Сабақтың тақырыбы Қыс Сілтеме



бет2/2
Дата20.07.2020
өлшемі39,73 Kb.
#63460
түріСабақ
1   2
Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, дүниетану, әдебиет.


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерін қандай? Сабаққа дайынсыңдар ма? Барлықтарына сәттілік тілеймін. Кезекшімен сұхбат.

-Бүгін кім кезекші?


Кезекші сұрақтарға жауап беріп, өз міндетін атқарады.

Өткенді қайталау

Ережелерді қайталау.

-Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Нені білдіреді? Зат есімнің қандай түрлері бар? Мысалы келтіріңдер.

Сөйлемдермен жұмыс

-Балалар, сөйлемдердегі зат есімдердің түрлерін анықтаңдар

Демалыс күні біз отбасымызбен Астана қаласына бардық.

Көктемде біздің көлге жылы жақтан аққулар оралады.

Адам махаббатсыз өмір сүрмейді.

Ережелерді еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.

Сөйлемдермен жұмыс жасайды.

Қызығушылықты ояту

Тақтадан видеоролик көрсетемін.

-Тақтаға назар аударыңдар.

-Қандай жыл мезгілі жайлы әңгімелесеміз?

-Ұлы ақын Абай қыс туралы былай жазған:

Ақ киімді, денелі, ак сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Баскан жері сыкырлап келіп қалды.

-Ал сендер қыс туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Оқушылар видеороликті көріп, сабақтың тақырыбын ашады. Қыс.
Даша үйде жаттаған өлеңді айтып береді.

Мағынаны тану

1.Топтық жұмыс

-Балалар, үш топқа бөлініп отырсыңдар. Қазір әр топ өз тапсырмасын орындайды.( таратып беремін)

1 топ-мәтінді оқу, кластер жасау, жұмысты қорғау

Қыс.

Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Олар: қыс, көктем, жаз,күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыс желтоқсан айынан басталады. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні осы айда болады. Бұл мезгілде жиі-жиі қар жауады, боран соғады. Жер ақ тонға оранып, қар астында қалады. Шыршалар ақ мамыққа оранады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Өзен, көлдердің бетіне тұрған мұз қалыңдайды. Көгілдір мұз айдындарында үлкендер де, балалар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Қыста Жаңа жылды қарсы аламыз.

2 топ-мәтіннің мазмұны бойынша сұхбат құрастыру

Қыс айлары.

Жер бетін ақ қар басады. Қыстың басы. Желтоқсан айында қар жауады, балалар қар лақтырып ойнайды. Бұл мезгілде күн суиды. Күн қысқарып, түн ұзарады. Қаңтар-жыл басы, қыстың дәл ортасы. Қаңтардың сақылдаған сары аязы күшті. Қаңтар айында әр отбасы Жаңа жыл мерекесін тойлайды. Ақпан-қаһарлы қыстың соңғы айы. Ақпан-ең ызғарлыкез, аяз қатты, бұл кезде сырғанақ, коньки, шаңғы, шана тебу қызықты.

3 топ-сурет бойынша мәтін құрастыру
Оқушыларды бақылап, бағыттап жүремін.

Үшінші топтан кейін қысқы олимпиада туралы әңгімелесеміз.
2.Ұжымдық жұмыс.

-Қазір Сочи қаласында не өтеді? Бұл олимпиада қалай аталады? (Ақ ойындар) Неліктен?

-Қандай қысқы спорт түрлерін білесіңдер?(Тақтадан спорт көріністерін көруге болады)

-Қазақстаннан қандай спортшылар олимпиадаға қатысады?

-Балалар, сендер спортпен шұғылданасыңдар ма? Қандай түрімен? Ал қысқы спорт түрімен кім шұғылданады?

-Полинаға болашақта олимпиада чемпионы бол деп тілейміз. Рақмет, орнына отыр.

-Биатлон, шаңғы, хоккей-оларды неге қысқы спорт түрлері деп атайды?
3. Жазбаша жұмыс.

-Көп нүктенің орнына керекті зат есімдерді қойып жазыңдар

Қыс-жылдың ең тамаша ... .

Жерді қалың ... жапты.

Қыста ... жауып, ... соғады.

Ағаш бұтақтары ... жамылған.

Шанасын сүйретіп ... далаға шықты
4. Жеке жұмыс

-Зат есім туралы білімдеріңді тексеру үшін тест сұрақтарына жауап бересіңдер.(таратамын) 1.Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.

а)қала ә)дәптер б)адам в)көше

2.Не? деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.

а)дәрігер ә)кітап б)мұғалім в)Болат

3. Зат есімнің септіктері

а) алты ә) жеті б) тоғыз в) үш

4. Жалқы зат есімді көрсетіңіз

а) Журнал ә) Тау б) Есіл в) Өзен

5. Жалпы зат есімді көрсетіңіз

а) Жомарт ә)Талғат б) Есіл в) Өмір

6.Жуан сөзді белгіле.

а)үлкен ә)әдемі б)жақсы в)кеше

7.Жекеше түрдегі сөз.

а)кітаптар ә) пәтерлер б) аққала в) көшелер

8.Зат есім заттың ... білдіреді

а)санын ә) түрін б) атын в)ретін

9.Көптік жалғаулы сөзді анықта

а)мектепке ә)мектептің б)мектептер в) мектептен

10. Зат есімнің сұрақтары.

а)не істейді? ә)қайда? б)кім?не? в) қандай?



Мәтін бойынша жұмыс жасайды.

Тақтаға шығып, жұмысын қорғайды.

Сұхбат құрастырады.

Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Сұрақтарға жауап береді.

Полина оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, шаңғы тебу туралы айтып береді. Фотоларын көрсетеді.

Жазбаша тапсырманы орындайды.


Тест сұрақтарына жауап береді.







Ой толғаныс

-Сабақта қандай жыл мезгілі туралы әңгімелестік? Қыс қандай жыл мезгілі? Қыс тақырыбына синквейн құрастырыңдар.

1 зат есім 2 сын есім 3 етістік Бір сөйлем (4 сөзден) Бір синоним

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қыс туралы өз ойларын жеткізеді.

Синквейн құрастырады.

Бағалау

Топ спикерлері топ мүшелеріне баға қояды.

Кері байланыс: тақтадаға суретті толықтырады.

Кері байланыс суретін толтықтырып шығады.







Үйге тапсырма

«Қыс-тамаша жыл мезгілі»-шығарма жазу


Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет