Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан. Құндылық: Сүйіспеншілік



Дата28.06.2017
өлшемі94,07 Kb.
#20496
түріСабақ
Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Умирзакова.

Күні: 19.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, сүйіспеншілік, ізгілік,сыйластық, ешкімге қиянат жасамау.

Пән мұғалімі: К. Айжарикова

Сыныбы: 8 «а»

Оқушы саны: 17


Сабақтың мақсаты: «дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

- Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.

-Айнала қоршаған адамдарға тілеулес ізгі ниеттерін дамыту.

-Жауапкершілікке сезімталдыққа тәрбиелеу




Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер, күнсуреті, жүрекше.



Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу.

Сыныпты үш топқа бөлу.

«Өзін- өзі тану» сабағының ережесі «5-Т-ны» қайталау.



Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сіздің ойыңызды, сезіміңізді, тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

-Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар?

Үй тапсырмасын тексеру.

Ә.Ахметовтың «Дос жүрегі» атты өлеңді мәнерлеп оқу.

«Серпімді сұрақ» әдісі. Допты лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру

** Өлең неге «Дос жүрегі» деп аталған?

**«Абайла, бауырым, абайла» деп, автор неден сақтандырады?

** «Дос», «достық» дегенді қалай түсінесің?

** Сенің досың бар ма? Ол қандай?

**Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

**Достық жасқа байланысты ма?

** Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

**Досыңды неге теңередің?

**Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

.





Венн диаграммасы.

«Жақсы» мен «жаман» достың қасиеттерін жазып, ортақ белгісін табу.

Жақсы дос: Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, мінезі ашық.

Жаман дос: Арам, өз қамын ойлайтын, кекшіл, сөзге түсінбейтін, жалқау, тәкәппар, қатал, мейірімсіз, сараң, қызғаншық, мінезітұйық.

Ортақ белгі: достық, сыйластық





Дәйексөз

«Жақсымен ДОС болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен ДОС болсаң, қаларсың ұятқа».

Халық мақалы.







Мұғалімсыйы: М. Шаханов: «Достық өлкесінің заңы»

Алдымызда қанша сауал тосылды,

Өмір бізді ерте үйірді биіне.

Сәби кезім.

Бірге ойнайтын досымды,

Ертіп бардым нағашымның үйіне.

Сәбилік шақ!

Сүттей аппақ кезең бұл,

Аңғал, бейқам бал бұлақтай сыңғырлы.

Досым «киіп көремін» деп әжемнің

Аңдаусызда көзәйнегін сындырды.

Енді қайттік, амал – айла азайып,

Құтылуға өткел іздеп тарықтық.

Досым менің ұяң еді ғажайып,

Әжем өте қатал еді, жарықтық.

- Бала мұнша бола мА екен мазасыз,

Қане, қайсың көзәйнекті сындырған?

- деді әжеміз,- қалдырмаймын жазасыз,

Сындырған кім? Алдыма кеп тұр жылдам!

Енді қайттік, кім ұсынбақ көмегін?

Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:

«Мен сындырдым, кешіріңіз... мені...»

Дедім үнсіз төмен салып басымды.

Бір ерекше дүлей мінез тосып ек,

Шіркін, адам табиғаты - ай сан қырлы

Қанша ашулы болғанымен осы рет,

Әжем мені жазалаусыз қалдырды.

Лезде қайта көтеріліп еңсеміз,

Көңіліміздің айдынынан күн күлді.

Сол сәтте інім сыбыр етті:

«Сенбеңіз, көзәйнекті қонақ бала сындырды».

Әжем кенет ашу буып күйгелек,

Ашу буып аң – таң болып қалды да:

- Жүр бері,- деп құлағымнан сүйрелеп,

Ертіп барды нағашымның алдына.

«Қой, бәйбіше, дау тудырма бекерге,-

Деп нағашым әңгімесін жалғады,-

Айып па екен, өзін беріп қатерге,

Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.

Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта досын сатқан адамдар!».





Түйіндеме.

«Айнымас адал достар». Ұлы ақын-жазушылардың достығы

Қазақ ақыны Мұхтар Шаханов пен қырғыз ақыны Шыңғыс Айтматовтың достығы.

Қазақ ақыны Мұхтар Шаханов пен орыс жазушы ақыны Евгений Евтушенконың достығы.

Қазақ ақыны Сәбит Мұқанов пен өзбек жазушысы Мұса Айбектің достығы





Топпен ән айту.

Қ.Ыдырысовтың «Жан досым» әнін айту.







Шығармашылық жұмыс.

І топ: «Ақынша мен де жырлайын...» өлең шығару.

ІІ-топ: Достыққа байланысты сахналық көрініс көрсету.

ІІІ-топ: «Достық менің көзіммен» тақырыбына мәтін құрастыру.







Ассоциация «Дос деген кім?»

Сыр бөлісетін адам

Мені өте жақсы түсетін

Көмекке әрдайым дайын адам

Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам

Сенімді адам







Үйге тапсырма.

К.Паустовскийдің «Жеделхат» әңгімесінен үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беру.







Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. Олай болса балалар, ішкітыныштығызды жүрегімізде сақтап, достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, ешкімге қиянат жасамай, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.






Мұғалім сыйы: М. Шаханов: «Достық өлкесінің заңы»

Алдымызда қанша сауал тосылды,

Өмір бізді ерте үйірді биіне.

Сәби кезім.

Бірге ойнайтын досымды,

Ертіп бардым нағашымның үйіне.

Сәбилік шақ!

Сүттей аппақ кезең бұл,

Аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы.

Досым «киіп көремін» деп әжемнің

Аңдаусызда көзәйнегін сындырды.

Енді қайттік, амал - айла азайып,

Құтылуға өткел іздеп тарықтық.

Досым менің ұяң еді ғажайып,

Әжем өте қатал еді, жарықтық.

- Бала мұнша бола ма екен мазасыз,

Қане, қайсың көзәйнекті сындырған?

- деді әжеміз,- қалдырмаймын жазасыз,

Сындырған кім? Алдыма кеп тұр жылдам!

Енді қайттік, кім ұсынбақ көмегін?

Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:

«Мен сындырдым, кешіріңіз... мені дедім...»

Дедім үнсіз төмен салып басымды.

Бір ерекше дүлей мінез тосып ек,

Шіркін, адам табиғаты - ай сан қырлы

Қанша ашулы болғанымен осы рет,

Әжем мені жазалаусыз қалдырды.

Лезде қайта көтеріліп еңсеміз,

Көңіліміздің айдынынан күн күлді.

Сол сәтте інім сыбыр етті:

«Сенбеңіз, Көзәйнекті қонақ бала сындырды».

Әжем кенет ашу буып күйгелек,

Ашу буып аң - таң болып қалды да:

- Жүр бері,- деп құлағымнан сүйрелеп,

Ертіп барды нағашымның алдына.

«Қой, бәйбіше, дау тудырма бекерге,-

Деп нағашым әңгімесін жалғады,-

Айып па екен, өзін беріп қатерге,

Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.

Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта досын сатқан адамдар!».

Қаракөл орта мектебі



Тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан

ашық сабақ

Пән мұғалімі: К.Айжарикова
Сыныбы: 8 «а»

2015-2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0aa7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aa7 -> Сабақтың мақсаты: Қазақстан телеарналарындағы бағдарламалар туралы ақпарат беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет