Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.3В Қысқаша көбейту формулалары
|
Мектеп: "Нағарашы орта мектебі" КММ
|
Күні: 12.02.2020ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:Кайраканова З.Б.
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қысқаша көбейту формулалары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;
7.1.2.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
-қысқаша көбейту формулаларын біледі;
-тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолданады;
-қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындайды.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
Барлығы : қысқаша көбейту формулаларын біледі;
Көпшілігі: тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады;
-Кейбіреуі: қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындай алады.
|
Тілдікмақсаттар
|
Оқушылар:
- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;
- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;
Бөлім бойынша лексика және терминология
- қысқаша көбейту формулары;
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;
- екі өрнектің қосындысының квадраты;
- екі өрнектің айырмасының квадраты;
- екі еселенген көбейтінді;
- үш еселенген көбейтінді;
- екі өрнектің қосындысының кубы;
- екі өрнектің айырмасының кубы;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы;
- екі өрнектің кубтарының айырмасы;
Пәндік мақсат
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;
- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;
- коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші;
- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;
|
Құндылықтардыдарыту
|
Белсендіқарым- қатынас, өзіндікшешімқабылдаудыүйренужәне оны дамыту, бір – бірініңпікірлері мен ерекшеліктерінқұрметтеу, қабылдау
|
Пәнаралық байланыстар
|
Геометрия
|
Бастапқы білім
|
Қысқаша көбейту формулалары
|
Сабақбарысы
|
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тексеру. №32.10:
-Үйге берілген тапсырманы кім оқып , талдап береді?
Мұғалім: Олай болса, біз бүгінгі сабақта қысқаша көбейту формуласын қолдануға есептер шығарамыз.
Мұғалім: Алдымен бүгінгі сабақтың мақсатын мынадай тапсырмалар арқылы шығарайық.
Тапсырма:
Есепте:
№1. ;
№2.
Оқушыларға осындай тапсырмалар бере отырып бүгінгі сабақтың мақсатын ашу.
|
|
Сабақтың ортасы
5 мин
|
«Ой қозғау»
Ауызша тапсырмалар
№1. Тұжырымды жалғастыр.
Екі өрнектің квадраттарының айырымы ... .
Екі өрнектің қосындысының квадраты ... .
Екі өрнектің айырымының квадраты ... .
Екі өрнектің қосындысының кубы ... .
Екі өрнектің айырымының кубы ... .
№2. Қысқаша көбейту формуласын пайдалана отырып, көбейткіштерге жікте:
№3. «Қатесін түзе!»
Бағалау: Жауап берген оқушыларды әр түрлі смайликтер мен фишкамен мадақтау. Кейбіреулерін ауызша мадақтау Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!
|
|
5 мин
|
Топтық жұмыс «Эстафета»
Оқушылар тақтада дескриптор бойынша орындайды. Сонда оқушылардың барлығы жұмыс жасайды.
1 нұсқа
Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте.
а мен 2 сандарының қосындысының квадратын жаз. a = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар.
Дескриптор:
1. Өрнекті жазады.
2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді.
3. Сандық мәнін орнына қояды.
4. Өрнектің мәнін есептейді.
5. Жауабын жазады.
2 нұсқа
Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте.
b мен 3 сандарының айырмасының квадратын жаз. b = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар.
Дескриптор:
1. Өрнекті жазады.
2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді.
3. Сандық мәнін орнына қояды.
4. Өрнектің мәнін есептейді.
5. Жауабын жазады.
Бағалау: Тапсырмалары бірдей топтар бір-бірін тексереді және «бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.
|
Қосымша 1
|
10 мин
|
Жұптық жұмыс
Жұпқа бірігу.
А деңгейі:
Тиімді тәсілмен есепте: а) 692; б) .
В деңгейі:
Өрнекті ықшамда:
С деңгейі:
Натурал n – нің кез келген мәнінде өрнегінің мәні 8 – ге бөлінетінін дәлелдеңдер.
Бағалау: «Карусель» әдісі арқылы қатар отырған жұптар бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді.
|
Қосымша 2
|
2 мин
|
Сергіту сәті
Ойлаған санды табу.
10 –ға дейін бір санды ойлаңыздар. Сол санды квадраттап осы санға екі еселеп ойлаған санды және бірді қосыңыздар. Шыққансандыайтыңыздар.
Мысалы, 8 ойлаған сан болсын. 64+16+1=81 √81=9-1=8.
|
|
8 мин
|
Жеке жұмыс
Тапсырма: №32.11, 32.12
Бағалау: Дайын жауап бойынша өзін-өзі бағалайды.
|
Оқулықпен жұмыс
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Үйге тапсырма:Қысқаша көбейту формулалары. №32. 13 №32.25
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия
«МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА»
Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.
Сабақ
|
Мен сабақта
|
Қорытынды
|
қызық
|
жұмыс істедім
|
1.материалды түсіндім
|
қызықсыз
|
демалдым
|
2.білетінімнен де көп білдім.
|
енжарлық
|
басқаларға көмектестім
|
3.түсінбедім
|
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бір –біріне түсіндіруі, топтық жұмыс арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтау
|
Шапалақтау, басбармақ, сабақ барысында қолдау,мадақтау
|
Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 мин асырмау;
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
1. Өрнекті жазады.
2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді.
3. Сандық мәнін орнына қояды.
4. Өрнектің мәнін есептейді.
5. Жауабын жазады.