болады.

  • Қыс аязды болса – жаз ыстық болады.

  • Мысық жылы жерді паналаса – аяз болады.

5. Тыйым сөздер.

  • Көктеп өсіп тұрған ағашты сындырма.

  • Құстың балапаны мен жұмыртқасына тиіспе.

  • Қоршаған ортаны ластама.

  • Ормандарды қорғаңдар

Ормандар жап-жасыл ормандар,

Орманды – отаушы болмаңдар!

Отан мен орман туы бір ұғым,

Орманды Отандай қорғаңдар!

- Ал, олай болатын болса, жақында қандай мерекелерді тойладық?

- 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні.

- 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

6. Сергіту сәті.

Аппақ дала, аппақ қала,

Аппақ, апппақ айнала.

Ақ қар аппақ, бор аппақ,

Ақ сүт, айран, қанта аппақ.

Аппақ, аппақ – бәрі аппақ,

Аппақ, аппақ айнала.

7. Қыс мезгіліне аппликация жасау.

1. Шыршаны құрастырғанда қандай фигуралар кездесті?

2. Шыршаның қысы-жазы түсі қандай болады?

- Осы өсімдіктер әлеміне арналған санамақ өлеңі бар.



Орманға бол қорған!

М. Қуанышбеков (Санамақ)

Бір дегенім - бүрген,

Безенеді гүлмен.

Екі дегенім - емен,

Жылда өзім егем.

Үш дегенім - үйеңкі,

Қапырықта көлеңке.

Төрт дегенім - тораңғы,

Елемейді боранды.

Бес дегенім - бәйтерек,

Саясыз болса, қайтер ек?!

Алты дегенім - арша,

Қурамайды талша.

Жеті дегенім - жыңғыл,

Қонақтамас бұлбұл.

Сегіз дегенім - сексеуіл,

Шөлге өседі, ексең бұл.

Тоғыз дегенім - тобылғы,

Қамшыма сап табылды.

Он дегенім - орман,

Орманға бол қорған!



8. Жұмбақтар әлемі.

1) Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

2) Бес ін,

Бес іннің аузы – бір ін. (қолғап)

9. Жаңылтпаш

Қыс қыспаса, қыс па?

Құс ұшпаса, құс па?

10. Табиғатты бақылау.

11. Ребус шешу.

# - ғай – торғай

* - ға - қарға



V. Жаңа сабақты бекіту

- Бүгін қандай тақырып өттік?

- Қыста ауа-райы қандай болады?

1. Венн диаграммасы



Күз Қыс



VІ. Үйге тапсырма

1.«Қыс» оқу.



2. Қыс мезгіліне сурет салу,
VІI. Оқушыларды бағалау




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет